Бұл кампанияның басты қаһармандары, әрине, Қазақстанның олимпиадалық спортшылары болды. ҰОК-нің қолдауымен жүзеге асқан кампанияның аясында, Toyota елді жеңіске жеткізу үшін барын салып жүрген спортшылардың жетістікке жету оқиғаларымен бөліседі.
"Олар – елдің мақтанышы және Қазақстан халқының рухының көрінісі. Сондықтан Қазақстанның мемлекеттік туын көкке көтеру үшін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген олимпиадалық спортшыларды қолдау мүмкіндігіне ие болу – біз үшін үлкен құрмет. Біз Ұлттық Олимпиада Комитетіне өз автокөліктерімізді қуана ұсынамыз және оларды Пхенчханда өтетін қысқы ойындардың қарсаңында беретінімізге ерекше қуаныштымыз – бұл біздің Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлесіміз және қолдауымыз", – деп атап өтті "Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Мэтью Симмонс мырза.