Skip to Main Content (Press Enter)

Көліктерге арналған Каско

КАСКО – бұл сіздің көлігіңізді әртүрлі қауіп-қатерлерден кешенді қорғауды қамтамасыз ететін сақтандыру.

    

  • Сіз үшін жасалған тиімді сақтандыру шарттары:
     

    • Эксклюзивті бағдарламалар: сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін әр түрлі бірегей сақтандыру шешімдерін таңдаңыз.
    • Әділ баға: қолайлы баға бойынша максималды қорғаныс.
    • Сапалы жөндеу: көлікті тек түпнұсқа бөлшектерді қолдана отырып, ресми дилерден қалпына келтіру.
  • Сақтандыру жағдайларын Сіз үшін барынша жайлылықпен реттеу
     

    • Құжаттарды қабылдау, зақымдануды бағалау және жөндеу бір жерде – Дилерлік орталықта жүргізіледі
    • Сақтандыру компаниясына баруға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ
    • Сақтандыру компаниясының тәулік бойы байланыс орталығы 
  • Жол бойындағы көмек 24/7

     

    • Техникалық және заңгерлік кеңес
    • Жанармай жеткізу
    • Батареяны зарядтау
    • Эвакуатор қызметтері
    • Дөңгелекті ауыстыру
    • көлікті ашу
    • Дилерлік орталыққа эвакуациялау кезінде такси
    • Эвакуацияланған көлікті табуға көмектесу
Сақтандыру шарттарыSTANDARDSTANDARD PLUSVIPVIP PLUS
Дилерлік орталықта жөндеу, тозуды есепке алмағанда●●●●
ЖКО, өрт, ұрлап әкету, табиғи апаттар, басқа да сыртқы зақымданулар●●●●
Алдыңғы әйнекті ауыстыру1 рет1 рет1 ретШектеусiз
Эвакуатордың қызметтері 20 000 теңгеге дейінx●xx
Айна ұрлауxx●●
Шиналар мен дискілерді жоюxx●●
Сақтандыру сомасын қалпына келтіру *x1 ретШектеусiзШектеусiз
Жол бойындағы көмекxx●●
Сақтандыру аумағыҚазақстанТМДТМДТМД
Полиция құжаттарынсыз төлемxxЖКО кезінде 500 000-ға дейінЖКО кезінде зақымданудың толық сомасына
Ауыстырылатынкөлік **xx25 000-нан артық емесәрбір сақтандыру жағдайы үшін 25 000-нан және 75 000-нан аспайды
Кез келген сақтандыру жағдайы бойынша Франшиза **500 000 ₸1%, бірақ 100 000 теңгеден аспайдыБірінші жағдайда 0%, бірақ екінші жағдайдан бастап 100 000 тқолданылмайды
Толық жойылу немесе жоғалту кезіндегі Франшиза * * * (сақтандыру сомасының пайызы)10%8%8%8%
* Сақтандыру сомасын қалпына келтіру – сақтандыру төлемі нәтижесінде сақтандыру сомасы азайғаннан кейін қалпына келтірілетін шарт
** Ауыстырылатын көлік – бұл сіздің көлігіңіздегі жөндеу жұмыстарының жүру барысында ұзақтығына дилерлік орталықтан уақытша тегін беретін  көлік.
*** Франшиза – сақтандырушы өтеуге жатпайтын және сақтандыру төлемін есептеу кезінде шегерілетін шығын бөлігі.
**** Жоғалту – көлік құралын ұрлау, айдап әкету немесе жөндеуді жүзеге асыру мүмкін болмайтындай зақымдану.

Сақтандыру бойынша серіктестеріміз:

«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ, 13.01.2023 ж. №2.1.21 лицензияны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берді.

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ, 13.11.2023 ж. №2.1.26 лицензияны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берді.

«Alatau City Garant» сақтандыру компаниясы» АҚ, лицензия №2.1.22, 13.01.2023 ж., ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

«Sinoasia B&R» Сақтандыру компаниясы» АҚ, лицензия №2.1.31, 30.01.2026 ж., ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.