Skip to Main Content (Press Enter)

Тежегіш дискілері мен тежегіш қыспақтары

Toyota автокөлігіңіздегі ең маңызды қауіпсіздік жүйесі – тежегіш. Дәл сол тежегіштер нашар жол жағдайларында немесе төтенше жағдайларда тоқтауға немесе баяулауға мүмкіндік береді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Toyota уәкілетті сервис орталығында тежегіш қыспақтары мен дискілердің жағдайын тұрақты түрде тексерту өте маңызды.
  • Тежеу жүйесі қалай жұмыс істейді?

     

    Тежегіш педалін басқан кезде қысым пайда болып, тежегіш сұйықтығы әр дөңгелектің тежегіш суппорттарының поршеньдеріне әсер етеді. Поршеньдер дөңгелекке орнатылған тежегіш дискісінің екі жағына тежегіш қыспақтарын қысу арқылы дөңгелектердің күпшектеріне қарай жылжиды. Қыспақтардың дискіге үйкелуі автокөліктің бірте-бірте баяулауын және тоқтауын қамтамасыз етеді.

    Автокөлікпен біраз уақыт жүргенде тежегіш қыспақтары мен дискілері тозып, ауыстыруды қажет етеді, сондықтан ескірген тежегіш жүйесімен жол жүру өте қауіпті болуы мүмкін. Төменде білуге қажет тозған тежегіштердің бірнеше белгілері келтірілген.

    • Автокөліктің тежеу кезіндегі бір жаққа ауып кетуі тежегіш қыспақтарының әркелкі тозуының белгісі болуы мүмкін.
    • Сықырлаған және шиқылдаған дауыстар естіледі.
    • Тежеу тиімділігі төмендейді.
    • Егер тежегіш дискілерінің қалыңдығы минималды қауіпсіз мәннен төмен болса, оларды ауыстыру керек.
Toyota түпнұсқа тежегіш қыспақтары мен дискілері сізге жол бойында сенімділік сезімін сыйлайды.

Іс жүзінде дәлелденген қауіпсіздік

Барлық Toyota түпнұсқа тежегіш қыспақтары мен дискілері барынша қауіпсіздікке қол жеткізу үшін жоғары сапалы материалдардан жасалып, жобаланып, сынақтардан өтеді.

Мінсіз үйлесімділік

Toyota-ның әр моделімен мінсіз үйлесімділік қосалқы бөлшектерді тез ауыстыруға мүмкіндік береді. Toyota тежегіштерінің тыныш жұмысы туралы айтпаса да белгілі.

Тиімді баға

Optifit желісінің тежеу жүйесіне арналған қосалқы бөлшектер тиімді бағамен ұсынылады және тек Toyota автокөліктерінің құрылғысы туралы біз ғана білетін білім негізінде жасалады.