Автокөлік иелерінің көбі сервиске көлігін беру кезіндегі қарауға өзі қатысқысы келеді. Бұл оның жағдайын және алдағы қосымша жұмыс көлемін жете түсінуге мүмкіндік береді. Көлік иесінің бұл процеске қатысуы Toyota дилер және сервис орталықтары қызметкерлеріне де аса маңызды.
Көлік иесі мен орталық маманы жұмыс тізімін келісіп, автокөлік мінсіз болуы үшін нақты қандай жұмыс керегін түсінеді. Қажеттілікті анықтап, көлік иесі күткеннен де жақсы нәтиже көрсету — тиімділігін әуелден-ақ дәлелдеп қойған Toyota әдісі осындай. Клиенттердің қанағаттану деңгейі дәл осылай көтеріледі.
Айнала қарау тегін жүргізіледі, ал маманданған қызметкерлер кеңес беруге әрдайым дайын. Мұндай қарау арқылы кез келген бүлінуді анықтауға мүмкіндік береді, оны өз уақытында жөндеу көлік жүргізудегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал автокөліктің келбеті ойдағыдай болады. Қандай да бір мәселе туса, бірден сервис кеңесшісіне жүгініңіз.
Сонымен қатар, кеңесші автокөлік жағдайына, пайдаланудағы жағдаяттарына және қалауыңызға қарай қосымша жабдық пен аксессуарды таңдап береді.