Skip to Main Content (Press Enter)

СЕРВИСТІК КАМПАНИЯЛАР

Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің ең маңызды міндетіміз!
Сондықтан біз өз автокөліктеріміздің сапасына ерекше көңіл бөлеміз және олардың пайдалану барысындағы көрсеткіштерін үнемі бағалап отырамыз.

Уақыт өте келе шығарылған автокөліктердің жекелеген қосалқы бөліктері немесе сипаттамалары жақсартылуы мүмкін. Осындай жағдайларда біз автокөліктің кейбір торабы мен параметрінің жұмысын тексеру және қажет болған жағдайда оларды жетілдіру мақсатында сервистік кампанияларды бастаймыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді, жайлылығыңызды және өнім сапасын басты орынға қоя отырып, біз Сізді автокөлігіңізге қатысты сервистік кампанияның бар-жоғын тексеруге шақырамыз.

Көлігіңізді бүгін-ақ тексеріңіз!

Біз сервистік кампанияға қатысатын барлық көлік иесіне мүмкіндігінше жедел әрі тиімді түрде тиісті қолдау көрсетуге ұмтыламыз.

Сервистік кампаниянан өту үшін үш қарапайым қадам:


Build your New Toyota Online

1. Көлігіңізге қатысты сервистік кампания бар-жоғын тексеріңіз

Көлікті тексеру бөліміндегі енгізу жолына автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін (VIN) енгізіңіз.
Build your New Toyota Online

2. Қызмет көрсетуге бару уақытын брондаңыз

Өзіңіздің немесе жақын орналасқан Toyota дилерлік орталығына сервистік қызмет көрсетуге жазылыңыз.

Дилерді табу
Build your New Toyota Online


3. Тегін жұмыстарды жүргізу үшін дилерлік орталыққа барыңыз

Toyota дилерлік орталығының мамандары барлық қажетті процедураны сапалы әрі мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындауға тырысады.

Автокөлікті тексеру

Сервистік кампаниялар сіздің Toyota автокөлігіңізге қатысты ма?

Автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін (VIN) еңгізіп, Toyota автокөлігіңіз сервистік кампанияға қатысатынын біліңіз.

Toyota сервистік кампаниялары – бұл…


Build your New Toyota Online

САПАЛЫ

Кампания аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде тек Toyota-ның түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен жабдықтары қолданылады.
Build your New Toyota Online

СЕНІМДІ

Кампаниялар Toyota стандарттары бойынша оқытылған жоғары білікті техникалық мамандар орындайды.
Build your New Toyota Online

ТЕГІН

Toyota дилерлік орталықтарының мамандары барлық қажетті процедураны толықтай тегін орындайды.

Кампанияларды іске қосу туралы ақпарат

Жиі қойылатын сұрақтар

Сервистік кампания – өндіруші тарапынан ұйымдастырылған іс-шара, оның мақсаты – автокөліктің қалыпты жоғары деңгейдегі жұмысын қамтамасыз ету үшін орнатылған кейбір бөлшектер мен тораптарды тексеру, жөндеу немесе ауыстыру. 

Сервистік кампания аясындағы жұмыстар клиент үшін толықтай тегін жүргізіледі.

Автокөлігіңіз қазіргі уақытта сервистік кампанияға қатыстығын тексеру үшін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін (VIN) еңгізу жолына еңгізіңіз немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.

Егер енді бұл автокөліктің иесі болмасаңыз, бұл туралы клиенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.

Сіз тұрғылықты мекенжайыңызды немесе жеке және байланыс деректеріңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы клиенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.

Жұмысты орындау уақыты автокөлік моделіне және сервистік кампанияның сипатына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Барлық қажетті жұмыстың қанша уақыт алатыны жөнінде ақпаратты Сізге Toyota дилеріңіз ұсынады.