Түпнұсқа жағармай материалдары: Toyota майын таңдаңыз

Toyota өз автокөліктерімен мақтанады. Ұзаққа жарамдылық, сенімділік, сапа — бренд ДНҚ-сындағы осы қасиеттері компания атымен тығыз байланысты. Әрине, Toyota-ның кез келген түпнұсқа өнімінің стандартқа сәйкестігі мұқият тексеріледі.

Жоғары сапалы мотор майы біз ұсынатын түпнұсқа өнімдер арасында ең маңыздысы. Toyota майлары API (Америкалық мұнай институты) мен ACEA (Еуропа автоөндірушілері қауымдастығы) халықаралық стандартына сай келіп қана қоймай, сонымен қатар сапасы мен пайдалану сипаттамасына қатысты қатаң талаптарына сай жасалады.

Өнімдеріміздің топтамасында механикалық беріліс қорабына, дифференциалдарға және автомат беріліс қорабына арналған трансмиссия майлары да аса маңызды. Компания өзі шығаратын майларды Toyota-ның барлық моделін пайдалана отырып, өмірдегі оқиғаларға барынша жақын жағдайларда сынайды. Бұл жағармай материалдарының ең тиімді сапасы мен сипаты бар — барлық тораптың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Мотор майы деңгейін және жағдайын өз уағында тексерту — автокөлік қозғалтқышының тұрақты жұмысының кепілі екенін, өмірін ұзартып, қызмет шығынын азайтатынын ұмытпаңыздар. Май деңгейін жиі тексеруді ұсынамыз және тек ресми дилер орталығының қызметін алуға кеңес береміз.

• Toyota түпнұсқа майлары марканың барлық моделіне арнап шығарылады. ДО қызметкерлері сіздің автокөлігіңізге қандай май керегін айтып, әрдайым көмектеседі.

Тағы қараңыз

Түпнұсқалық қосалқы бөлшекті сатып алу себептері Түпнұсқалық қосалқы бөлшекті сатып алу себептері Сіздің Tоyota-ңыздың сипаттамаларына толықтай сәйкес жасалған түпнұсқалық қосалқы бөлшектер Қосалқы бөлшектер Қосалқы бөлшектер Қосалқы бөлшектердің бағасы Қосалқы бөлшектердің бағасы Өзіңізді қызықтырған қосалқы бөлшектердің бағасын біліңіз Тойота сервис Менеджмент Тойота сервис Менеджмент Клиентке қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасы