Қазақстан астанасында үшінші Toyota дилер орталығы ашылды

Елорда жүрегінен — әр адамның жүрегіне…
Нұр-Сұлтан — қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Дамып жатқан қаламен бірге тұрғындардың жаңа автокөлікке, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге деген сұранысы да артып келеді. Сондықтан мұнда үшінші дилер орталығын ашу туралы шешім жасалды — Есіл.

Жаңа орталық Toyota-ның барлық халықаралық стандартына сай келеді, ол Алматыда (Жетісу Тойота Орталығы, Лексус Алматы), Атырауда (Атырау Тойота Орталығы) дилер орталықтарын салған Toyota Tsusho Kazakhstan Auto тобының құрамына кіреді, енді Нұр-Сұлтанда да бар. Компания 21 жыл бойында сәтті жұмыс істеп, 3S концепциясын іске асыруда бай тәжірибе жинады:

• Showroom — өз автосалоны болуы;
• Service Shop — заманауи сервис станциясы болуы;
• Spare Parts Shop — қосалқы бөлшектер қоймасы болуы.

/

Есіл Тойота Орталығының деректері
Жаңа автоорталықтың алып жатқан аумағы — 3728 м². Оның ішінде 978 м² кең шоурум бар, онда клиенттер ұсынылған Toyota модельдерінің кез келгенін жайлы әрі қауіпсіз жағдайда таңдай алады. 10 посты бар сервис аймағы 760 м² аумақта орналасқан — мұнда компанияның әлемдік стандарттарына сай шұғыл әрі лайықты қызмет алуға болады.
«Тойота Мотор Қазақстан» презизенті Кит Мэтью Симмонс: «Біз үнемі клиенттердің ыңғайын ойлаймыз, қарқынды артып жатқан сұранысқа дереу әрекет ету үшін оларға жақын болуға тырысамамыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары Есіл Тойота Орталығына: оның қолайлы жерде орналасуына, новаторлық сәулет шешімдеріне, озық технологиясы мен кәсіби қызметкерлерінің қамқорлығына лайықты бағасын береріне сенімдімін. Мұнда Toyota-ның барлық қызметі көрсетіледі...»

/

Көрсетілетін қызметтердің жай-жапсары:

• Автокөлік сату — жаңа және мінілген;
• Мерзімді техникалық қызмет пен маусымдық сервис;
• Шанақ жөндеу және компьютерлік диагностика;
• Жүріс бөлігін жөндеу, оған күрделі жөндеу кіреді;
• Тораптары мен агрегаттарын жөндеу;
• Түпнұсқа бөлшектер мен аксессуар сату.
Жаңа дилер орталығында ұнатқан моделіңізді несиеге алуға болады және корпоративтік клиенттерге ұзақмерзімді жалға беру — лизинг басымдықтары туралы біле аласыздар, Toyota Финанс бағдарламаларымен танысып, білікті қызметкерлердің кеңесін алуға болады. Ал Toyota Сақтандыру бағдарламалары кез келген жағдайда сенімді қаржылай көмек ала отырып, автокөлікті тиімді сақтандыруға мүмкіндік береді. Шанақ цехі Toyota жаңа стандарттау жүйесіне сай жабдықталғанын да айта кетейік, автокөліктерді тікелей қабылдау мүмкіндігі бар.

/

Қонақжайлық пен Toyota ДНҚ-сы
Toyota Tsusho Kazakhstan Auto бас директоры Николай Леонтьев: «Компания президенті айтқандай, клиенттермен жақын болуымыз маңызды. Біз автокөлікті сатып алу және кешенді қызмет алу барынша ыңғайлы болуына ұмтыламыз. Бізде қаржы және сақтандыру қызметінің барлық түрін алуға болады. Елорда тұрғындарына ең жоғары деңгейдегі сервис ұсынып, оларды қонақжайлығымызбен таңғалдырамыз...»
Есіл Тойота Орталығының директоры Андрей Рыбаков: «Toyota-ның Қазақстан нарығына ресми түрде шыққан барлық моделі бізде ұсынылады: Corolla және Camry седандары, RAV4, Highlander және С-HR кроссоверлері, Land Cruiser Prado және Land Cruiser 200 жол талғамайтын көліктері, Hilux пикапы және Hiace микроавтобусы. Марка автокөліктері нарықта құнын жоғалтпайды, Toyota ДНҚ-сы саналатын ұзаққа шыдамды, сенімді және сапалы деген қасиеттерге ие.
Елордамызда жаңа ресми дилер орталығының есіктері сіздер үшін айқара ашық. Мұнда әркім өзі армандаған автокөлігін тауып, үлкен Toyota жанұясының бір бөлігі бола алады...»

/

Қарай отырыңыз

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус жаңа автокөліктерін Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды 2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты. Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды. Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады.
«Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қаланың климатын сауықтыруға бағытталған. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады. Первый официальный сервисный центр Toyota открылся в Жанаозене Первый официальный сервисный центр Toyota открылся в Жанаозене В Жанаозене открыл свои двери первый сервисный центр Toyota вне областного центра, который предоставит клиентам малых городов запада Казахстана качественное сервисное обслуживание в соответствии с международными стандартами бренда Toyota. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды.