TOYOTA SAFETY SENSE
Toyota Safety Sense — тас жолда да, қала көшелері мен тұрақтарда да жүргізушіге автокөлікті басқаруға көмектесуге және жүргізуді анағұрлым қауіпсіз етуге арналған жүйелер жиынтығы. Toyota Safety Sense кешені бар автокөлікте сіз әрдайым қауіпсіздікте боласыз. Бұл жүйелер тек сізді және жолаушыларыңызды ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа қатысушыларын да қорғауға көмектеседі. Осылайша Toyota жол қозғалысы қауіпсіздігіне өз үлесін қосып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі өз міндетін жүзеге асырады.
Toyota Safety Sense
Соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS)
Жол белгілерін анықтау жүйесі (RSA)
Жол белгілерін анықтау жүйесі жол белгілерін бағыт бойынша таниды және аспаптар панелінің дисплейінде ағымдағы жылдамдық шектеуі немесе басып озуға тыйым салу сияқты пайдалы ақпаратты көрсетеді. Сондай-ақ, жүйе жүргізуші жол белгісінің нұсқауларын орындамаса, визуалды және дыбыстық ескерту береді.
Белгілі бір комплектацияларда ғана қолжетімді*
Бейімделетін круиз-контроль / Толық диапазонды бейімделетін круиз-контроль (ACC)
Бұл жүйе алдыда жүріп бара жатқан көлік құралына дейін берілген қашықтықты ұстап отыруға көмектеседі. Егер бұл қашықтық қысқарса, жүйе автокөліктің жылдамдығын азайтады және ең шекті жағдайда стоп-сигналдарды қоса отырып, тежегіштерді іске қосады.
Егер алдындағы көлік құралы тоқтаса, бүкіл жылдамдықтар ауқымына арналған ACC жүйесі автокөлікті толықтай тоқтата алады. Жүйелердің жұмысын қайта жалғастыру үшін акселератор педалін жеңіл басу немесе ACC ажыратқышын басу жеткілікті.
Егер сіздің автокөлігіңіз жол белгілерін анықтау және жүргізушіге хабарлау жүйесімен (RSA) жабдықталған болса, онда бейімделетін круиз-контроль жүйесі бағдар бойындағы телімдердің қозғалыс шектеуі туралы ақпарат алып отыратын және жүргізушіге жүру режимінің тиісті өзгертулерін ұсынатын болады.
Белгілі бір комплектацияларда ғана қолжетімді*
Жолақ ортасында ұстау жүйесі (LTA)
Фаралардың алысқа түсетін жарығын автоматты түрде басқару жүйесі (АНВ)
Төмен жылдамдықта үдеуді шектеу
Проактивті жүру көмекшісі – рульмен басқару көмекшісі
Бұл функция жүргізушіге автокөліктің жүріп келе жатқан қозғалыс жолағынан байқаусызда шығып кетуіне жол бермеуге көмектеседі. Жүйе алдыда бұрылысты анықтаса, жүргізушінің маневр жасауы жеңілірек болуы үшін ол руль дөңгелегіне көмекші күш түсіруді өзгертеді. Сонымен бірге бұл функция түзу қозғалу кезінде бағдар тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді.
Белгілі бір комплектацияларда ғана қолжетімді*
ТҰРАҚҚА ҚОЮ КЕЗІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕР
Айнала шолу жүйесі (PVM)
Автоматты тежеу функциясы бар тұрақтан артқы жүріспен шығу көмекші жүйесі (RCTAB)
Тұраққа қою кезіндегі көмекші жүйе (ICS)
Қауіпсіз шығу жүйесі (SEA)
Осы жүйенің жұмыс істеу принципі көзден таса аймақтарды бақылау жүйесінің радарларына негізделген. Бұл жүйе жолаушы есікті ашқан кезде арттан жақындап келе жатқан автокөлікпен немесе велосипедшілермен соқтығыстың алдын алуға көмектеседі. Сыртқы артқы көрініс айналарында және мультимедиялық жүйенің дисплейінде соқтығысу қаупі анықталған жағдайда ескерту индикаторлары жанады және ескертуші дыбыс сигналы беріледі.
Белгілі бір комплектацияларда ғана қолжетімді*
Артқы орындықтарда жолаушының немесе заттың бар екенін ескерту жүйесі (RSRS)
Жүргізуші автокөліктен шыққан сәтте бұл жүйе аспаптар панеліндегі белгі беру арқылы артқы орындықта жолаушының немесе қандай да бір заттың бар екені туралы ескертеді.
Модельге байланысты автокөлік құлыпталғаннан кейін апаттық дабылы қосылып, дыбыстық белгі беріледі.
ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕКТЕСУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BSM)
Қарсы келе жатқан автокөлік жүргізушісінің көзін қарықтыру аймағын автоматты түрде күңгірттеу (AHS)
Бұл жүйе түнгі уақытта жол қозғалысының басқа қатысушыларының көздерін қарықтырамастан жолдың барынша тиімді жарықтандырылуы қамтамасыз етеді. Басқа жүргізушілердің көздерін шалғай жарықпен қарықтырмау үшін ол фаралар жарығының бағытын автоматты түрде өзгертеді, қарсы келе жатқан автокөлік орналасқан аймақты күңгірттейді, сөйте тұра жолды оңтайлы жарықтандыруды сақтайды.
Белгілі бір комплектацияларда ғана қолжетімді*
Жол қиылысынан өту көмекшісі (FCTA)
FCTA жүйесі тіпті қозғалысы көп жол қиылыстарында да соқтығысулардан қорғауды қамтамасыз етеді. Ол көлденең бағытта қозғалып келе жатқан автокөліктер мен велосипедшілерді анықтауға және жүргізушіге бар болса, проекциялық дисплейдің (HUD) көмегімен, ал жоғары соқтығысу қаупі жағдайында — сондай-ақ дыбыс сигналдарының көмегімен ескертуге қабілетті.
Белгілі бір комплектацияларда ғана қолжетімді*
Қозғалыс жолағын ауыстыру көмекшісі (LCA)
Белсенді қолдауы бар төтенше рөлдік басқару жүйесі (белсенді қолдауы бар ESA)
Бұл жүйе соқтығысудың алдын алуға көмектесіп, кедергілерді автоматты түрде айналып өтеді. Сондай-ақ ол кедергілерді айналып өту кезінде қозғалыс жолағынан шығып кетудің алдын алуға көмектеседі.
Белгілі бір комплектацияларда ғана қолжетімді*
Апаттық жарық сигналын беру жүйесінің артқы шамдарын автоматты түрде қосу функциясы (ARFHL)
Бұл жүйе автокөліктің артқы жағындағы көлік құралдарының жүргізушілеріне артқы жақтан соқтығысудың жоғары қаупі туралы апаттық жарық сигналын беру жүйесі шамдарын жыпылықтату арқылы ескертеді. Бұл жақындап келе жатқан көлік құралының жүргізушісін тежегіш педалін басуға итермелеп, соқтығысу қаупін азайтуға көмектеседі.
Кейбір опциялардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына, еліне және моделіне байланысты.
Жүйелердің мүмкіндіктері пайдалану жағдайларына және ағымдағы шектеулерге байланысты.
Жүргізуші әрдайым қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін әрдайым автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.