Skip to Main Content (Press Enter)

Toyota Жасыл айы-2025: біріктіретін қамқорлық

2025 жылғы 25 сәуірде Toyota Kazakhstan қызметкерлері «Toyota Жасыл айы» жаһандық бағдарламасы аясында өткізілетін жыл сайынғы экологиялық акцияға қатысты. Бастама табиғатты сақтауға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Биыл іс-шара компанияның 65 қызметкерінің басын қосып, №206 мектеп-гимназияның аумағында өтті. Акция барысында ауаның сапасын жақсартуға және мектеп аумағын көгалдандыруға ықпал ететін бірқатар пайдалы қасиеттері бар өсімдіктер – мәңгі жасыл туя мен арша көшеттері отырғызылды. 

«Toyota Жасыл күні» жобасы – компанияның экологиялық бастамаларды қолдау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі. Ұзақ жылдар бойы Toyota Kazakhstan экология мәселелеріне назар аудару және жастарды экологиялық маңызды бастамаларға тарту міндеттемелерін өзіне алып келеді.
Көшеттерді отырғызуға тек компания қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушылары да қатысты. № 206 мектеп-гимназия Қазақстанның табиғи ресурстарын сақтау жобалары аясында ынтымақтастық орнатуға ниет білдіре отырып, мектептен тыс экологиялық бастамаларды үнемі қолдап жүреді.
Toyota Kazakhstan — экологиялық таза технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – тұрақты даму мен көміртегі ізін азайтуға бағытталған жобаларды белсенді түрде іске асырып жүр. Компания қалаларды көгалдандыруға және экологиялық жауапты қоғамды қалыптастыруға үлес қосуға ұмтылады.  
«Toyota Жасыл айы» бағдарламасы компания қызметкерлерінің табиғатты қорғау бастамаларына жеке өзі қатысуына және экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуына мүмкіндік береді. Toyota Kazakhstan тұрақты болашаққа деген қадамын жалғастырып, табиғатты сақтауға бағытталған жобаларды қолдап келеді.