Дайынсыз ба? Нұсқа мен қозғалтқышты таңдаңыз

ЖИНАҚТАМАНЫ ТАҢДАҢЫЗ

4 Опциялар

  • RAV4 - Престиж - 5 есікті универсал

    RAV4 Престиж

    5 есікті универсал

    ОСЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАНДАУ


    Бастапқы жиынтығының бағасы

    20 190 000 Т

    /Бастапқы жиынтығының бағасы

    Қаржылық мәліметтер

    Multidrive S вариаторы | 4X4
  • RAV4 - Престиж Плюс - 5 есікті универсал

    RAV4 Престиж Плюс

    5 есікті универсал

    ОСЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАНДАУ


    Бастапқы жиынтығының бағасы

    20 590 000 Т

    /Бастапқы жиынтығының бағасы

    Қаржылық мәліметтер

    Multidrive S вариаторы | 4X4
  • RAV4 - Люкс - 5 есікті универсал

    RAV4 Люкс

    5 есікті универсал

    ОСЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАНДАУ


    Бастапқы жиынтығының бағасы

    22 240 000 Т

    /Бастапқы жиынтығының бағасы

    Қаржылық мәліметтер

    Multidrive S вариаторы | 4X4
  • RAV4 - ЛЮКС ПЛЮС - 5 есікті универсал

    RAV4 ЛЮКС ПЛЮС

    5 есікті универсал

    ОСЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАНДАУ


    Бастапқы жиынтығының бағасы

    23 450 000 Т

    /Бастапқы жиынтығының бағасы

    Қаржылық мәліметтер

    Multidrive S вариаторы | 4X4
*Шынайы автокөлік экстерьерінің элементтері суретке сай болмауы мүмкін.

Нағыз кроссовер. Теңдесі жоқ.

Toyota RAV4 нағыз кроссовер мінезі мен жарқын заманауи дизайнның оңтайлы үйлесімі арқасында кез келген міндетті атқаруға дайын. Ол жоғары айналу моменті мен пайдаланылған газдардың төмен уыттылығының бірегей үйлесімімен ерекшеленеді және қала ішінде де, одан тыс жерде де жүру үшін өте қолайлы. Toyota RAV4 кез келген жерге жеткізеді.

Бұл автокөліктің барлық қажетті қасиеттері бар әрі бойға сенімділік сезімін ұялатады

Toyota RAV4 — әдемі стиль мен икемділікті үйлестіретін біздің ең жан-жақты кроссоверіміз. Ол сіз үшін жаралған. Бай жабдықтар сіз армандаған сапарлардан ләззат алуға мүмкіндік береді.

*Шынайы автокөлік экстерьерінің элементтері суретке сай болмауы мүмкін.

Өзіңіз туралы мәлімдеңіз

RAV4 дизайны назар аудартады. Қуатты және мүсінді: экстерьерінің ықшам элементтері, танымал силуэт, әдемі алдыңғы фаралары және жарықдиодтары бар бірегей артқы құрама шамдар көздің жауын алады. Нағыз кроссовердің мінезі де оны қала ішінде де, одан тыс жерде де өзіндік көлікке айналдырады.

Өз жолыңызбен жүріңіз

Toyota RAV4 жол талғамайтын мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілуде. RAV4 автокөлігі табиғаттың қыңырлығына тәуелді болмауға және жаңартылған Toyota RAV4 сипаттамаларын әртүрлі жол төсемдеріне бейімдеуге мүмкіндік беретін Multi-terrain Select жүйесімен жабдықталған.

Демалыс орны

RAV4 ішінде ойластырылған интерьер дизайны бар. Салонның орталық элементтері — кең орталық консоль және заманауи алдыңғы панель түрінде ұсынылған. Автокөлікте демалуға және сапардан ләззат алуға жеткілікті орын бар. Тамаша стилі мобильді құрылғыларды сымсыз зарядтау сияқты инновациялық технологиялармен үйлеседі. Мультимедиа жүйесі арқылы смартфондағы сүйікті қолданбаларды пайдаланыңыз. Apple CarPlay және Android Auto™ интерфейстері мобильді құрылғыларды автокөлікке оңай қосуға мүмкіндік береді.

Көңіліңізден шығатын технологиялар

RAV4 салонының ықшам және шағын дизайнының артында көптеген инновациялық технологиялар жасырылған. Түйсік деңгейінде түсінікті орталық консоль, ойластырып орналастырылған ұсақ-түйек бөлімшелері, навигациялық және ақпараттық ойын-сауық жүйелері және т.б.
  • Мультимедиа экраны Toyota RAV4 қосылуға және ыңғайлылықты арттыруға мүмкіндік беретін жаңа мультимедиа жүйесімен жабдықталған. Орталық консольдегі жаңа 10,5 дюймдік сенсорлық дисплей саладағы жаңа стандарттарды белгілейді. Apple CarPlay сымсыз интерфейсі кез келген жаңа смартфондарды автокөлікке оңай қосуға мүмкіндік береді.
  • Цифрлық аспаптар тақтасы Toyota RAV4 жаңартылған 12,3 дюймдік цифрлық аспаптар тақтасын, стиль мен шығарылатын ақпаратты жүргізушінің қалауына және қазіргі қозғалыс жағдайларына сәйкес келетіндей етіп реттеуге болады. Төрт тақырыптық стиль қолжетімді: Casual, Smart, Sport және Tough. Жүргізушінің талап-тілектеріне одан әрі сәйкес келуге кепілдік беретін үш орналасу нұсқасы қарастырылған. Сонымен қатар дисплейде көрсетілетін ақпаратты таңдауға болады.
19" жеңіл қорытпалы дискілер
Ықшам дизайн
Стильді орындықтар
Жайлы салон
Жол талғамайтын

19" жеңіл қорытпалы дискілер

Таңдаулы дизайны бар әдемі жеңіл қорытпалы дискілер

Ықшам дизайн

Алдыңғы тұман шамдары мен тордың әдемі және әсерлі дизайнымен баршаны таңғалдырыңыз. Ал алдыңғы спойлер жеңілдетілген дизайнды одан әрі күшейте түседі.

Стильді орындықтар

Интерьер жай ғана ыңғайлы болумен қатар, жақсы көрінуі де керек. Интерьердің қара былғарыдан жасалған нұсқасынан басқа, интерьердің жаңа түстері - сұр және сарғыш түстері ұсынылады. Ал ыңғайлы орындықтар керемет қолдауды қамтамасыз етеді.

Жайлы салон

Алдыңғы панельде қажеттінің барлығы бар: Маңызды мәліметтерді жылдам оқуға арналған жұқа үлдірлі резисторлардағы (TFT) 12,3 дюймдік цифрлық аспаптар тақтасы, HD класындағы 8 дюймдік түрлі-түсті мультимедиа дисплейі, навигация жүйесі, Apple CarPlay сымсыз интерфейсі және т.б.

Жол талғамайтын

Шанақтың кішірейтілген аспалары мен жақсартылған геометриясы көлікті тұраққа қиналмай қоюмен қатар, тік өрлерге қорықпай көтерілуге де мүмкіндік береді.

Спорттық мінез және жоғары технологиялық деңгейі

Toyota TSS+ кешені. Қауіпсіз сапарлар үшін

«TSS+ кешені дегеніміз — жүргізушіге автокөлік жүргізуге көмектесуге және тас жолда да, қала көшелерінде де, тұрақтарда да қауіпсіз қозғалуға арналған жүйелер жиынтығы. TSS+ кешені бар автокөлікте сіз әрдайым қауіпсіздікте боласыз».
  • Соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS)

    Соқтығысудың алдын алу жүйесі басқа көліктермен, жаяу жүргіншілермен және велосипедшілермен соқтығысу қаупін бақылайды және апаттардың алдын алуға көмектеседі. Жүйе дыбыстық және визуалды ескертулер береді және қажет болған жағдайда тежегіштерді қолданады. Егер жүргізуші тежеуді орындауға үлгермесе, соқтығысуды болдырмау немесе жеңілдету үшін тежегіштер автоматты түрде қосылады. Жүйе автокөліктерді, жаяу жүргіншілерді, велосипедшілерді және мотоциклшілерді анықтай алады. Қиылыстардағы соқтығысудың алдын алу жүйесі және төтенше жағдайларда рульді тұрақтандыру жүйесі қиылыстардан өту және кедергілерді күрт айналып өту кезінде күндізгі қозғалыс қауіпсіздігін арттырады.

  • Бұл жүйе алда келе жатқан көлік құралына дейінгі қашықтықты сақтауға көмектеседі. Егер бұл қашықтық азаятын болса, жүйе автокөліктің жылдамдығын төмендетеді және ең болмағанда стоп-сигналдарды қосу арқылы тежегіштерді қолданады.

  • BSM жүйесі жүргізушіге сыртқы артқы айналарда көрінбейтін көліктер туралы ескертеді. Бұл қозғалыс қауіпсіздігін анағұрлым арттырады (мысалы, басқа жолаққа ауысу және басып озу кезінде).

  • Тұрақ орнынан артқы жүріспен шыққан кезде бұл жүйе көлік құралдарының сол және оң жақтан жақындап келе жатқанын бақылайды, жүргізушіге ескертеді немесе соқтығысудың алдын алу үшін тежегіштерді қолданады.

  • Жүйе маневр жасауды жеңілдетеді және қауіпсіздікті арттырады, төрт камерадан алынған кескіндерді көліктің айналасындағы кеңістіктің панорамалық кескініне біріктіреді.

  • Жүргізуші автокөліктен түскен кезде, бұл жүйе оған артқы орындықта жолаушының немесе қандай да бір заттың бар екенін ескертеді. Ескерту аспаптар тақтасындағы хабарлама түрінде беріледі. Немесе (нұсқасына қарай), есіктерді жапқаннан кейін, апаттық жарық сигналын беру жүйесі қосылып, зуммер сигналы естіледі.

RAV4 галерея-сы

*Шынайы автокөлік экстерьерінің элементтері суретке сай болмауы мүмкін.

Маған керек