Skip to Main Content (Press Enter)
loading content

Стандартты жабдықтаудың ерекше деңгейі

Жолдарды бағындыру үшін жасалған және кез келген жинақтамадағы жабдықталуымен таң қалдырады.

  • Жүргізу жеңілдеді

    Corolla Sedan

    Corolla жүргізуден ұмытылмас сезімдер сыйлайды

  • Қауіпсіздік ең алдымен

    Toyota Corolla Sedan

    Сізді және жол қозғалысының басқа қатысушыларын қорғау үшін жасалған қауіпсіздік жүйелері

  • Жайлы саяхаттаңыз

    Toyota Corolla Sedan

    Әдемі және кең салон жайлылығымен ерекшеленеді және стильді көрінеді

  • Қозғалысы жатық және елгезек трансмиссиялар

    Toyota Corolla Sedan

    Кез келген жағдайда теңдесі жоқ динамика

  • Қосылу мүмкіндіктері

     Corolla Sedan

    Toyota мультимедиялық жүйесі смартфонмен интеграцияны қолдайды.

  • Әр бөлшегіндегі динамика

    Toyota Corolla Sedan

    Сүйірленген контурлары Toyota-ның жарыстық мұрасын бейнелеп, автокөліктің таңдаулы екенін айшықтап тұр.

Read timed out

POST https://dxp-webcarconfig.toyota-europe.com/v1/grade-selector/kz/kk?modelId=65bfd91d-f2a8-4cbb-bdbc-3834b400492a

Дизайн

Өмір үшін ең үздігі

Седан Corolla — озық технологиялардың сырбаз бейнесі. Отын үнемділігінің және кең салонының арқасында ол ыңғайлылық бойынша үміттерді ақтап қана қоймай, заманауи дизайнының, жүрісінің жатықтығының және динамикасының есебінен эмоциялар деңгейінде де сүйсіндіреді.

Дизайн
  1. Экстерьер дизайны
    1. Toyota Corolla Sedan
      Әр бөлшегіндегі динамика
      Corolla седанының келбетінде күшті пропорциялар жоғары технологиялы беттермен үйлесім тапқан. Оның аэродинамикалық сұлбасы уақыт өлшеміне бағынбайды, оған қоса әрбір бөлшек пен орындау — заманауи эстетиканың бейнесі.
    2. Сырбаз болу үшін жаралған

      Динамикалық дизайны мен әдемі әрлеуі Corolla седанын әрбір бөлшектегі стиль бейнесіне айналдырады.

      Toyota Corolla Sedan Toyota Corolla Sedan
    3.  Toyota Corolla Sedan
      Әсерлі сырт келбет
      Corolla седанның сәнді әрі заманауи келбетінің түйінді элементі — автокөліктің төмен орналасқан ауырлық ортасын және атлеттік пропорцияларын айшықтап көрсететін әсерлі радиатор торы.
    4. Toyota Corolla Sedan
  2. Салон жайлылығы
    1. Toyota Corolla Sedan
      Технологиялардың талғамшылдықпен үйлесетін жері
      Өзіңізге өз классы бойынша теңдесі жоқ жайлылық пен ыңғайлылықты ашыңыз. Corolla седанының атмосфералық жарығы және әдемі көп функциялы дисплейлері бар жайлы салоны ұсақ-түйекке арналған көптеген бөлімдермен және ыңғайлы екі аймақты климат-контрольмен жабдықталған.
    2. Орындықтың арқалығына шалқайыңыз да, сапардан ләззат алыңыз

      Corolla седанының стильді, ыңғайлы және эргономиялық орындықтары тіпті ең ұзақ сапарларда да жайлылықты қамтамасыз етеді.

      Toyota Corolla Sedan  Toyota Corolla Sedan
*Суреттерде көрсетілген сыртқы және ішкі әрлеу элементтері таңдаған жинақтама мен нарықтағы қолжетімділікке байланысты өзгеруі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін Toyota-ның ең жақын ресми дилеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Технологиялар

Қозғалыстағы цифрлық технологиялар

Corolla седаны сымсыз зарядтау функциясымен жабдықталады және сізге әрдайым байланыста болуға көмектесетін Apple CarPlay және Android Auto интерфейстері арқылы қосылатын ауқымды мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Corolla седанындағы сымсыз байланыс арқылы бағдарламалық құралды жаңарту функциясының арқасында бүкіл әлем алақаныңызда.

Технологиялар
  1. Цифрлық аспаптар тақтасы
    1. Интуитивті түсінікті аспаптар цифрлық аспаптар тақтасы
      Цифрлық аспаптар тақтасына мультимедиа контенті де, жүргізуші үшін маңызды деректер де шығарылады.
    2.  Toyota Corolla Sedan
      Барлық қажетті ақпарат әрдайым қолжетімді.
      Ақпараттың оқылу ыңғайлылығы және көру деңгейінен сәл төмен оңтайлы орналасуы жүргізушінің жолдан алаңдауын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Интерфейсті төрт дизайнерлік тақырыптың көмегімен дербестендіруге болады: Casual, Smart, Sport және Tough.
    3. Corolla Sedan
  2. Мультимедиа
    1. Toyota Corolla Sedan
      Жеңіл басқару
      Corolla-ның мультимедиа жүйесінің 10,5 дюймдік дисплейі арқылы бірқалыпты цифрлық тәжірибеден ләззат алыңыз. Apple CarPlay және Android Auto-ны толық қолдайтын жарқын және елгезек дисплей сүйікті қолданбаларыңызға тез әрі жеңіл кіруге мүмкіндік береді.
    2. Навигация және Apple CarPlay

      Corolla прецизиялық навигация жүйесімен бірге уақытыңыз бен отынды үнемдеңіз. Межелі орындарды сенсорлы дисплей немесе дауыспен басқару арқылы енгізіңіз және экранда көрсетіліп тұрған таңдалған бағдарға түсіңіз.

    3. Дауысты тану және хабарламалар алмасу

      Жолда байланыста болу оңай. Жаңа хабарламалар мен жауаптарды тез жіберу үшін Corolla дауыстық басқаруын және хабарламалар алмасу функциясын пайдаланыңыз. Жауаптардың дайын шаблондарының көмегімен уақытыңызды үнемдеңіз.

    4. Toyota Kazakhstan
  3. Configure Chapter
  • Бензинді қозғалтқыш 1.6 л

    Күш қондырғысы
    Бензин
    Қуаты (а.к.)
    166
    Отын шығыны (л / 100 км), аралас циклде
    6.4
    CO2 (g/100km), аралас циклде
    150
    Үдеу (0–100 км/сағ)
    10.8

Жүргізу ләззаты

Ойластырылған жайлылық пен сенімділік

Corolla седаны Toyota инженерлік тәжірибесінің бай мұрасын негізге алады. Бензин нұсқасы сыналған технологияларды, үнемділікті және сенімді динамиканы үйлестіріп, қалада да, тас жолда да жайлылықты қамтамасыз етеді. Бұл – күнделікті сапарлар мен ұзақ жолдарға арналған сенімді автомобиль.

Көлік жүргізуден ләззат алу
  1. Configure Chapter
  2. Басқарымдылық және жайлылық
    1. Toyota Corolla Sedan
      Жайлылық және толық бақылау
      Corolla седанын жүргізу шынайы ләззат сыйлайды: шыңдалған басқарымдылық және жағдайды толық бақылау көлік тізгінінде бойыңызға сенімділік береді. Қатты шанағының арқасында автокөлік кез келген жол жабындарында жүрісінің тамаша жатықтығын көрсетеді.
    2. Жүрісінің жоғары жатықтығы және жақсартылған басқарымдылық

      Corolla седанының жүрісінің жоғары жатықтығы әрбір сапарды жайлы саяхатқа айналдырады: межелі орынға жеткен кезде өзіңізді сергек және энергияға толы сезінетін боласыз.

      Toyota Corolla Sedan Toyota Corolla Sedan
    3. Аспаның оңтайлы баптаулары және төмен ауырлық ортасы

      Төмен орналасқан ауырлық ортасының және аспасының теңгерілген баптауларының арқасында Corolla седанын басқару жеңіл және оңай. Ол көлік тізгінінде сенімділік береді және жүргізуден ләззат сыйлайды.

       Toyota Corolla Sedan Toyota Corolla Sedan

Безопасность

Қауіпсіздік, тек қана қауіпсіздік және тағы да қауіпсіздік

Toyota Corolla сіздің сенімді жүргізу көмекшіңізге айналатын T-Mate озық қауіпсіздік жүйелерінің кешенімен жабдықталады. T-Mate — тас жолда да, қала көшелері мен тұрақтарда да жүргізушіге автокөлікті басқаруға көмектесуге және жүргізуді анағұрлым қауіпсіз етуге арналған жүйелер жиынтығы.

Қауіпсіздік
  1. Toyota Safety Sense
    1. Toyota Corolla Sedan
      T-Mate
      T-Mate — сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге арналған Toyota Safety Sense (TSS) жүргізушінің көмекші жүйелерінің инновациялық кешенінің жаңа буыны. Сымсыз байланыс арқылы жаңарту функциясы автокөлігіңізге барлық жүйелердің бағдарламалық құралдарының нұсқаларының актуалды болуын кепілдендіреді.
    2. Соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS)
      Соқтығысудың алдын алу жүйесі кедергілерді анықтай алады және басқа автокөліктермен, жаяу жүргіншілермен, велосипедшілермен және мотоциклдермен соқтығысуды болдырмауға көмектеседі. Жүйе дыбыстық және визуалдық ескертулер береді және қажет болған жағдайда тежегішті іске қосады. Егер жүргізуші уақтылы тежеуге үлгермесе, соқтығысудың алдын алу немесе оны жұмсарту үшін жүйе тежеу механизмдерін іске қосады. Бұған қоса, жол қиылыстарында соқтығысудың алдын алу жүйесі (Intersection Collision Avoidance Support) және төтенше жағдайда рульді тұрақтандыру жүйесі (Emergency Steering Assist Support) жол қиылыстарынан өту және кедергілерді кенеттен айналып өту кезінде күндізгі уақытта қозғалыстың қауіпсіздігін арттырады.
  2. Configure Chapter

Арнайы ұсыныс

Corolla Sedan

Шектеулі ұсынысты пайдаланыңыз
Толығырақ білу

КӨЛІКТІҢ ВИРТУАЛДЫ ШОЛУЫ

        

Toyota model car

Corolla тегін тест-драйвтан өтіңіз
– онлайн жазылыңыз!



Close icon