1. Parts & Accessories
  2. Batteries
Байланысу

Toyota аккумуляторлары

Автокөлігіңізді Toyota аккумуляторлары арқылы энергиямен қамтамасыз етіңіз. Қазіргі Toyota көптеген электронды жүйелермен жабдықталған, олар жүргізуді қауіпсіз, қарапайым және жағымды етеді. Спутниктік навигациядан бастап Bluetooth® және тұраққа қоюға көмектесетін құралдарға дейін барлығы біздің аккумуляторларымыздың сенімді қуатын қажет етеді.

Сіздің Toyota автокөілгіңіз үшін арнайы жасалған біздің түпнұсқа Optifit автокөлік аккумуляторлары әр сапар кезінде оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді. Міне, осы себеппен:

Қолайлығы мінсіз болады

Олар Toyota автокөліктерінің кез келген моделі үшін өте қолайлы – жаңбыр жауып тұрса да, ауа райы ашық болса да біздің аккумуляторларымыз жыл бойы сенімді.

Бәсекелі баға

Бәсекеге қабілетті бағасынан, техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін құрылымынан, сондай-ақ үш жылдық кепілдік пен шектеусіз қашықтықтан рахатқа бөленіңіз.

Аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту

Тиімдідігі жоғары Eco-run сериясы тоқтату және іске қосу жүйесімен жабдықталған Toyota автокөліктері үшін арнайы жасалған және аккумулятордың қызмет ету мерзімін 50 %-ға дейін ұзарта алады.