1. Finance and insurance
  2. Finance and credit
  3. Credit programs
  4. Info
  5. Shareholders
Байланысу

TOYOTA ФИНАНС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Халықаралық автоөндірушілер арасында Toyota Motor Corporation Қазақстанда алғашқы болып қаржылық "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" ШНҰ" ЖШС (әрі қарай Toyota Финанс) еншілес компаниясын ашты.

Toyota Финанстың негізгі мақсаты Toyota және Lexus брендінің клиенттеріне қолжетімді әрі қолайлы автонесиелік бағдарламалар арқылы автокөліктерсатып алуға мүмкіндік беру.

Toyota Финанс адалдық, сенімділік, ашықтық қағидаларына негізделген қаржылық қызметтер көрсетеді.

Toyota Финанстың қызметі әр клиентке жеке ыңғай танытуға негізделген, бұл бірінші кезекте жоғары сапалы қызмет көрсету мен клиент икемділігі арқылы мүмкін болады.

Инвесторларға арналған ақпарат

Құрметті клиент!

Toyota Финанс өз клиенттерін қолдау аясында ТЖ кезінде мерзімі өткен төлемдерге айыппұл есептемейді.

Сондай-ақ, Toyota Финанс ТЖ кезінде қаржылық жағдайының нашарлауының немесе келтірілген залалдың объективті себептері болған жағдайда 05.01.2022 ж.дейін берілген несие бойынша төлемдерді (3 айға дейін) кейінге қалдыруды ұсынады.

Өтінімді мобильді қосымша немесе электрондық пошта арқылы беруге болады. care@kz.toyota-fs.com не what's app: 87010524346, 87010813299, 87717281044 Дс-Жм 9:00-18:00 аралығында. Өтінімде міндетті түрде төлемдерді кейінге қалдыру себебі көрсетілуі тиіс және қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды қоса жіберу қажет.

Қарыз бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді және кейінге қалдырылған сыйақы түріндегі төлемдерді несие мерзіміне біркелкі бөлу негізінде жаңа кестесін белгілеу арқылы беріледі:

1. қарыз мерзімінің соңына дейін ай сайынғы төлем мөлшері артады;

2. кейінге қалдыру кезеңіне қарыз мерзімінің ұлғаюымен, бұл ретте ай сайынғы төлем мөлшері шамамен сондай болып қалады;

3. немесе TOYOTA Финанс қарыз алушымен келісілген басқа кесте негізінде.

Төлемдерді кейінге қалдыру үшін комиссия қарастырылмайды. Toyota Финанс қарыз алушымен келісім бойынша төлемдерді кейінге қалдыру кезінде қосымша келісімдерге қол қоюды қажет етпейді. Несие тарихы жайында теріс ақпарат кредиттік бюроларға жіберілмейді.

Өтінімдер 31.01.2022 ж. дейін қабылданады, өтінімді қарау мерзімі 10 жұмыс күні.

Осы қиын уақытта өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Сіздің Toyota Финанс.

Құрметті клиент!

 

Осы арқылы ТФС шарт бойынша міндеттемені орындау кешіктірілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде клиенттің мерзімі өткен берешекті өтеу мәселесі бойынша ТФС-ке шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқығы бар екенін хабарлайды. Ол үшін міндетті түрде кірістің азаю себебін растайтын құжаттарды қоса жіберу шарт.

Төменде көрсетілген жағдайлар кезінде клиент шарт талаптарына өзгерістер енгізуге өтініш беруге құқығы бар:

1. жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеуде болу;

2. орташа айлық көрсеткіштің төмендеуі әсерінен әлеуметтік мәртебенің өзгеруі, атап айтқанда ХӘОТ (Халықтың әлеуметтік осал топтары) тағайындалуы және бірге тұратын жақын туысының, клиенттің жұбайының ХӘОТ мәртебесін алуы;

3. денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан аса);

4. бала күтіміне байланысты демалысқа шығу;

5. мерзімді әскери қызметке шақыру;

6.жақын туыстарының, жұбайының ауруына (әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінен) немесе қайтыс болуына байланысты отбасылық жағдайлар;

7. материалдық залал келтірген жағдайлар (ұрлық, өрт және т.б.)

8. т.б.

Клиент ТФС-ке ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдай туралы ақпаратты беруге, сонымен қатар, келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін кірістің төмендеуі немесе мүлдем болмау фактісін құжатпен растауы қажет.

Өтінішті қарау мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды.

Қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, клиент ТФС-қа жүгінгені туралы дәлелдемелерді ұсына отырып, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.

Өтініш беру үшін TFS байланыс мәліметтері:

+7 701 081 32 99

+7 701 052 43 46

care@kz.toyota-fs.com

«Toyota Finance» мобильді қосымшасы

 

«Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан «МҚҰ» ЖШС 24.03.2022 жылдан бастап өзінің заңды және нақты мекен-жайының өзгергені туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, A25D7C9, Алматы қ., Достық даңғылы, 232, 3 қабат.