ТҚК-ға жазылып, кепілдікті қосыңыз
БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
-
Сіз қызмет көрсету орталығына өз көлігіңізбен келесіз. Автокөлік 10 жылға дейін немесе 190 000 км жүгіруге дейін пайдаланылған болуы қажет.
-
Ресми сервис орталығында регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өтіңіз.
-
Сіз өндіріс немесе құрастыру ақауларынан туындаған бұзылуларға келесі 12 айға немесе 10 000 км қашықтыққа Toyota Relax кепілдігін аласыз.
TOYOTA RELAX КЕЛЕСІ АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ:
-
Қайсысы ертерек болатынына байланысты, 2 жылдан асқан жұгірісте болған немесе 85 000 км-ден асатын жүгіріс жасалған автомобильдер. Оның ішінде бұрын Toyota-ның ресми сервис орталықтарында техникалық қызмет көрсетуден өтпеген, жүрісте болған автомобильдерге де қатысты.
-
Қазақстан мен Қырғызстанда Toyota-ның ресми дилерлік желісі арқылы сатылған автомобильдер.
-
Сондай-ақ бастапқыда «Тойота Мотор Европа» ресми дилерлік желісі арқылы сатылып, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, басқа да Шығыс және Батыс Еуропа елдерінен импортталған барлық Toyota көліктеріне.
TOYOTA RELAX АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
-
Кепілдік Сізге тыныштық ұсынады және автокөлік жөндеу үшін күтпеген шығындардан қорғауды қамтамасыз етеді.
-
Кепілдікті іске қосу үшін қосымша төлемақы қажет емес. Тек ресми дилердің ТҚК өтсеңіз жеткілікті.
-
Кепілдікті іске қосу процесі мейілінше қарапайым. Қосымша ресми құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ.
-
Сондай-ақ, сіз Toyota-ның ресми қызмет көрсету орталықтарында түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен сұйықтықтарды қолдана отырып жасалатын, жоғары сапалы қызметке ие боласыз.
-
Регламенттік ТҚК үшін баға толығымен ашық.
-
Toyota Relax нарықтағы Сіздің автомобильіңіздің қалдық құны мен өтімділігін арттырады.
Абсолютті тыныштық пен сенімділік
Жоғары сапалы сервис
Toyota ресми қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыстарды түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып, жоғары білікті техникалық мамандар орындайды.
Шеберханалар ең заманауи жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлер Toyota автомобильдерінде қолданылатын барлық технологиялармен және жүйелермен жұмыс істеуге үйретілген.
Toyota Relax кепілдігін Қазақстандағы Toyota дилерлік және сервистік желісінің кез келген ресми орталығында іске қосуға болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін жақын арадағы ресми дилерлік немесе сервистік орталықтарға хабарласыңыз.
Toyota Relax кепілдігі келесі аталған автомобильдерге қолданылмайды:
· Бастапқыда «Тойота Мотор Еуропа» ресми дилерлік желісі арқылы сатылмаған
· Жарысқа арналған немесе қатысқан автомобильдер.
· Полиция, өрт сөндіру, медициналық және басқа да жедел қызмет көліктері.
· Пайдаланылған автомобиль бөлшек саудагерлеріне тиесілі автомобильдер
Toyota Relax кепілдігі төменгілерге қолданылмайды:
· Табиғи тозу және сыртқы факторлардың әсерінен коррозиялық процестерден туындаған ақаулар мен зақымданулар;
· Салонының ішкі әрленімі, бамперлер, ЛКП, доңғалақ дискілері, шыны, айналар, фаралар;
· Ойнату және ойнату құрылғыларының бөлшектері, соның ішінде радио, мультимедиа, навигация, динамиктер, күшейткіштер, сабвуферлер, бейнекамералар;
· Гибридті батареялар;
· Қалыпты жұмыс кезінде бүлінуге және табиғи тозуға бейім элементтер, бөлшектер
«Тoyota Relax»-тың ұзартылған кепілдігі, оны іске қосу шарттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ сіздің автомобиліңіз "Toyota Relax"-тың ұзартылған кепілдік шарттарына сәйкес келе ме, жоқ па, толық ақпаратты алу үшін сіз Қазақстандағы "Toyota" ресми уәкілетті дилерімен/сервис орталығымен байланыса аласыз.