Байланыс

Тежеуіш дискілері және тежеуіш қалыптары

Тежеуіштер – Toyota автокөлігіңіздегі ең маңызды қауіпсіздік функциясы; тоқтату, баяулау мүмкіндігі, әсіресе жүргізу жағдайлары нашар блған кезде немесе төтенше жағдайларда, олардың сипаттамаларына байланысты болады. Қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін Toyota компаниясының уәкілетті қызмет көрсету орталығында тежеуіш қалыптары мен дискілерін үнемі тексеріп отыру қажет.
  • Сіздің тежеуіш жүйеңіз қалай жұмыс істейді?

    Аяғыңызды көлігіңіздің тежеуіш педаліне қойғанда, тежеуіш сұйықтығы әр дөңгелектің күпшектеріндегі суппорттың мікбастарына қысым жібереді, бұл тежеуіш қалпын автокөлігіңізді дөңгелектерімен бірге айналатын тежеуіш дискінің екі жағына да тірейді. Бұл үйкеліс көлікті баяулатады және соңында оның тоқтауына әкеледі.

    Уақыт өте келе тежеуіш қалыптары мен тежеуіш дискілері тозады, оларды ауыстыру керек, өйткені тозған тежеуіштермен жүру өте қауіпті болуы мүмкін. Тозған тежеуіштердің бірнеше белгісі бар, оларды есте сақтау керек. Мыналарға назар аудару қажет:

    • Тежеген кезде автокөліктің сырғуы тежеуіш қалыптарының әркелкі тозуын көрсетуі мүмкін.
    • Сықырлау мен шиқылдау.
    • Тоқтату қабілетінің төмендеуі.
    • Қалыңдығы қауіпсіз ең төмен деңгейден аз болатын тежеуіш дискілерін ауыстыру қажет.

Автокөлікке Toyota компаниясының түпнұсқа тежеуіш қалыптары мен дискілерін орнату сізге жолға шыққан кезде аса маңызды болатын жан тыныштығын береді.

Қауіпсіздігі тексерілген

Toyota компаниясының барлық түпнұсқа тежеуіш қалыптары мен дискілері жоғары сапалы материалдардан жасалған, аса жоғары қауіпсіздік пен өнімділікті қамтамасыз ету үшін әзірленген және сыналған.

Қолайлығы мінсіз болады

Әр Toyota автокөліші үшін өте ыңғайлы, үйлесімділік пен жылдам ауыстырылуды қамтамасыз етеді. Toyota тежеуіштерінің үнсіздігі олардың қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін анық көрсетеді.

Бәсекелі баға

Біздің барлық Optifit тежеуіштеріміз бәсекеге қабілетті бағаларға ие және тек біздің иелігімізде ғана бар Toyota автокөліктері туралы терең білімді қолдана отырып жасалған. 44