1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Camry sedition
Байланысу

TOYOTA CAMRY S-EDITION АРНАЙЫ НҰСҚАСЫ: ТАЯУДА ҚАЗАҚСТАНДА

Camry арнайы нұсқасын ұсынамыз — S-Edition. Спорттық дизайны анық айшықталған жаңа нұсқаға Toyota ресми дилерлерінде қазірдің өзінде алдын ала тапсырыс беруге болады. Бұл седан салауатты өмір салтын ұстанатын және даралануды қалайтындарға сөзсіз ұнайды. Бірегей спорт дизайны бар Toyota Camry S-Edition-нің арнайы нұсқасы Toyota ресми дилерлерінен алдын ала тапсырыс алуға қол жетімді.

Батыл келбет, ерекше стиль

S-Edition экстерьеріндегі спорттық элементтерімен бірден назарға ілігеді:
• Шанақтың екі түсті Bi-Tone бояуымен;
• Бамперлеріндегі сәнді қаптамасымен;
• Қос түсті 18 дюйм дискілерімен;
• S-Edition эксклюзив логотипімен.

Модельді екі түрінде алуға болады: толықтай қара / ақ немесе қос түсте. Екінші нұсқаның негізгі түсі — «ақ моншақ», ал тіреулері мен төбесі «қара металлик» түсіне боялған. Есіктеріндегі шеткі молдингтері де, бүйір айналарының қабы да, радиатордың төменгі торы мен жүксалғыш есігіндегі аэродинамикалық спойлері де қара түске боялған.

Артқы және алдыңғы бамперлеріндегі қызыл жолағы бар көзтартарлық қаптама Camry келбетіне қайрат бере түседі, оны артқы шамдардың қара жиектерімен үйлесетін жарықдиод оптикасы толықтырады. Серияның тағы бір ерекше тұсы — арнайы дизайнмен жасалған екі түсті 18 дюйм құйма дискілері. Образ келбетін S-Edition логотипі толықтырып тұр.

Интерьер дизайнының темпераменті

Camry S-Edition спорттық мінезі автокөлік салонында да сезіледі — онда арнайы салмалар мен қызыл реңкті тігіс бар. Алдыңғы шынтақасты тіреуі де, орталық және есік панельдері жиектерінде де осындай тігіс қолданылған. Бұл элементтері эмоционалдығына назар аудартады.

S-Edition — батыл лидердің таңдауы

Ерекшелігіңізді көрсетіп, көптен дараланғыңыз келсе, таңдауыңыз S-Edition нұсқасына түссін. Іскерлік сапарлар, спорттық демалыстар — седан өз иесінің мінезін бірден айшықтап тұрады. Camry арнайы нұсқасына Қазақстанда танымал 2,5 литр қозғалтқышы орнатылған, жаңа нұсқа құны — 13 570 000 ₸-ден басталады. Толығырақ мәліметті дилер орталықтарынан біліңіз.