Осы кепілдік шарттар тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие және жария оферта немесе коммерциялық ұсыныс емес. Кепілдік шарттар туралы толық әрі егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Toyota ресми өкілетті дилеріне хабарласуыңызды сұраймыз
Кепілдік беру шарттары
Өндірушінің Кепілдікте қарастырылған кепілдік міндеттемелері Toyota автокөлігін Дилерден сатып алған кезде ғана беріледі.
Toyota автокөлігін сатқан кезде Дилер Кепілді техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтың «КЕПІЛДІКТІ ТІРКЕУ» парағына тиісті жазбаларды енгізеді. Көлік иесі осы жазбаларды Дилердің енгізгенін өз тексеруі тиіс.
Кепілдіктің қолданылу шарттары
Кепілдік мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын тек Дилерде іске асыру керек.
Дилер Жоспарлы техникалық қызмет көрсету, Қосымша техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ Toyota түпнұсқа аксессуарларын орнату туралы тиісті ақпаратты Кепілді техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтың тиісті парағына жазады. Көлік иесі осы жазбаларды Дилердің енгізгенін өзі тексеруі тиіс.
Кепілдік мерзімі
Дилер сатқан жаңа Toyota автокөлігінің кепілдік мерзімі Кепілді техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулығының ережелерін ескере отырып, қайсысы ерте келетініне қарай 3 жылды (36 айды) немесе 100 000 км қашықтықты құрайды.
Өндіруші кепілдігінің күші жаңа Toyota автокөлігін Көлік иесіне берген күннен басталып, Кепілдік мерзімі аяқталған уақытқа дейін қолданылады, бұл туралы жазу «КЕПІЛДІКТІ ТІРКЕУ» парағында тіркеледі.
Көлік иесі Toyota автокөлігінің кемшіліктеріне байланысты Кепілдік талаптарын қоюға құқылы, оларға сатушы (Өндіруші) тек Кепілдік мерзімі ішінде ғана жауапты болады.
Табиғи шуыл, діріл және тозу
Табиғи (қалыпты) шуыл, діріл, табиғи тозу, ескіру, лак-бояу жабынының оңуы және күнге күйіп кетуі, сондай-ақ кір, үйкелім және деформация Кепілдікпен өтелмейді.
Көлік иесінің міндеттері
- Дилерге барғанда барлық қажет болған жағдайларда Кепілді техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықты көрсету;
- Toyota автокөлігін Кепілді техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулығына және Көлік иесінің нұсқаулығына сәйкес пайдалану, техникалық қызмет көрсету, сақтау, тасымалдау және күтім жасау;
- Toyota автокөлігіне аксессуарларды орнатуға қатысты чектерді, шоттарды, орындалған жұмыстар актісін, тапсырыс-нарядтарды, жазбаларды және сатып алу мен техникалық қызмет көрсету тарихына қатысты басқа да құжаттарды сақтау;
- әр сапар алдында Toyota автокөлігіне Кепілді техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтың «ӨЗ БЕТІНШЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» бөліміндегі нұсқауларға сәйкес тексеру жүргізіп отыру керек.
Кепілдік міндеттемелердің қолданылу аймағы
Кепілді техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықта сипатталған Toyota кепілдігінің шарттатры келесі елдерде қолданылады:
Қазақстан
Қырғызстан
Егер сіз жоғарыда аталғаннан басқа елдерге сапар шегуді жоспарласаңыз, онда жергілікті Toyota дилері орталығына жолығып, қосымша ақпарат алыңыз.
Шиналар
Toyota кепілдігі шиналарға қолданылмайды.
Шиналарға кепілдікті шина өндірушісі береді.
Одометр көрсеткіштерін өзгерту
Қолдан жасалған немесе өзгертілген, соның ішінде осы Нұсқаулықта көрсетілмегендей ауыстырылған, осылайша нақты жүрілген қашықтығы шын анықталмайтын одометрі бар Toyota автокөлігінің ақауларын жою кепілдікпен өтелмейді.