TOYOTA KIDS’ ROAD SAFETY

БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ

"Тойота Мотор Қазақстан" кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады.

Балалар — болашағымыз, ал олардың қауіпсіздігі — әрқайсымыз үшін маңызды. «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Kids’ Road Safety әлеуметтік жобасын бастады, оның мақсаты — балаларға жол қозғалысы ережесі негіздерін үйрете отырып, өскелең ұрпақты қорғау.

Toyota дилер орталықтары қызметкерлері Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы он бір қалада мектептерде тренинг өткізді — бастауыш мектеп оқушылары қызық тәжірибе алды. Викторина, ребус және мини-тест — оқу материалы интерактив формасында ұсынылды.

Оқушыларға әсіресе осы аттас үстел ойыны ұнап қалды — ойын бала жол қозғалысы ережесін аса қызығып меңгеруі үшін жасалған. Геймификация — тамаша әдіс. Екі мыңнан аса бала ойын мен жарық шағылыстырғыш браслетті сыйға алды.

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Симмонс:

«Бұл бірреттік кампания емес — балалардың қауіпсіздігі басты орынға қойылатын әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік бойынша саясатымыздың аясында осындай жобаларды жиі қолға аламыз. Сонымен қатар, клиенттерімізден және мәселеге бей-жай қарамайтын барлық азаматтан осы бағытта қызық идеялар мен ұсыныстар күтеміз...»

Біз балаларды жол қозғалысы ережесімен ерте жастан таныстыруға шақырамыз, өйткені бала жол қозғалысы қандай екенін түсініп, әр жағдайда қалай әрекет етуі керегін білуі керек. Қауіпсіздік басты орында.