Гибрид қалай жұмыс істейді?
Toyota гибридті технологиясы екі түрлі қуат көзі — іштен жану қозғалтқышы мен электрмоторды біріктіреді және әрқашан максималды тиімділікті қамтамасыз етеді. Жоғары вольтті батарея автокөлік қозғалған сайын автоматты түрде зарядталады. Төменде ұсынылған анимациялар Toyota гибридті автокөлігінің жұмыс істеу принципін көрнекілеп көрсетеді.
Электрлік қозғалыс режимі
Батарея бір немесе бірнеше электрмоторды қуаттап, автокөлікті қозғайды.
Ұзақ сапарлар
Іштен жану қозғалтқышы ұзақ қашықтықтарда жүріс қорын арттырып, батареяны зарядтайды.
Рекуперациялық тежеу
Сіз тежеген немесе баяулаған кезде, энергия түрленіп, батареяны зарядтау үшін қолданылады.
Отын құю
Барлық артықшылықтардан бөлек, жанармай құю әдеттегідей ыңғайлы және қарапайым болып қала береді – бакты әрдайымғыдай толтырыңыз.