Связаться

Toyota көлігін сатып алу және иелену: басты жеңілдіктер

Көлікке иелік етудің керемет тәжірибесін ұсыну миссиясын жалғастыру үшін Toyota Қазақстан барлық ресми дилерлік және сервис орталықтарында қызмет көрсетуге өзгерістер енгізді. Аталмыш өзгерістер брендтің инновацияларға және клиенттерді қанағаттандыруға үздіксіз ұмтылысын көрсетеді.

Өзгерістер Toyota брендімен өзара әрекеттестіктің барлық кезеңдерінде клиент тәжірибесін дамытуға және үздіксіз жетілдіруге бағытталған. Көлік сатып алу және иелену енді келесі негізгі артықшылықтарды қамтиды:

  • Сіздің Toyota. Сіздің таңдауыңыз:  Бренд клиенттері таңдау жасауда әрқашан толық еркіндікке ие. Ресми дилерлік орталықтардан Toyota көлігін аларда өндіруші зауыттан көлікті стандартты жинақтамада ресми Toyota дилері белгілеген, бірақ ресми www.toyotakz.com веб-сайтында көрсетілген ең жоғары қайта сату бағасынан аспайтын бағамен сатып ала аласыз немесе тапсырыс бере аласыз немесе бірегей қажеттіліктеріңізге қалауларыңызға сай түпнұсқа Toyota аксессуарларының көмегімен таңдалған көлік құралын дараландыра аласыз. Көлікті даралау мүмкіндігі мына жерде қолжетімді. 
  • Бензин толы бак: Клиенттерге қамқорлық жасау алғашқы шақырымдардан-ақ басталады. Ресми Toyota дилерлерінен жаңа көлік сатып алған кезде клиенттер жақын маңайдағы жанармай бекеттерінде толық бак жанармай құюға ваучер алады. Соның арқасында жаңа Toyota көлігінде саяхаттың басынан бастап сенімділік пен жайлылық қамтамасыз етіледі.
  • Таза көлік: Ресми дилерлік және сервис орталықтарында техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан Toyota көліктерінің иелеріне әрбір Техникалық қызмет көрсетуден кейін тегін көлік жуу қызметі көрсетіледі. Дилерлер көліктердің салоннан жаңа шыққан күнгідей тазалығын сақтауға тырысады, осы болмашы, бірақ өте маңызды іс Toyota және оның иесіне қамқорлық көрінісі екенін жақсы түсінеді.
  • 10 жылға дейін қосымша Toyota Relax кепілдігі: Техникалық қызмет көрсету кезінде Toyota клиенттерінің көлігіне берілетін кепілдікті келесі техникалық қызмет көрсетуге дейін немесе 10 000 шақырымға дейін ұзартудың бірегей мүмкіндігі беріледі, осылайша техникалық қызмет көрсетуге келген сайын қосымша кепілдік 10 жылға немесе 190 000 шақырымға ұзартылады. Бұл қосымша кепілдік өндіруші зауыт 3 жылға немесе 100 мың шақырымға берген ресми кепілдіктен асып кеткен көлік құралдары үшін ерекше құнды. *Toyota Relax сілтемеде (.PDF) келтірілген шарттармен ұсынылады.
  • Клиенттерге үздіксіз қолдау көрсету: Клиенттер дилерлік орталықтағы QR кодты сканерлеу арқылы Toyota Қазақстан өкіліне әрдайым оңай хабарласа алады.
Бұл өзгерістер брендтің клиенттерге деген адалдығындағы және Қазақстан мен Қырғызстанда көліктерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын белгілеудегі маңызды қадам болып табылады. Toyota Қазақстан Toyota брендімен өзара әрекеттестіктің және Toyota көлігіне иелік етудің әрбір кезеңінде клиенттерге барынша жайлылық пен сенімділікті қамтамасыз ету үшін инновациялар мен сапаға инвестиция салуды жалғастырады.

*Мәлімет тек ақпараттық-сипатқа ие, жария оферта немесе коммерциялық ұсыныс болып табылмайды. Шарттар қосымша анықтамалық бөлімдерде келтірілген. Егжей-тегжейлі ақпаратты ресми Toyota дилерлік және сервис орталықтарынан нақтылаңыз.

Қосымша анықтамалық мәлiметтер:

**1. Сіздің Toyota. Сіздің таңдауыңыз.

Toyota көлігін ресми дилерлік орталықтан сатып алған кезде таңдау еркіндігі өзіңізде болады:

• көлікті өндіруші зауыттан стандартты жинақтамада сіз көлік сатып алатын ресми Toyota дилері белгілеген (бірақ ресми Toyotakz.com сайтында көрсетілген ең жоғары қайта сатып алу бағасынан аспайтын) бағамен сатып ала аласыз немесе тапсырыс бере аласыз немесе

• таңдалған көлікті бірегей қажеттіліктеріңізге қарай Toyota аксессуарларының көмегімен даралай аласыз. Өз талаптарыңызға және қалауларыңызға барынша сай келетін лайықты модель мен жинақтаманы келесі сілтеме арқылы https://shop.toyotakz.com/new таңдай аласыз.

***2. Бензин толы бак

Ресми Toyota дилерінен жаңа көлік сатып алған кезде Сіз басынан бастап алыс сапарларға дайын көлікке ие боласыз, себебі, оған жанармай құйылып қойған, сондай-ақ ресми Toyota дилерлері  өз клиенттеріне жақын маңайдағы жанармай бекеттерінде жанармай құюға ваучерлер береді. Жеңіл көліктерге 50 литрге дейін, ал жол талғамайтын көліктерге 100 литрге дейін жанармай құю мүмкіндігі бар ваучерлер беріледі. Демек, жаңа көлікте жайлы әрі ыңғайлы алғашқы сапардан ләззат алып қана қоймай, алыс сапарлар үшін жанармай қоры жеткілікті екеніне сенімді бола алады. Жаңа көлікті тізгіндеу Сіз көптен күткен рахатқа айналады. Бұл шарттар тек жеке тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.

****3. Таза көлік  

Қызмет ресми Toyota дилерінде техникалық қызмет көрсетуден өткен кезде Toyota көліктерінің иелеріне көрсетіледі.

Ресми дилерде қызмет көрсету тартымды және тиімді болуы үшін Toyota көліктерінің иелеріне әрбір Техникалық қызмет көрсетуден кейін тегін көлік жуу қызметі ұсынылады. Техникалық қызмет көрсетуден кейін көлікті тегін жуу шанақ жууды, кілемшелерді жууды/тазалауды және салонды тазалауды қамтиды.

*****4. Toyota Relax

Toyota барлық жаңа және қолданыста болған көліктерге арналған Toyota Relax кепілдігін іске қосты. Енді Toyota иелерінің 10 жылға немесе 190 000 шақырымға дейін Toyota Relax кепілдігін алудың бірегей мүмкіндігі болады. Регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өткеннен кейін сіз автоматты түрде Toyota Relax кепілдігін  аласыз, ол сізді күтпеген жөндеу жұмыстарынан қорғайды, сондай-ақ алдағы 12 айға немесе 10 мың шақырымға жан тыныштығын және сенімділік сыйлайды.

*Toyota Relax кепілдігі сілтемесінде көрсетілген шарттармен ұсынылады.

04.05.2010 ж. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 274-IV Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес сатушының қосымша міндеттемесі болып табылады.  Осы құжаттың барлық шарттары, сондай-ақ осы мәтіндегі «кепілдік» және «Toyota Relax» деген сөздер аталған заңға сәйкес сатушының қосымша міндеттемесі ретінде түсіндірілуі және түсінілуі тиіс.

******5. Тұтынушыға қолдау көрсету

Біз клиенттерімізге QR кодты сканерлеу және клиенттер қызметіне хабарлама жазу арқылы бізбен хабарласуға мүмкіндік бергіміз келеді. Онлайн қолдау көрсету дистрибьютор мен клиенттер арасында жедел байланыс орнауына септеседі және клиент дауысын жинауға ықпал етеді.