ToyotaCare
Toyota жаңа автокөлігіне бес жыл ішінде бес техникалық қызмет көрсетуге арналған сервистік жоспар ұсынады.
Что такое сервисный план ToyotaCare?
Жаңа буынының Camry автокөлігінің (2024 жылғы
1 маусымнан бастап шығарылған) Toyota ресми сервис орталықтарындағы алғашқы бес ТҚК (техникалық қызмет көрсетудің) шығыстарын өтейтін сервистік жоспары бар.
Сервистік жоспар көлік иесіне Toyota ресми дилерлік орталығында дайындаушы зауыт регламенттеген техникалық қызмет көрсетуден тегін өтуге мүмкіндік береді. Төмендегі сілтеме бойынша ToyotaCare бағдарламасының шарттарымен толығырақ танысыңыз.
Сервистік жоспардың шарттары (Opens in new window)
ToyotaCare бағдарламасына қандай автокөліктерді қосуға болады?
ToyotaCare артықшылықтары
-
Жайлылық
Camry автокөлігінің жаңа буынын (2024 жылдың 1 маусымынан бастап шығарылған) ресми дилерден сатып алған жағдайда:
- Сіз 5 жыл бойы қосалқы бөлшектер мен қызметтердің бағаларының өсуіне қарамастан ТҚК ақысын төлеу қажеттілігінен арыласыз.
- Оған қосымша ТҚК ресми дилерлік орталықта жүйелі түрде өту автокөлігіңіздің жұмысқа қабілеттілігін, қауіпсіздігі мен сенімділігін сақтап отыруға мүмкіндік береді.
-
Сервистің жоғары деңгейі
Сіздің автокөлігіңізге Toyota білікті техникалық мамандары тарапынан, сондай-ақ мамандандырылған жабдықпен, тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер қолданыла отырып қызмет көрсетіледі.
Автокөлікке қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар Toyota жоғары стандарттарына толық сәйкестікте өткізіледі.
-
Жоғары қалдық құн
ТҚК ресми дилерде жүйелі түрде өтіп отыру әрмен қарай сату кезінде автокөліктің қалдық құнын айтарлықтай жоғарылатады.
Оған қосымша сервистік жоспар автокөлікпен байланыстырылған, бұл қалған ТҚК жаңа көлік иесінің пайдаланатынын білдіреді.
-
Ыңғайлылық
Автокөлік иесі ТҚК Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы кез келген Toyota ресми дилерлік орталығынан өтуге құқылы.
-
Техникалық қызмет көрсету келесілерді қамтиды:
Қосалқы бөлшектер мен арнайы сұйықтықтарды ауыстыру жұмыстарын орындау, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес автокөлік агрегаттарын тексеру.Сервистік жоспар жаңа буындағы Camry моделінің жаңа автокөліктерінің (2024 жылдың 1 маусымынан бастап шыққан) бәріне қолданылады және Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының Toyota ресми дилерлік орталықтары арқылы ұсынылады. -
-
Toyota техникалық шеберлері өндіруші зауыттың ұсынған техникалық қызмет көрсетуін тегін негізде өткізу отырып, Сіздің автокөлігіңіздің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
-
Техникалық қызмет көрсету:
- Мотор майын, май сүзгісін (премиум сыныпты) ауыстыру
- Ауа сүзгісін (премиум сыныпты) ауыстыру
- Салон сүзгісін (премиум сыныпты) ауыстыру
- Шиналардың күйін және шиналардағы қысымды тексеру
- Аспа (жүріс бөлігінің) диагностикасы
- АКБ (аккумулятор батареясын) тексеру
- Тежегіш қыспақтары мен дискілерін тексеру
Техникалық қызмет көрсету регламенті
Өзіңізге қажетті модель мен қозғалтқыш көлемін таңдаңыз. ТҚК бағасын көру үшін қалған ақпаратты көрсетіңіз.