1. Maintenance, Servicing, MOT
  2. Walk around check
Байланысу

ЖАЛПЫ ТЕКСЕРУ

Сіз Toyota компаниясының уәкілетті жөндеушісіне барған кезде, біз әрдайым сенуге болатын кәсіби және айқын қызметтерді ұсынуға тырысамыз. Жалпы тексеру (Walk Around Check) – бұл сіздің көлігіңіздің күйін тегін тексеру.

Толықтай tегін

Сіздің сауалыңыз бойынша қандай да бір қызмет немесе жөндеу жұмыстарын жүргізудңғ алдында Toyota уәкілетті жөндеу орталығының кеңесшісі сіздің көлігіңіздің күйін тегін тексереді.

Қауіпсіздік пен өнімділікті қамтамасыз етеді

Toyota автокөлігіңіз сіз күткен деңгейде жұмыс істейтініне және жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететініне кепілдік береді.

Кешенді есептілік

Кез келген қажетті жұмыстың құны мен уақытын нақты түсіндіруді ұсынатын көліктің күйі туралы толық есеп алыңыз.

Жалпы тексеруден кейін сіз өз көлігіңіздің келесі элементтері туралы жазбаша есеп аласыз:

  • Еден кілемшелерінің күйі мен сәйкес келуі – кілемшелер автокөлігіңіздің педальдерінің жұмысына кедергі келтірмейтініне көз жеткізу үшін тексеру.
  • Алдыңғы әйнектің күйі – тексеруді немесе жөндеуді қажет ететін кез келген сызаттар немесе сынған жерлері туралы кеңес беру.
  • Әйнек тазалағыш щеткалары мен механизмінің күйі – әйнекте діріл, секіру немесе жолақтардың болмауын тексеру.
  • Шиналар күйі – қозғалыс барысында дұрыс ілінісу және тежеуіш жолы сізге қолжетімді екенін білу үшін әр шинаның протекторын тексеру.
  • Шанақтың күйі – сызаттардың болмауын тексеру.
  • Барлық шамдардың күйі – барлық фаралар жақсы жұмыс істеп тұрғанына сенімді болу үшін тексеріледі.

Бұл толтырылған есеп сіздің көлігіңіздің күйін егжей-тегжейлі сипаттайды, бөлінген аймақтарды толық түсіндіреді, сонымен қатар қанша жұмыс қажет екені, шығындар мен уақыт туралы қысқаша мәлімет береді.