Связаться

Техникалық қызмет көрсету

Автокөлігіңізге техникалық қызмет көрсетуді кәсіпқой мамандарға тапсырыңыз!

Біз әр клиентке және автокөлікке махаббатпен қараймыз. Цехта қандай да бір жұмыстарды жүргізгенде автокөлігіңіз сенімді қорғалады

Біз әр клиентке және автокөлікке махаббатпен қараймыз. Цехта қандай да бір жұмыстарды жүргізгенде автокөлігіңіз сенімді қорғалады

Білікті механиктер

Toyota ресми сервистерінің механиктерінің біліктілігі жоғары, олар жүйелі түрде оқудан және сертификаттаудан өтіп тұрады. Сервистегі барлық жұмыстар ең соңғы техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі

Жоғары сапамен орындалған жұмыс

Орындалған жұмыстардың сапасы бірнеше деңгейлі бақылаудан өтеді, мамандандырылған диагностикалық жабдық пен ең жарамды техникалық регламент қолданылады.

Toyota Relax кепілдігі

Регламенттік ТҚ-дан өткенде сіздің автокөлігіңіз үшін келесі 12 айға Toyota Relax кепілдігі іске қосылады

TOYOTA түпнұсқа қосалқы бөлшектері

Ресми дилерде техникалық қызмет көрсету кезінде тек түпнұсқа Toyota қосалқы бөлшектері мен сұйықтықтары пайдаланылады

Ашық баға құрылымы

Сервиске жазылғанда жұмыстар мен қосалқы бөлшектердің құны туралы егжей-тегжейлі ақпарат аласыз

Техникалық қызмет көрсету регламенті

Өзіңізге қажетті модель мен қозғалтқыш көлемін таңдаңыз. ТҚК бағасын көру үшін қалған ақпаратты көрсетіңіз.

Антифриз немесе салқындату сұйықтығы автокөліктің дұрыс жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Оның басты мақсаты – қозғалтқышты салқындатып тұру. Егер салқындату сұйықтығының деңгейі ең төменгі қажетті мәннен төмен болса, қозғалтқыштың қызып кету қаупі бар. Соның салдарынан автокөлікке үлкен проблема туындауы мүмкін. Антифризді үнемі тексеріп тұрудың арқасында осындай проблемалардың туындауының алдын алуға болады.

Ауа сүзгісін дер кезінде ауыстырмаса, көлік иесі бірқатар жағымсыз салдарға тап болуы мүмкін, яғни қозғалтқышқа берілетін ауа көлемі азайып кетеді. Соның кесірінен отынды тиімді жағу үшін ауа жетіспей қалады. Нәтижесінде отын шығыны күрт өсіп кетеді.

Мотор майы жұмыс істейтін элементтердің үйкелісі мен тозуын азайтып, оңтайлы температураны сақтап, коррозияның алдын алады. Техниканы пайдалану барысында мотор майы біртіндеп өзінің жұмыс қабілетін жоғалтады. Қозғалтқышты жақсы күйде ұстау үшін май мен май сүзгісін жиі ауыстырып тұру қажет. 

Тежегіш сұйықтығы – автокөліктегі ең маңызды сұйықтықтардың бірі: ол педальдің басылу күшін тежегіштердің өзіне беріп, тежегіш педалі мен тежегіш қалыптарының механикалық әсері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз етеді, олар көлік құралының жылдамдығын азайту үшін үйкеліс тудырады. Тежегіш сұйықтығының деңгейін жүйелі түрде тексеру – өз қауіпсіздігіңіз үшін қажетті шара.

Салон сүзгісі арқылы ауаны желдету және кондиционер жүйесінен келетін бүкіл ауа легі өтеді. Салон сүзгісін жиі ауыстыру арқылы ауадағы аллергендер мен автокөлік салонына кіргенде жағымсыз сезім тудыруы ықтимал басқа да тітіркендіргіштер сүзіліп отырады. 

Тежегіш дискілері мен қалыптары — автокөліктің үнемі жүктемелерге ұшырайтын бөлшектері. Олардың мерзімді тозуы және соның салдарынан оларды ауыстыру қажеттілігі — заңды нәтиже. Бұл мәселеге қатысты салақтық салдары ауыр болуы мүмкін. Дискілер мен қалыптарды тұрақты түрде тексеру және дер кезінде ауыстыру – қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Техникалық қызмет көрсету регламенті

Өзіңізге қажетті модель мен қозғалтқыш көлемін таңдаңыз. ТҚК бағасын көру үшін қалған ақпаратты көрсетіңіз.

Міндетті ТҚ мен негізгі кезеңдік ТҚ жұмыстарынан басқа, сіздің автокөлігіңіздің техникалық жағдайы мен жүріп өткен қашықтығына байланысты қосымша сервистік жұмыстар жүргізу қажет болуы мүмкін, олар негізгі ТҚ жүргізу құнына кірмейді. Осындай жұмыстарды жүргізу қажеттілігі мен олардың құны туралы ақпаратты нақты дилердің/сервистік орталықтың сервис кеңесшісінен ала аласыз.

Бұл ақпарат жария оферта емес және тек ақпараттық сипатта берілген. ТҚ бағалары туралы толық ақпаратты Тойота уәкілетті дилерлерінен және сервистік орталықтарынан ала аласыз.