Toyota түпнұсқа қосалқы бөлшектері: сапаны таңдаңыз

Қазіргі заманда адам айналасындағы техникалық күрделі құрылғылардың арасында автокөліктің орны ерекше. Ол бұл орынға лайық, өйткені автокөлік адамға қозғалыс еркіндігін сыйлайды, сапарларында қуантады, өмірін жақсарта түседі.

Ал біздің жоспарларымызды іске асыру және жолдағы қауіпсіздік автокөлікпен тығыз байланысты болған кезде, олардың ұзақ жарамдылығы мен сенімділігі — пайдалануға тұрақты әзірлігі — бірінші орынға шығады. Toyota-ның мінсіз беделінің көптеген компоненті бар — олардың ішінде дизайнның ойластырылуы, сапаны бақылаудың тамаша жүйесі және техникалық қызмет көрсетудің мұқият жасалған жоспары. Осы тұста түпнұсқа бөлшектер жоғары стандарттарға сәйкес келетінін айтып жатудың қажеті бар ма?

Түпнұсқа бөлшектердің көшірмеден басты айырмашылығы

Түпнұсқа қосалқы бөлшектер жасалып жатқан кезде өндіруші үшін оның дұрыс жұмыс істеуі және ұзақ қызмет ету мерзімі басты орында болады. Түпнұсқа емес қосалқы бөлшектерді жасау процесінде өндіріс шығындарын азайту басымдыққа айналатынын болжауға болады. Төмендегі суреттерді салыстырып көріңіз: сол жақта — Toyota-ның түпнұсқа ауа сүзгісі, оң жақта — көшірмесі.

Ауа сүзгісі

Машинаңыздың қозғалтқышы әр минут сайын мыңдаған литр ауаны қажет етеді. Ауа сүзгісінің міндеті — бөлшектердің тез тозуына әкеп соғатын шаң мен кірдің қозғалтқышқа енуіне жол бермеу. Бұл жағдайда сүзгі ауа ағынына айтарлықтай кедергі болмауы керек — әйтпесе қозғалтқыштың қуаты айтарлықтай азаяды, автокөліктің жылдамдық сипаты нашарлайды. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде шаң мен кір сүзгінің бетіне түсіп, оны бітеп, ауа ағынына қарсы кедергіні арттырады.

/

Ұзақ уақыт бойы жақсы сүзу қабілетін, ағынға барынша аз кедергіні және осы қасиеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ету қиын. Бұл күрделі инженерлік міндет, оны қымбат материалдарды пайдаланбай шешу мүмкін емес.

Toyota-ның түпнұсқа ауа сүзгісіне көпқабатты сүзгі элементі пайдаланылады. Сыртқы қабатының үлкен тесіктері бар және шаңның ең үлкен бөлшектерін сүзеді, ішкі қабаттар ұсақ шаңды сүзуге жауап береді. Ауа ағынына ең аз кедергіні қамтамасыз ету үшін мұндай элементтің ауданы мүмкіндігінше үлкен болуы керек. Сүзгі элементі гофрленген — осының арқасында ауа сүзгісінің ықшам корпусына сүзгі қағазының үлкен парағын орналастыруға болады.

Түпнұсқа емес сүзгілерде әдетте бір қабатты элементтер қолданылады. Бұл өндірісті арзандатуға және салыстырмалы түрде төмен бағаны ұсынуға мүмкіндік береді. Сыртқы қалыбынан мұндай сүзгі элементін көпқабатты элементтен ажырату қиын, бірақ сүзгі тезірек тозады — ол тез ауыстыруды қажет етеді. Кейбір өндірушілер өз өнімдерінің құнын төмендету үшін гофр сүзгі элементінің санын азайтады. Иә, сүзгі қағазының шығыны күрт төмендейді, бірақ сүзгінің өткізу қабілеті мен оның ресурсы түпнұсқамен салыстыруға келмейді.

Тежегіш қалыптары

Неліктен тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне және мінсіз жұмысына ерекше назар аудару керек? Жауабы айқын — қауіпсіздік. Түпнұсқа емес тежегіш қалыптарын орнату сапарларды автокөлік иесі үшін де, басқалар үшін де қауіпті етуі мүмкін.

Автокөлік өндірушісі тежегіш жүйесінің дамуына асқан жауапкершілікпен қарайды — тежегіш механизмдерінің дизайны және оларды өндіруде қолданылатын материалдар көбінесе әр Үлгі мен конфигурацияға ғана тән. Кейінгі жылдары автокөліктердің қуаты мен жылдамдығы, сондай-ақ тежегіш жүйесінің тиімділігіне қойылатын талаптар қатаңдай түсті.

/

Түпнұсқа емес қалыптардың өндірісі он және жиырма жыл бұрынғыдай болып қалып отыр. Мұндай өндірушінің заманауи технологиялары жоқ, халықаралық стандарттарды ұстанбайды, өз өнімдерін жүйелі түрде сынамайды. Ол тек түпнұсқа тежегіш қалыптарының өлшемдерін көшіре алады. Жалған өндіруші үйкеліс, ыстыққа төзімділік, тозуға төзімділік параметрлерімен таныс па? Бұл өз алдына бір мәселе.

/

Бір анығы — мұндай өндіруші сізге қауіпсіздік талаптарына жауап беретін сапалы өнімді ұсына алмайды. Тіпті түпнұсқа емес тежегіш қалыптарының өлшемдері автокөлік өндірушісі ұсынған өлшемдерден өзгеше. Мұның себебі тағы да қарапайым әрі түсінікті — жалған өндіруші «әртүрлі модельге арналған әмбебап қалыптарды» шығару арқылы өз өндірісінің құнын төмендетеді. Бұл жағдайда Toyota стандарттары туралы айтудың да қажеті жоқ.

Іс жүзінде мынадай жағдайға тап боламыз. Түпнұсқа емес тежегіш қалыптары тежеу кезінде артық дыбыстар мен иістер шығарады, тежеудің өзі біркелкі емес және тиімділігі аз болады. Тез қызып та кетеді, бұл проблемаларға әкеп соғады — әсіресе қиын жағдайларда, мысалы, таулы жерлерде жүргізу кезінде немесе жоғары жылдамдықта бірнеше рет күрт тежеу кезінде. Иә, олар арзанырақ, бірақ арзан материалдарды пайдалану қалыптардың да, тежегіш дискілердің де тез тозуына әкеп соғады.

Ілініс дискілері

Қолдан жасалған сапасы нашар ілініс дискілерін қолданғанда қозғалтқыш қуатын беру қабілеті төмендейді — себебі жылдамдық алу қиындай түседі. Мұндай дискілерді қолданудың мәні жоқ — олар қозғалтқыштың төмен жылдамдығында да бұзылады, ал жиі және күрт үдету кезінде көшірме ілініс дискілері одан да тез істен шығады. Іліністі жөндеу — көп уақытты қажет ететін және қымбат жұмыс, редукторды алып тастауды және қымбат қосалқы бөлшектерді сатып алуды қажет етеді. Жалған дискіні сатып алу шығындарын арттырады.

Жалған ілініс дискілері қауіпті — олар тез бұзылады. Егер сапасыз дизайнға байланысты ілініс дискісінің фрагменті сынып, қыспақ ілініс дискісі мен сермер арасында қалса, ілініс толығымен істен шығуы мүмкін, бұл көліктің тоқтауын қиындатады және жүргізуші мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді. Қарқынды пайдалану жағдайында сапасыз материалдар жануға әкеп соғуы мүмкін.

/
Отын сүзгілері

Жалған отын сүзгілеріне сапасыз сүзгі қағазы пайдаланылады, салдарынан отын нашар тазаланады — бұл карбюратордың немесе жоғары қысым отын насосының бітелуіне, қозғалтқыштан шығатын шудың зораюына және оның бұзылуына әкеп соғады. Түпнұсқа сүзгілер ластанудан сақтайды және ұзақ қызмет етеді.

/

Жалған отын сүзгілерін жасау кезінде Toyota компаниясының түпнұсқа сүзгілеріне сай келетін жоғары стандарттар сақталмайды. Балқытып біріктірген жерлер айналасында жанармай ағуы жиі байқалады, бұл автокөліктің өртенуіне әкеп соғуы мүмкін. Егер сүзгі корпусының ішкі жабынының бөлшектері қозғалтқышқа түссе, іштен жану қозғалтқышы бұзылуы мүмкін.

/
Май сүзгілері

• Түпнұсқа май сүзгілерін жасауда сүзгі бітеліп қалса да қозғалтқышқа май өткізетін орағытпа клапан қолданылады.
• Жоғары сапалы сүзгіш қағаз өте қалың әрі өлшемі үлкен, оның арқасында қоспадан тиімді тазалауға мүмкіндік болады.
• Нығыздағыш сақина сапалы әрі өте мығым материалдан жасалады — ағып кетуден сақтайды.
• Жасанды май сүзгілерінде орағытпа клапан болмайды — ластанған кезде сүзгі қозғалтқышға қажетті май өткізе алмайды, бұл қозғалтқыш қарысып қалуына және өте қымбат жөндеуге әкеп соғуы әбден мүмкін.
• Сапасыз сүзгі қағазы өте жұқа — беткі өлшемі де айтарлықтай шағын, ал оның салдарынан май сапасыз тазартылады.
• Нығыздағыш сақина қажет деңгейдегі берік материалдан жасалмайды, оны пайдалану мерзімі де аз ұзаққа бармайды, бұл майдың ағуына әкеп соғады. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға зиян келтіріп, өрт шығу қаупін арттырады және жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.

Қорытындылайық. Түпнұсқа май сүзгілері Toyota бірыңғай стандарттарына сай, олардың тиімділігі сынақтың түрлі жолымен талай мәрте тексеріледі — майдың ағып кету қаупі барынша жойылған. Сондықтан біз түпнұсқа емес май сүзгілерін сатып алудан бас тартуды ұсынамыз.

/
Оталдыру білтесі

Ол қозғалтқыштың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде — оңтайлы сипаттамаларға жетуде шешуші рөл атқарады. Жалған білтеге келсек, нормадан айтарлықтай ауытқулар байқалады: жылуды нашар өткізу, сапасыз оқшаулағыш және т.б. Бұл іштен жану қозғалтқышының тұрақсыз жұмысына әкеп соғады — әсіресе жұмыс істемей тұрған кезде байқалады — ал кейде толықтай тоқтап, автокөлік қозғалтқышы оталмай қалады.

/
Жетек белдіктері

Жалған белдіктер сапасыз материалдардан жасалады, сондықтан қозғалтқыштың баяу жылдамдығында да жарылып, істен шығуы мүмкін. Олар тез тозады, ал зақымдалған жетек белдігін пайдалану проблемалар туғызады — қозғалтқыштың қызып кетуіне және бұзылуына, төтенше жағдайларға әкеп соғады. Бұл жол үстінде қауіп тудырады және қымбат жөндеу жұмыстарына әкеп соғуы мүмкін. Қорытынды — Toyota-ның түпнұсқа жетек белдіктерін таңдаңыз.