2026 жылғы шілде, Қазақстан — Toyota Motor Kazakhstan компаниясы дилерлік желіні ауқымды жаңғырту жобасын сәтті аяқтады.
Жобаның соңғы кезеңі ретінде еліміздің астанасындағы Toyota Center Esil және Қырғыз Республикасындағы Toyota Center Bishkek дилерлік орталықтары жаңартылды. Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстандағы бүкіл Toyota дилерлік желісі енді брендтің бірыңғай заманауи тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейді.
Бұл жоба Toyota дилерлік желісін жаңарту бағытындағы ең ірі бастамалардың біріне айналды. Жоба аясында дилерлік орталықтар жаңғыртылып, бірыңғай қызмет көрсету стандарттары енгізілді және технологиялар, дизайн мен сервисті біртұтас экожүйеге біріктіретін кеңістіктер құрылды. Нәтижесінде брендпен өзара әрекеттесу бұрынғыдан да ыңғайлы, бірізді әрі жекелендірілген болды.
Бұл клиенттер үшін нені білдіреді?
Енді клиент қай қаладағы Toyota дилерлік орталығына барса да, бірдей жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді алады. Бірыңғай безендіру стандарттары, цифрлық құралдар, жайлы күту және автомобильді тапсыру аймақтары, сондай-ақ жаңартылған қызмет көрсету процестері брендпен өзара әрекеттесудің әр кезеңінде тұрақты әрі сапалы клиенттік тәжірибені қамтамасыз етеді.
Келесі қадам — клиенттік тәжірибені дамыту
Жаңа тұжырымдаманы енгізудің аяқталуы — бұл соңғы кезең емес, дилерлік желіні одан әрі дамытудың берік негізі. Алдағы уақытта Toyota Motor Kazakhstan жаңа цифрлық сервистерді енгізуді, қызмет көрсету процестерін жетілдіруді және Toyota автомобиліне иелік етуді бұрынғыдан да ыңғайлы, қарапайым әрі жайлы ететін шешімдерді дамытуды жалғастырады.
Жаңа тұжырымдама — бұл дилерлік орталықтардың жаңартылған дизайны ғана емес. Бұл Toyota компаниясының басты қағидатын көрсететін бірыңғай сапа стандарты: әрбір клиент үшін, дилерлік орталыққа әрбір келу сайын ең үздік тәжірибе қалыптастыру.