Талаптар:
- 28 жастан 45 жасқа дейінгі ер адам.
- Жоғары экономикалық / қаржылық білім;
- Ағылшын тілін, оның ішінде іскерлік терминологияны өте жақсы білу;
- Шағын және орта бизнеске кредит беру саласындағы және/немесе кредиттік тәуекелді басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі - 3 жылдан 5 жылға дейін;
MS-office (Word. Excel. Power Point) өнімдерінің сенімді пайдаланушысы.
- Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- Келбеті сымбатты;
Білуі / Істей алуы тиіс:
· Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын;
· «Микроқаржы ұйымдары туралын Қазақстан Республикасының Заңын;
· Тәуекел-менеджмент негіздерін;
· Кредиттік қабілеттілігін қаржылық талдау негіздерін;
· Микроқаржы ұйымдарына кредит беру ерекшелігін;
· Microsoft Office пакетін тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде;
Міндеттері:
· Компания Президентіне қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында тәуекелдерді бақылау функциясының тиімділігін жыл сайын бағалауға белсенді көмек көрсетеді;
· заңды тұлғалардың кредиттік өтінімдерін бағалайды; негізделген шешімдер қабылдау үшін кредиттік өтінімдер сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді; заңды тұлғалардың несиелендіруге өтініштерін қараудың ақылға қонымды процесін ұйымдастырады. Заңды тұлғалардың кредиттік қабілеттілігін бағалау бойынша нақты және түсінікті нұсқаулықтар әзірлейді, кредиттік әкімшілендіру менеджерлеріне, олар болмаған жағдайда алмастыру функцияларына қолдау көрсетеді;
· бизнес-жоспарда мерзімі өткен берешектің, есептелген резервтердің (провизиялардың) және теңгерімге есептен шығарылған үмітсіз берешектің деңгейі сияқты тәуекелдің тиісті индикаторларының өзгерістерін көрсетудің барабарлығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайынғы бюджеттік жоспарлау процесіне қатысады;
· белгіленген нормативтік мәндерден ауытқу себептерін (бар болса) көрсете отырып, тәуекел индикаторларының жай-күйі туралы тоқсан сайынғы есептілікті дайындайды;
· еуропалық капитал жеткіліктілігінің директивасы, Базель П. және т.б. сияқты кредиттік тәуекелді басқарудың қазіргі заманғы стандарттарына енгізуді және сәйкестікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ компания қызметіне қолданылатын реттеуші органдардың директиваларына тұрақты мониторинг жүргізеді;
· топтың басқа қаржы компаниялары пайдаланатын озық әдістер мен құралдарды, оның ішінде рейтингтік модельдерді (тәуекелдерді басқарудың өңірлік стратегиясы) қолдана отырып, тәуекелдерді басқаруды сапалы жақсартуды қамтамасыз етеді;
· тәуекелдер бойынша компания позициясының тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді (атап айтқанда, резервтер (провизиялар) деңгейі) және қажет болған жағдайда қаржы менеджерімен және Президентпен келісім бойынша қарсы шаралар қабылдауға бастамашылық етеді;
· әр түрлі есептерді дайындайды;
· компания активтерін қорғау мақсатында әлеуетті тәуекелдер тұрғысынан өнімдердің жаңа түрлерін әзірлеуге және мақұлдауға қатысады;
· кредиттік тәуекелді басқару бойынша нақты іс-қимыл жүргізу қажет болған жағдайда дилерлермен жұмыс жөніндегі менеджерлермен және/немесе коллекциялық-офицермен бірлесіп дилерлік орталықтарға барады;
· Тойота Иншуранс Менеджментпен және мақұлданған сақтандыру қызметтерін жеткізушілермен тығыз ынтымақтастықта сақтандыру өнімдерін әзірлеу, сақтандыру өтелімінің параметрлерін таңдау, баға белгілеу, серіктестерді таңдау, ағымдағы операциялық мәселелерді шешу арқылы сақтандыру Компанияларымен өзара әрекеттесу бойынша Компанияның жұмысына қатысады;
· берешекті өндіріп алу бойынша басқарма бастығына төлемдер жинау бойынша жәрдем көрсетеді.
Шарттары:
· ҚР ЕК бойынша Еңбек шартын жасасу арқылы жұмысқа ресми ресімдеу;
· Сынақ мерзімі - 3 айдан 6 айға дейін;
· 8 сағаттық жұмыс күнімен икемді жұмыс кестесі бар бес күндік жұмыс аптасы (икемді кесте 7:00-ден 10:00-ға дейін және 16:00-ден 19:00-ге дейін қолданылады).
· Жалақы - барлық шегерімдерге дейінгі сома 500 000 теңге
· Қызметкерге сынақ мерзімі өткеннен кейін берілетін жеңілдіктер:
- медициналық сақтандыру;
- санаторлық-сауықтыру іс-шараларын/фитнесті төлеу;
- қызметкерлерді оқыту;
- тамақтануды төлеу;
- қызметтік автомобильдерді пайдалану мүмкіндігі;
- үздік бизнес идеялар үшін қызметкерлерді тағайындау аясында үздік идеялар үшін сыйлықақы беру;
- сыйақылар және жалақыны көтеру жылына 1 рет;