Toyota Smart Rent бағдарламасы — корпоративтік клиенттерге арналған тиімді жалға алу

Жаңа Toyota Smart Rent бағдарламасын ұсынамыз — ол техникалық қызмет көрсетілген автокөлікті заңды тұлғаларға жалға беруге мүмкіндік жасайды.

Бағдарламаның басымдықтары:

• Toyota автокөліктерінің қалдық құны жоғары болуының арқасында жалға алу бағасы төмен;
• Екі жыл сайын корпоративтік автопаркті жаңарту мүмкіндігі;
• Бастапқы жарнасы жоқ;
• Жалға алу кезеңінде ай сайынғы төлемі бекітілгендіктен девальвация әсерінен қорғалған;
• Автокөлік компанияңыздың* атында болмайды, бұл салықты аз төлеуге мүмкіндік береді.

*Автокөліктер жалдау кезеңі бойында жалға берушінің меншігінде болады, жалға алу уақыты аяқталғанда автокөлік жалға берушінің меншігіне қайтарылады

Барлық автокөлік үздік КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылған, ал сервистік және жөндеу жұмыстары Қазақстанның барлық өңірінде бар ресми дилер орталықтарында өтеді. Smart Rent-ті таңдай отырып, сапалы, жылдам және ыңғайлы қызмет аласыз.

Ай сайынғы төлемге мыналар кіреді:

• АҚЖМС (міндетті сақтандыру);
• КАСКО (франшизасыз);
• Сенімді GPS-трекер;
• Жалға алу мерзіміне көлік салығы;
• Жалға алу кезеңіне автокөлікке техникалық қызмет көрсету;
• 24/7 жолдағы көмек.

Бағдарламаның қосымша пайдасын айтқанда автокөліктің нақты тозуына байланысты ғана төлем жасайтыныңызды айтып өткеніміз орынды. Ал басқа шарттарын орындауға ресми дилер көмектеседі. Техникалық қызметтің (ТҚ) екі пакетінің бірін таңдауға болады: Prime* немесе Optimum.

Техникалық қызмет қосылған қызмет пакеттері:


Жұмыстар тізімі Optimum пакеті (стандартты ТҚК) Prime пакеті* (кеңейтілген ТҚК)
Май сүзгісін ауыстыру V V
Май ауыстыру V V
Отын сүзгісін ауыстыру V V
Тежеуіш сұйықтығын ауыстыру V V
Салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру V V
Салон және ауа сүзгілерін ауыстыру V V
Оталдыру білтесін ауыстыру V V
Аккумуляторды ауыстыру V
Қозғалтқыш белдігін ауыстыру V
Тежегіш қалыптарын ауыстыру V
Тежегіш дискілерін ауыстыру V


*PRIME пакетіндегі ТҚ тізімі шектелмеген, өйткені оған өзіңізге қажет деген техникалық қызметтің кез келген түрін қоса аласыз

Toyota Smart Rent бағдарламасы бойынша егжей-тегжейлі кеңесті ресми дилерлердің бірінен алуға болады.