Toyota тежегіш дискілері мен қалыптары

түпнұсқа өнім таңдаңыздар

Toyota модельдері қауіпсіз екенін көбі біледі, бірақ автокөліктің барлық жүйесінің ақауы бар-жоғын тексеруді ұмытпаған абзал. Тежегіш жүйесінің жұмысы аса күрделі екенін ұмытпаңыздар — қалыпты пайдалану процесінде оның элементтеріне күн сайын айтарлықтай қысым түседі.

Тежеуіш жүйесі қалай жұмыс істейді?
Тежегіш жүйесі қалай жұмыс істейді?

Тежегіш басқышын басқанда тежегіш сұйықтығы тежегіш суппорттарының поршендеріне әсер етеді — поршень дөңгелек күпшегіне қарай ығысып, қалыптарды тежегіш дискісінің екі жағына қысады. Қалыптар мен дискінің қозғалысы жүрісті баяулатады және толықтай тоқтауға мүмкіндік береді. Пайдалану кезінде олар тозады, сондықтан ауыстыру керек — тозған жүйе элементтері бар автокөлікті тізгіндеу қауіпті.

Назар аударатын тозу белгілері:

• Күмәнді дыбыстар шығады (сықыр, ысқырық, басқасы);
• Тежеу кезінде автокөлік бір жаққа қарай тартады;
• Тежеудің жалпы әсері әлсірейді.

Неге Toyota түпнұсқа өнімдерін таңдау керек?

• Түпнұсқа тежегіш дискілері мен қалыптары жоғары сапалы материалдан жасалған — көп мәрте сынақтан өтеді және компанияның қатаң сапа стандартына сай келеді;
• Тежегіш жүйесінің барынша тиімді әрі шусыз жұмысын қамтамасыз етеді;
• Арнайы марка модельдеріне сай жасалған — шұғыл ауыстыру қарастырылған;
• Түпнұсқа өнім өндірісі Toyota-ның ондаған жыл бойындағы жинаған бай тәжірибесіне сүйенген — мұндай терең білім өндірушіде ғана бар.

Біз тежегіш дискілері мен қалыптарын ресми сервис орталықтарында жиі тексертуге кеңес береміз — есіңізде болсын, біздің дилер желісі Қазақстанның барлық өңірін және көршілес Қырғызстанды қамтиды. Автокөліктің дұрыс жұмыс істейтін тежегіш жүйесі — жолдағы қауіпсіздіктің кепілі.

Тағы қараңыз

Түпнұсқалық қосалқы бөлшекті сатып алу себептері Түпнұсқалық қосалқы бөлшекті сатып алу себептері Сіздің Tоyota-ңыздың сипаттамаларына толықтай сәйкес жасалған түпнұсқалық қосалқы бөлшектер Қосалқы бөлшектер Қосалқы бөлшектер Қосалқы бөлшектердің бағасы Қосалқы бөлшектердің бағасы Өзіңізді қызықтырған қосалқы бөлшектердің бағасын біліңіз Тойота сервис Менеджмент Тойота сервис Менеджмент Клиентке қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасы