Біздің компания әрбір клиентке дилер орталығына келу жайлы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, ал ұсынылатын қызметтер барынша сапалы болуын қадағалайды.
Біздің компания әрбір клиентке дилер орталығына келу жайлы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, ал ұсынылатын қызметтер барынша сапалы болуын қадағалайды.
Біз Toyota Motor Corporation стандартын дилер орталықтарының бизнес-процестеріне енгізе отырып, сатудан кейінгі қызмет сапасын арттыру үшін күнделікті жұмыс істейміз. Біз клиенттің қанағаттану деңгейі мен дилер жұмысының жалпы тиімділігі үздіксіз артып отыруына талпынамыз.
2013 жылы Toyota Kazakhstan дилер желісін қамтитын Toyota Сервис Менеджмент (TSM) бағдарламсы іске қосылды. Дәл осы бағдарлама процестердің ұйымдастырылуы мен жүйелендірілуі брендтің әлемдік стандартына сай болуының іргетасына айналды. TSM бағдарламасы Toyota Өндірістік жүйесінің (TPS) басты ұстанымдарына негізделген, ол Құнтты өндіріс (Lean Production) қағидаты енгізілуінің арқасында әлемге танылды.
TSM негізгі ұстанымдары:
1) Муда (Muda) — сервис көрсетудің барлық кезеңіндегі өндірістік жоғалтуды қысқарту;
2) Хейдзунка (Heijunka) — өндірістік қуаттың қысымын теңшеп үлестіру;
3) Дзидока (Jidoka) — өндіріс процесінде ықтимал проблемаларды анықтап, оларды жою шараларын іске асыру;
4) Кайдзен (Kaizen) — тұрақты әрі жүйелі түрде жетілу.
Клиентке арналған басымдықтар:
• Дербес және мұқият қызмет;
• Бренд стандартына сай жөндеу;
• Жөндеу уақытын оңтайландыру;
• Бөлшек жеткізу мерзімін оңтайландыру;
• Клиенттермен ашық қарым-қатынас.