Skip to Main Content (Press Enter)
HEV

Жаңа Toyota RAV4

Аңыз қайта оралды

Кроссовер сегментінің негізін қалаған Toyota моделі бұл бағыттағы дамудың стандарттарын белгілей бермек.Жаңа буындағы көшбасшы — бұл гибридті қозғалтқыштың қуаты мен осы аңызға айналған көліктен күтілетін қауіпсіздік пен жол талғамайтын мүмкіндіктердің үйлесімі.Жаңа буындағы RAV4 — үлкен сапарға дайын. ​

*RAV4 гибрид нұсқасына арналған алдын ала көрсеткіштер

Екі технологияның күші: гибрид еркіндігі

Қазақстанда алғаш рет – гибридті RAV4.​ Динамикалық 2.5 литрлік қозғалтқышпен және өзін-өзі қуаттайтын гибрид жүйесімен жабдықталған аңызға айналған кроссовер Toyota-ның ең жаңа технологияларының барлық артықшылықтарын ұсынады.​ Ол қалада да, тас жолда да және жолсыз жерде де жеңіл әрі сенімді жүргізуді қамтамасыз етеді.

Сенімді болу үшін жаралған
Бұрын-соңды болмаған қуат
Сенімділік пен еркін қозғалыстың заманауи көрінісі — жаңа RAV4 әмбебаптығымен және талғамды стилімен ерекшеленеді.​ Көліктің брутальды келбеті мен айқын сызықтары қала сыртындағы шытырман оқиғаларға әрдайым дайын екенін көрсетеді және RAV4-тің дәстүрлі сапа мен жайлылықты сақтай отырып, әрқашан алдыңғы қатарда болуға деген ұмтылысын бейнелейді.

ЖАҢА КЕЛБЕТТЕГІ АҢЫЗ

Жаңа RAV4 өзінің нағыз болмысын айқындайтын брутальды сыртқы келбетке ие болды. «Өмір – бұл шытырман оқиға» атты дизайн тұжырымдамасы RAV4-тің жаңа буынының белсенді рухын көрсетіп, әрқашан мүмкін еместі мүмкін етуге дайын екені туралы батыл уәде береді.

Соңғы технологиялар
БІРТҰТАС ЦИФРЛЫ ТӘЖІРИБЕ​
Мүлде жаңа RAV4 — көліктердің цифрлануындағы жаңа дәуірдің бастауы. Бұл кезеңде озық технологиялар қауіпсіздікті арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, Toyota-ның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларын толықтай жоюға үлес қосады.

Цифрлық кокпит

Кербез дизайн түбегейлі қосылыс мүмкіндіктерімен үйлеседі. Бұған қоса жаңа RAV4 бағдарламалық жасақтаманы «ауа арқылы» жаңарту және екі смартфонды сымсыз зарядтау функциясымен жабдықталады.*

Сіз үшін жасалған.

  • 12.3" Сандық аспаптар панелі Қалауыңызға қарай баптауға болатын цифрлық, 12,3-дюймдік аспаптар тақтасына көлік жүргізу туралы негізгі деректер, сондай-ақ жүргізушінің көмекші жүйелерінің және навигацияның ақпараты шығады.
  • 12.9" Мультимедиялық экран Лездік әрекетімен, түйсікпен түсінікті мәзірімен және жақсартылған дауыспен басқару мүмкіндігімен ерекшеленетін жаңа RAV4 мультимедиа жүйесін сондай-ақ өз қарауыңызға қарай баптауға болады. Бұл бас экранға да, виджеттерге де қатысты.
  • Проекциялық дисплей Жаңа RAV4-тің проекциялық дисплейі ақпаратты жүргізушінің көз алдына шығарып, оған жолдан көз алмай отырып, навигация нұсқауларын орындауға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік
Қауіпсіздік ең жоғарғы деңгейде.
Жаңа RAV4 жаңа стандарттарды орнатады. Toyota Safety Sense су жаңа жүйесі кешенді қорғаныстың жаңа дәуіріне жол бастайды. Жоғары технологиялық камералар мен радарлар автокөлік айналасында ылғи өзгеріп тұратын жағдайды тұрақты түрде қадағалайды. Инновациялар ішіндегі Rear Vision Approach индикаторы жүргізушіге артқы жақтан жылдам жақындап келе жатқан көлік құралдары туралы ескертеді.

Әрқашан жоғарғы даярлық күйінде

Toyota Safety Sense жүйесі қоршауларды, самокаттарды, велосипедтерді, жеңіл және жүк көліктерін тани алатын, нысандарды 3D тану интеллектуалды технологиясымен жабдықталып, көлік жүргізуді сіз үшін де, жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін де анағұрлым қауіпсіз етеді.

Болашағыңызды электрлендіріңіз
Не себепті Toyota?
Күнделікті өмірде ыңғайлы және жүргізуге қызықты, жаңа RAV4 гибридті қуат блогымен ұсынылады. Toyota гибрид жүйесі электр қуаты мен бензин қозғалтқышын үйлестіріп, кез келген сапарды тиімді, үнемді және жайлы етеді.

Жанармайды әдеттегідей толтырыңыз

Гибридті көлікті жанармаймен толтыру оңай әрі тез — қай жерде болсаңыз да. Кәдімгі жанармай құю бекетінде бензин құйсаңыз жеткілікті.

Арманыңды басқар

Toyota гибридтері екі энергия көзін өзінде табиғи түрде үйлестіреді. Электрмотор(лар) бензинді қозғалтқышты толықтыра отырып, әсерлі үдеумен қамтамасыз етеді.

Зарядтау қажет емес

Toyota гибридтерінің тартым батареялары қозғалыс кезінде зарядаталады. Ішкі жану қозғалтқышының арқасында сізге жүріс қоры не зарядтау туралы алаңдаудың керегі жоқ.
*Электрлендірілген көлік — бұл қозғалысқа бір немесе бірнеше электр қозғалтқышының көмегімен келтірілетін көлік түрі. Электрлендірілген көліктердің кейбірінде, соның ішінде гибридтер, бензин қозғалтқышы да болады.