Skip to Main Content (Press Enter)

«5 ТО» сервис жоспары

Toyota жаңа автокөлігіне бес жыл ішінде бес техникалық қызмет көрсетуге арналған сервистік жоспар ұсынады

5ТО сервис жоспары дегеніміз не?

2025 жылдың 1 мамырынан бастап шығарылған барлық жаңа Toyota автокөліктері (Hiace, Hilux және Corolla үлгілерінен басқа) ресми Toyota сервис орталықтарында алғашқы бес техникалық қызмет көрсетудің (ТО) шығындарын жабатын сервис жоспарына ие болады.

Сервис жоспары иесіне өндіруші зауыты бекіткен регламентке сәйкес ТО-ны Қазақстан мен Қырғызстандағы ресми Toyota дилерлерінде тегін өтуге мүмкіндік береді.

ToyotaCare бағдарламасының шарттарымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады.

Сервистік жоспардың шарттары (.PDF)

 

5ТО сервис жоспарының артықшылықтары

  • Жайлылық

    • 5 жыл ішінде қосалқы бөлшектер мен қызметтердің бағасы өссе де, сіз ТО үшін ақы төлеуден босатыласыз.
    • Үнемі жүргізілетін қызмет көрсету сіздің көлігіңіздің сенімділігін, қауіпсіздігін және жұмысқа қабілеттілігін сақтайды.
  • Жоғары деңгейлі сервис

    • Қызмет көрсету арнайы жабдықта Toyota-ның білікті мамандары арқылы жүзеге асырылады.
    • Қатаң сапа стандарттарына сәйкес келетін түпнұсқа қосалқы бөлшектер ғана қолданылады.
  • Жоғары қалдық құны

    • Ресми дилерлерде тұрақты ТО өткізу көліктің қайта сатылу құнын арттырады.
    • Жоспар автокөлікке байланысты болады және оны жаңа иесі пайдалана алады.
  • Ыңғайлылық

    • ТО-ны Қазақстан мен Қырғызстандағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында өтуге болады.
  • 5ТО сервис жоспарына не кіреді?

    • Қозғалтқыш майын, май сүзгішін (премиум-класс) ауыстыру
    • Ауа сүзгішін (премиум-класс) ауыстыру
    • Салон сүзгішін (премиум-класс) ауыстыру
    • Дөңгелектердің жағдайын және қысымын тексеру
    • Аспа жүйесін (жүріс бөлігін) диагностикадан өткізу
    • АКБ-ны (аккумулятор батареясы) тексеру
    • Тежегіш колодкалары мен дискілерін тексеру
    • Гибридтік қондырғыны тексеру

    Барлық жұмыстар өндірушінің регламентіне сәйкес түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып орындалады.

Толығырақ ақпарат алу үшін жақын жердегі Toyota дилерлік орталығына хабарласыңыз.

Дилерге хабарласу

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа автокөліктер «5 ТО» сервис жоспары қамтылған, оның ішіне 5 техникалық қызмет көрсету (ТҚК) кіреді. Toyota регламентіне сәйкес әрбір автокөлік 10 000 км. жол жүрген сайын немесе 12 ай сайын регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өтіп отыруы тиіс. Қызмет көрсету қайсысының ертерек орын алуына байланысты көрсетіледі.

Егер сіздің Toyota көлігіңіз 2025 жылғы 1 мамырдан кейін шығарылған болса (Hiace, Hilux және Corolla модельдерін қоспағанда), сіз 5 жыл ішінде бес тегін жоспарлы ТО алу құқығына ие боласыз.

Жоқ, тек регламенттік техникалық қызмет көрсетуге енгізілген компоненттер ғана тегін ауыстырылады.

Жоқ, сервис жоспары 2025 жылғы 1 мамырдан кейін шығарылған жаңа буын Toyota көліктеріне ғана қолжетімді, олар ресми дилерлік орталықтан сатып алынған болуы тиіс.

Сервистік жоспар регламенттік техникалық қызмет көрсетуді қамтиды, оған май сүзгісін, ауа сүзгісін, салон сүзгісін, мотор майын ауыстыру, сондай-ақ автокөліктің техникалық күйі мен агрегаттарының ақаусыздығын кешенді тексеру кіреді.

Автокөлік иесі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында техникалық қызмет көрсетуден өтуге құқылы.

Сіз бұл ақпаратты ресми Toyota веб-сайтындағы ToyotaCare парақшасында өзіңіздің көлігіңіздің VIN кодын тиісті алаңға енгізу арқылы немесе ресми дилерлік орталыққа хабарласу арқылы тексере аласыз.

Иә, сервистік жоспар 5 жыл ішінде әрекет етеді.

Жоқ, сервистік жоспар автокөліктің VIN кодымен қатаң түрде бекітілген.

Әрине, иә. Сервистік жоспар заңды тұлғаларға да қолданылады. 

Toyota автокөлігін сатып алғаннан кейін Сізге ешқандай әрекет жасау қажет емес. Сіз қай жағдай ертерек орын алуына байланысты: жылына бір рет немесе 10 000 км сайын өз автокөлігіңізді регламенттік техникалық қызмет көрсетуге алып келесіз, Сізге тек қызмет көрсету жөніндегі кеңесшіге Сіздің автокөлігіңізге «5 ТО» сервис жоспары бекітілгенін хабарлау ғана қажет.

Жоқ, «5 ТО» сервис жоспары бағдарламасы бойынша техникалық қызмет көрсетусіз қосалқы бөлшектерді алып кетуге рұқсат етілмейді. Бұл бағдарламаның бөлшектерді ауыстыру және регламент бойынша жұмыстарды орындауды қоса алғанда автокөлікке толыққанды қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналуымен байланысты. Сондықтан барлық қосалқы бөлшектер тек тиісті қызмет көрсету аясында ғана ұсынылады.

«5 ТО» сервис жоспары сәйкес, техникалық қызмет көрсету кезінде мерзімді ауыстыруға жататын шығын материалдары: май, май сүзгісі, ауа сүзгісі, салон сүзгісі, майды құйып алу тығынының төсемі ауыстырылады. Бұл қосалқы бөлшектерге кепілдік берілмейді.

«5 ТО» сервис жоспары аясында техникалық қызмет көрсетудің орнына қаражаттарды қайтару мүмкін емес, өйткені «5 ТО» сервис жоспары сервистiк жоспарын бағдарламасы техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады. Бұл қызметтер сіздің көлігіңіздің тиісті күйде болуын және оның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан ақшаны қайтару қарастырылмаған.

Иә, алғашқы үш ТҚК тәуелсіз автосервисте өткізілген болса да, қалған екі техникалық қызмет көрсетуді ресми дилерлік орталығында пайдалануыңызға болады. Сервистік жоспардағы қалған техникалық қызмет көрсетулердің саны сіздің дилерлік орталыққа «5 ТО» сервис жоспары бағдарламасы бойынша техникалық қызмет көрсету қызметін алу құқығыңызға әсер етпейді(5 жыл ішінде).

Иә, сіз «5 ТО» сервис жоспары  бағдарламасы бойынша бес жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді қамтитын сервистік жоспарды пайдалануға құқылысыз. Бұл қызметтер автокөлікке 5 жыл толғанша әрекет етеді(сатып алынған күнінен бастап).