Skip to Main Content (Press Enter)

Армандағы автокөлік-2024:

Toyota Kazakhstan жыл сайынғы балалар суреті байқауының жеңімпаздарын анықтады

Toyota компаниясының «Армандағы автокөлік» сурет салу байқауы – бұл Toyota Dream Car Art Contest халықаралық өнер байқауының ұлттық кезеңі және ұлы жаңалықтардың көбіне кішкентай идеядан бастау алатынына қоғам назарын аударуға арналған ағартушылық іс-шара.

Бұл шығармашылық бастаманың ұйымдастырушылары сонау 2004 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарға адамзат үшін ерекше және пайдалы функциялары бар автокөлік ойлап тауып, сурет салуды ұсынып келе жатқан – Toyota Motor Corporation. Осы кезден бастап байқау жыл сайын өткізіледі. Ал 2020 жылы бұл белсенді іс-шараға алғаш рет Toyota Kazakhstan компаниясы қосылды.

«Біздің мақсатымыз – бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді автокөлік әлемімен таныстыру ғана емес, сонымен қатар жас суретшілердің, өнертапқыштар мен ойшылдардың шығармашылық қабілетін ашу, ең бастысы – оларды армандауға үйрету. Біздің командамыз аталмыш бастамалар арқылы осындай өмірлік ұстанымының құндылығы мен маңыздылығын өскелең ұрпаққа жеткізе алатынына сенеді. Біз бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің жылдан-жылға белсенді қатысып жүргенін, суреттердің Қазақстан мен Қырғызстанның әр түпкір-түпкірінен жіберіліп жатқанын жоғары бағалаймыз. Көптеген жұмыстар балалардың әлемдік автоиндустрияның болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл бізді қуантады», – деді Toyota Kazakhstan өкілдері.

Биыл байқау 2024 жылғы желтоқсан айынан бастап 2025 жылғы ақпан айы аралығында өтті. Дәстүр бойынша байқауға қатысуға балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шақырылды. 

Барлық ұйымдастырушылар әртүрлі техникамен орындалған 300-ден астам жұмыс алды. Құрамына суретшілер, педагогтер мен Қазақстанның көркемсурет шеберханаларының өкілдері – Аяулым Нұрбекова, Валерия Коржова, Александра Калачева кірген қазылар алқасы жұмыстарды бағалады.

«Біз көптеген шын мәніндегі көркем туындыларды көрдік. Біздің қатысушыларымыз жасына қарамастан, байқау тақырыбын қанық түстер, графикалық бейнелер, ерекше мағына және басқа да көркемдік әдістер арқылы жеткізуге тырысты. Сондай-ақ қатысушылардың деңгейінің жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Сапалы, эмоциялық туындылардың саны өте көп. Бізге жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты, өйткені биыл қарауға келіп түскен әрбір жұмыс – өзінше бірегей туынды», – деп өз әсерлерімен қазылар алқасының мүшелері бөлісті.

Балалардың суреттері келесі критерийлер бойынша бағаланды: байқаудың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, көркемдік шеберлігі, идеяның өзіндік ерекшелігі, байқау жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі.

Дауыс беру нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді.

7 жасқа дейінгі санат

Бұл жерде бірінші орынды Астанадан келген, 7 жастағы жас суретші Жаннұр Есенбай иеленді. Өзінің ерекше және жарқын жұмысын Жаннұр «Хамелеон автокөлік» деп атады: «Менің автокөлігім өзінің қай жерде тұрғанына байланысты өз түсін өзгерте алады. Ол ауа райына, температураға және сыртқы жарыққа бейімделе алады».

Байқаудың ең жас қатысушылары арасында екінші орынды Тараз қаласының өкілі 6 жасар София Красикова жеңіп алды. Оның суреті «Болашаққа Toyota-мен саяхат» деп аталады. София өзінің ерекше жұмысы туралы былай деді: «Менің Toyota автокөлігім барлық балалардың ғарышқа саяхаттау туралы арманын орындайды».

Қазылар алқасы үшінші орынды «Flying Toyota» деген жұмысын ұсынған Мейірім Ғалымжанға берді. Мейірім небәрі үш жаста! Жаннұр сияқты ол да Астана қаласында тұрады және София сияқты ол да Toyota қанатының астында ұшуды қиялдайды: «Мен Toyota автокөліктері ұша алса және әлемге бейбітшілік әкелсе деп армандаймын».

8-11 жастағы санат

Бұл жас санатында Алматы қаласынан Нұрай Ескермес жеңімпаз атанды. 11 жасар Нұрай өз жұмысын «Экотрансформер» деп атады: «Бұл арман-көлік қаланы тазарту және табиғатты қорғау мақсатында жасалған. Ол қоқысты жинап, іріктейді және қайта өңдейді. Сондай-ақ күннің қуатымен жұмыс істейді».

Қазылар алқасы «Күміс» жүлдені «Happycar» атты суретке берді. Бұл суретті байқауға Леңгір қаласының тұрғыны, 10 жасар Анастасия Зеленцова жіберген болатын. Настя тек жақсы сурет салып қана қоймайды, сонымен қатар бұл байқаудың жанкүйері: ол байқауға бірнеше рет қатысып, жүлдегер атанған болатын. Биылғы жұмысы туралы Настя: «Бұл машина – балабақша. Әр баланың қуана баратын орны және аналарға үлкен көмек», дейді.

Үшінші орынды Астанадан келген жас суретші 9 жасар Айсана Мұхтарова «Өткеннен болашаққа армандағы автокөлікпен» атты өзіндік суретімен жеңіп алды: «Менің көлігім тек кеңістікте ғана емес, уақыт бойынша да қозғала алады, өткен өмір мен болашақ өмір арасындағы көпір болып табылады және тарихты түсінуге көмектеседі».

12-15 жастағы санат

Виктория Рябичева, 15 жас, Өскемен қаласы – дәл өзі біздің байқауымыздағы ең «ересек» санаттың жеңімпазы болды. Өз жұмысын ол «Miku’s Musical Dream» деп атады: «Жапондық виртуалды әнші Мику Хацунэ мен оның достары үшін қаланың дыбыстары мен жарығын музыкаға айналдыратын болашақ машинасы».

Қазылар алқасы екінші орынды Қаскелең қаласынан қатысқан 13 жасар Дарья Ерёменкоға «Барлығы біздің қолымызда» атты жұмысы үшін берді. Жас суретші болашақ автокөлігі туралы өзінің тұжырымдамасын былай сипаттады: «Экофрендли, үйлесімді, жылдам, қолайлы. Ұшу үшін Жер шарының магнит өрісін пайдаланады».

Ақтөбеден қатысқан 14 жасар Тоғжан Шамбет жасөспірімдер санатындағы үш жүлдегер тізімін «Жылдамдық гибриді» жұмысымен аяқтайды: «Қолданыстағы автокөлік модельдерінің ішінде мен дизайны қайталанбас автокөлік жасағым келді».

Toyota компаниясының «Армандағы автокөлік» атты 18-ші балалар суреті байқауының жеңімпаздары естелік медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық үш санаттағы жүлдегерлердің суреттері байқаудың әлемдік кезеңіне Жапонияға жіберіледі, оның нәтижелері 2025 жылдың жаз-күз айларында белгілі болады.

Марапаттау мәліметтерін нақтылау үшін конкурстың ұлттық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері madina.sharipova@toyota-motor.kz. поштасына жаза алады.

Келесі жылғы өңірлік шығармашылық сайысқа дәстүрлі түрде Қазақстан мен Қырғызстанның қиялдауды, шығармашылықты жақсы көретін, сондай-ақ Toyota компаниясының құндылықтарымен бөлісетін ұл-қыздары қатыса алады. Ұйымдастырушылар тобы сіздің жарқын суреттеріңіз бен қайталанбас идеяларыңызды күтеді. Батыл идеяларыңызды әлеммен бөлісуден тартынбаңыз!