Skip to Main Content (Press Enter)
loading content

Стандартты жабдықтаудың ерекше деңгейі

Toyota LC300-ді қарсы алыңыз: қуатты SUV дизайны және ерекше сапалы толық жетекті жүйе — әсерлі сапарлар үшін ең жақсы таңдау.

  • Дизайн

    Toyota Kazakhstan

  • Жол талғамайтын сипаттамалары (тех.)

    Toyota Kazakhstan

  • Жолдағы мүмкіндіктер

    Toyota Kazakhstan

  • Қауіпсіздік

    Toyota Kazakhstan

  • Ыңғайлылық

    Toyota Kazakhstan

  • Жайлылық

    Toyota Kazakhstan

Forced client side injection based on cached strategy

POST https://dxp-webcarconfig.toyota-europe.com/v1/grade-selector/kz/kk?modelId=92aa73e0-411e-4633-a620-9784ffbfcd2b

Дизайн

Талғампаз кемелдік

Land Cruiser 300 өзінің әсерлі пропорцияларымен және күшті сызықтарымен көз тартады. Аңызға айналған негізгін қалаушылардың дәстүрін жалғастыра отырып, Land Cruiser уақыттан тыс силуэтінде танымал ДНҚ-ын сақтап қалды. Қалада, трассада немесе қиын жерлерде — Land Cruiser 300 кез келген жағдайда сенімділікпен жүреді.

Дизайн
  1. Шанақ
    1. Land Cruiser 300
      Мәңгілік талғампаздық
      Land Cruiser — жол талғамайтын көліктер арасындағы кемелдік нышаны. SUV класының басқа өкілдерінен оны ерекше басқарылуы мен бірден танылатын дизайны ерекшелейді. Күшті әрі ұзартылған капоттан жолдағы сенімді келбетке дейін — Land Cruiser 300 өзінің дәстүрлері мен тарихына адал болып қалады.
    2. Өнімділік пен стильдің үйлесімі

      Land Cruiser 300 — бұл дизайн, озық технологиялар мен функционалдылықтың мінсіз үйлесімі. Автокөліктің алдыңғы жағында сенімді әрі күшті келбетті айқындайтын фирмалық жарықдиодты фаралар мен бүтін радиатор торы назар аударады.

       Land Cruiser 300 Land Cruiser 300
    3. Land Cruiser 300
  2. Салон
    1. Land Cruiser 300
      Жайлылық кепілдігі
      Теңдесі жоқ жайлылықты бағалаңыз. Land Cruiser 300 салоны сән-салтанат пен кеңістік сезімін сыйлап, мінсіз эргономика мен жоғары сапалы материалдарымен ерекшеленеді. Электржетекпен реттелетін, есте сақтау функциясы, жылыту және желдету жүйесі бар орындықтар күн бойы жайлылықты қамтамасыз етеді.
    2. Land Cruiser 300
      Орындықтың арқалығына сүйеніп, сапардан ләззат алыңыз.
      Жылыту және желдету жүйелері бар эргономикалық орындықтардың арқасында Land Cruiser 300 көлігінің екінші қатарындағы жолаушыларға да ерекше жайлылық ұсынылады. Төрт аймақты климат-контроль жүйесі кез келген ауа райында барынша жайлылықты қамтамасыз етеді.
    3. Мінсіздік – әр бөлшегінде.
      Интерьердің әрбір элементі жайлылықты, эргономиканы және төзімділікті ескере отырып жасалған. Есік панеліндегі ыңғайлы орналасқан ауыстырып қосқыштар, смартфонға арналған сымсыз зарядтау құрылғысы және кең стақан қойғыштар сияқты бөлшектер әр сапардың жайлылығын арттырады.
    4. Land Cruiser 300
      Барлығына жеткілікті орын
      Кең салон мен жиналмалы артқы орындықтардың арқасында Land Cruiser 300 көлігіне жүк те, белсенді демалысқа арналған керек жабдықтар да оңай сияды. Биіктігін реттейтін электржетегі және жад функциясы бар артқы есіктің арқасында жүк тиеу процесі де айтарлықтай жеңілдетілген.
    5. Land Cruiser 300
  3. GR Sport
    1. Land Cruiser 300 GR SPORT
      Өзіңіз туралы мәлімдеңіз
      GR SPORT жинақтамасы үлкенге ұмтылатындар үшін жасалған және аңызға айналған Toyota жол талғамайтын көлігіне айрықша тартымды және динамикалық көрініс береді. Шынайы және қайталанбас Land Cruiser 300 GR SPORT ерекше дизайны арқылы өз бірегейлігін айқын көрсетеді.
    2. Әсерлі дизайн

      Land Cruiser 300 GR SPORT көлігінің ерекше және айқын келбеті Land Cruiser рухын толық сақтап қалған. Күшті алдыңғы бампер, айқын қара дөңгелек қаптамалары, стильді Toyota логотипі мен танымал GR SPORT эмблемасы – сіздің автокөлігіңіз әрдайым көз тартарлық болмақ.

       Land Cruiser 300 GR SPORT
    3. Land Cruiser 300 GR SPORT
      Мінсіз салон
      Land Cruiser 300 GR SPORT — Land Cruiser желісіндегі стиль шыңы. Бассүйегіштеріндегі GR SPORT логотиптері мен жоғары сапалы әрлеу материалдары автокөліктің мәртебесін айқындай түседі.

Динамика

Теңдесі жоқ мүмкіндіктер

Land Cruiser 300 кез келген сапарда жаңа стандарттарды айқындайды. Жолдағы бірқалыпты жүріс пен сенімді басқару аңызға айналған өтімділікпен үйлесім тапқан. Жоғары динамикалық көрсеткіштер берік рамамен, төмен орналасқан ауырлық орталығымен және жаңартылған гидроқозғалтқышпен қамтамасыз етіледі, бұл кез келген жылдамдықта мінсіз басқаруға кепілдік береді.

Динамика
  1. Жолсыз жерлерге арналған
    1.  Land Cruiser 300
      Кедергілерді еңсеруге арналған
      Land Cruiser 300 мүмкіндіктерінің негізі — жолда да, жол сыртында да берік рама, салмақтың оңтайлы таралуы және жеңіл платформа. Бұл функциялардың барлығы бірігіп, динамика, қауіпсіздік және жүргізу жайлылығы бойынша жаңа стандарттарды орнатады.
    2. Өтпейтін жолдар жоқ

      Айбынды жол саңылауы, тұрақты толық жетек және сенімділігі дәлелденген жол талғамайтын көлік арқасында Land Cruiser 300 ең қиын жолдарды бағындырушы. Құлыпталатын дифференциалдар, жетілдірілген аспа және төмендетілген берілісті толық жетек арқасында кез келген жолды бағындыру сіздің қолыңызда.

      Land Cruiser 300 on the move in snowy conditions
    3. Land Cruiser 300
  2. Теңдесі жоқ технологиялар
    1. Land Cruiser 300
      Автокөлікке толық бақылау
      Жолсыз жерлерде барынша жайлы қозғалыс үшін Land Cruiser 300 көлігі Toyota-ның алдыңғы қатарлы e-KDSS кинетикалық аспа тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған. Жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін Auto Multi-Terrain Select жүйесі жол жағдайларын алдын ала талдап, тегіс жүру үшін автокөліктің жұмысын оңтайландырады.
    2. Toyota Kazakhstan
      Барлығы бақылауда
      Жолсыз жерлерде қозғалу үшін жағдайды толық бақылау қажет. Ажыратымдылығы жоғары камералары бар 3D Multi-Terrain Monitor жүйесі автокөлік астындағы жер бедерін де көрсетіп, жол жағдайын мультимедиалық экранға шығарады.
  • Бензинді қозғалтқыш 3,5 л

    Күш қондырғысы
    Бензинді қозғалтқыш 3,5 л
    Қуаты (а.к.)
    415
    Отын шығыны (л / 100 км)
    12.1
    CO2 (g/100km)
    275
    Үдеу (0–100 км/сағ)
    6.8
    Жетек
    Тұрақты толық жетек
    Беріліс қорабы
    10 сатылы АБАҚ
  • Бензинді қозғалтқыш 4,0 л

    Күш қондырғысы
    Бензинді қозғалтқыш 4,0 л
    Қуаты (а.к.)
    275
    Отын шығыны (л / 100 км)
    12.4
    CO2 (g/100km)
    283
    Үдеу (0–100 км/сағ)
    10.7
    Жетек
    Тұрақты толық жетек
    Беріліс қорабы
    6 сатылы АБАҚ
  • Дизельді қозғалтқыш 3,3 л

    Күш қондырғысы
    Дизельді қозғалтқыш 3,3 л
    Қуаты (а.к.)
    299
    Отын шығыны (л / 100 км)
    8.9
    CO2 (g/100km)
    235
    Үдеу (0–100 км/сағ)
    6.9
    Жетек
    Тұрақты толық жетек
    Беріліс қорабы
    10 сатылы АБАҚ

Қауіпсіздік

Өте жақсы басқарылу

Инновациялық технологиялар жүргізу кезінде ең жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Toyota Safety Sense жүйесінің ең жаңа нұсқасы бар Land Cruiser 300 көлігі соқтығысудың алдын алуға арналған жетілдірілген Pre-Collision System (PCS) жүйесімен жабдықталған. Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BSM) жүргізушіге қозғалыс жолағын ауыстырған кезде қолдау көрсетеді.

Қауіпсіздік
  1. Toyota Safety Sense
    1. LCV1001a_22
      Қауіпсіз және жайлы сапарларға арналған
      Land Cruiser 300 тәуліктің қараңғы мезгілінде де, қалалық жағдайларда да жүргізушіге қолдау көрсететін озық қауіпсіздік технологияларымен жабдықталған. Шалғай жарықты басқару жүйесі (AHB) тәуліктің қараңғы мезгілінде көріністі арттырып, жол қозғалысының басқа қатысушыларын көз қарықтырмайды. Қауіпсіз шығу жүйесі (SEA) қала көшелерінде есіктер ашылған кезде ықтимал соқтығыстар туралы ескертеді.
    2. Соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS)
      Соқтығысудың алдын алу жүйесі кедергілерді анықтай алады және басқа автокөліктермен, жаяу жүргіншілермен, велосипедшілермен және мотоциклдермен соқтығысуды болдырмауға көмектеседі. Жүйе дыбыстық және визуалдық ескертулер береді және қажет болған жағдайда тежегішті іске қосады. Жүргізуші дер кезінде тежей алмаса, соқтығысудың алдын алу немесе қауіпті азайту үшін тежегіштер автоматты түрде басылады. Бұған қоса, жол қиылыстарында соқтығысудың алдын алу жүйесі (Intersection Collision Avoidance Support) және төтенше жағдайда рульді тұрақтандыру жүйесі (Emergency Steering Assist Support) жол қиылыстарынан өту және кедергілерді кенеттен айналып өту кезінде күндізгі уақытта қозғалыстың қауіпсіздігін арттырады.
    3. Алдыда жүріп бара жатқан автокөлікке дейін қауіпсіз қашықтықты ұстау функциясы бар бейімделетін круиз-контроль (DRCC)
      Алдыда жүріп бара жатқан көлік құралына дейін берілген қашықтықты ұстап отыруға көмектеседі. Егер бұл қашықтық қысқарса, жүйе автокөліктің жылдамдығын азайтады және ең шекті жағдайда стоп-сигналдарды қоса отырып, тежегіштерді іске қосады.
    4. ФАРАЛАРДЫҢ ШАЛҒАЙ ЖАРЫҒЫН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ (AHS)
      Шалғай жарықты автоматты түрде басқару жүйесі түнгі уақытта көлік жүргізу кезінде барлық жол қатысушысына оңтайлы көріністі қамтамасыз етеді. Артқы көрініс айнасында орнатылған камера қарсы бағыттағы автокөліктердің жарық сәулесін анықтап, сонымен қатар көшедегі жарықтың жарықтылығын бақылайды. Жүйе шалғай және жақын жарықты автоматты түрде ауыстырып, қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етіп, жүргізушінің жолға толық назарын аударуына мүмкіндік береді.
    5. Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BSM)
      Руль дөңгелегінің үстінде орнатылған камераның көмегімен бұл жүйе жүргізушінің зейінділігі мен күйін бақылайды. Концентрацияның төмендеу және шаршаңқылық белгілері анықталған жағдайда дыбыстық ескерту беріледі. Сонымен бірге ертең кезеңдерде зейін деңгейінің төмендеуін анықтау арқылы бұл жүйенің деректері қозғалысты шұғыл тоқтату жүйесінің (EDSS) жұмыс істеу тиімділігін жоғарылату үшін қолданылады.
    6. ҚОЗҒАЛЫСТЫ ШҰҒЫЛ ТОҚТАТУ ЖҮЙЕСІ (EDSS)
      Егер жүйе жүргізушінің біршама уақыт бойы қандай да бір әрекеттер жасамай отырғанын анықтаса, ескертуші дыбыс сигналы беріледі. Егер жүргізуші оны елемесе, EDSS автокөліктің жүріп келе жатқан қозғалыс жолағынан шығып кетуіне жол бермей, оны бірқалыпты тежеп тоқтатады. Бұл ретте апаттық жарық сигналын беру жүйесі іске қосылады және барлық есіктердің құлыптары ашылады. Бұл қозғалыстың басқа қатысушыларына ескерту және қажеттілік туындайтын болса, төтенше қызметтерге автокөлікке кіруді жеңілдету үшін жасалады.
    7. Қауіпсіз шығу жүйесі (SEA)
      Осы жүйенің жұмыс істеу принципі көзден таса аймақтарды бақылау жүйесінің радарларына негізделген. Бұл жүйе жолаушы есікті ашқан кезде арттан жақындап келе жатқан автокөлікпен немесе велосипедшілермен соқтығыстың алдын алуға көмектеседі. Сыртқы артқы көрініс айналарында және мультимедиялық жүйенің дисплейінде соқтығысу қаупі анықталған жағдайда ескерту индикаторлары жанады және ескертуші дыбыс сигналы беріледі.

Технологиялар

Жеңіл басқару

Land Cruiser 300 цифрлық аспаптар тақтасы барлық жағдайдан хабардар болуға мүмкіндік береді. Көпфункциялы аспаптар қалқаншасы мен проекциялық дисплейдің арқасында басқарудың жеңілдігін тамашалаңыз. Жылдам әрекет ететін мультимедиалық сенсорлық экран және Apple CarPlay және Android Auto жүйелерімен толық интеграция арқылы сүйікті қолданбаларыңызға оңай қол жеткізіңіз.

Технологиялар
  1. Цифрлық кокпит
    1. Land Cruiser 300
      Жолдан көз жазбаңыз
      Жолға толық назар аудару үшін проекциялық дисплей маңызды қозғалыс туралы ақпаратты тікелей көз алдыңызға шығарады. 12,3 дюймдік сенсорлық экран қолмен басқаруды ыңғайлы етеді, ал Land Cruiser 300-ге орнатылған 14 динамигі бар JBL аудиожүйесі дыбыс сапасын жаңа деңгейге көтереді.
    2. Toyota Kazakhstan
      Барлық қажетті ақпарат әрдайым қолжетімді.
      Көпфункциялы аспаптар қалқаншасын қабылдауды жеңілдетіп, кең мүмкіндіктер ұсынады Оны әртүрлі ақпаратты көрсету үшін баптауға болады — бағыт бойынша нұсқаулардан бастап Land Cruiser 300 жүргізушісіне көмек көрсету жүйелерінің күйіне дейін.
  2. Configure Chapter

КӨЛІКТІҢ ВИРТУАЛДЫ ШОЛУЫ

Toyota model car

Land Cruiser 300 тегін тест-драйвтан
өтіңіз – онлайн жазылыңыз!



Close icon