«5 ТО» сервис жоспары
«5 ТҚК» сервистік жоспары дегеніміз не?
«5 ТҚК» сервистік жоспары Қазақстандағы немесе Қырғызстандағы Toyota ресми дилерінен сатып алынған жаңа Toyota автокөліктерінің (Hiace, Hilux, Highlander және Corolla модельдерін қоспағанда) иелеріне бес жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден (ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3, ТҚК-4 және ТҚК-5) қосымша ақы алынбай өту құқығын береді.
Техникалық қызмет көрсету бағдарлама шарттары сақталған жағдайда, автокөлікті алғашқы меншік иесі сатып алған күннен бастап бес жыл ішінде Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota ресми сервистік орталықтарында өндіруші зауыттың регламентіне сәйкес жүргізіледі.
5ТО сервис жоспарының артықшылықтары
-
Жайлылық
- 5 жыл ішінде қосалқы бөлшектер мен қызметтердің бағасы өссе де, сіз ТО үшін ақы төлеуден босатыласыз.
- Үнемі жүргізілетін қызмет көрсету сіздің көлігіңіздің сенімділігін, қауіпсіздігін және жұмысқа қабілеттілігін сақтайды.
- 5 жыл ішінде қосалқы бөлшектер мен қызметтердің бағасы өссе де, сіз ТО үшін ақы төлеуден босатыласыз.
-
Жоғары деңгейлі сервис
- Қызмет көрсету арнайы жабдықта Toyota-ның білікті мамандары арқылы жүзеге асырылады.
- Қатаң сапа стандарттарына сәйкес келетін түпнұсқа қосалқы бөлшектер ғана қолданылады.
-
Жоғары қалдық құны
- Ресми дилерлерде тұрақты ТО өткізу көліктің қайта сатылу құнын арттырады.
- Жоспар автокөлікке байланысты болады және оны жаңа иесі пайдалана алады.
-
Ыңғайлылық
- ТО-ны Қазақстан мен Қырғызстандағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында өтуге болады.
-
«5 ТҚК» сервистік жоспарына не кіреді?
Сервистік жоспарда «5 ТҚК» бағдарламасы аясында регламенттік жұмыстарды орындау, соның ішінде регламентте көзделген техникалық сұйықтықтарды, сүзгілерді, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын ауыстыру, сондай-ақ автокөліктің негізгі жүйелерін тексеру көзделген.
Жұмыстардың құрамы мен көлемі тиісті техникалық қызмет көрсету бойынша өндіруші зауыттың регламентімен ғана айқындалады және автокөлік моделіне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Жұмыстардың толық тізбесімен, бағдарлама шарттарымен және шектеулерімен «“5 ТҚК” бағдарламасының шарттары» құжатында танысуға болады.
-