1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Toyota в Шымкенте
Байланысу

Толық ауқымды іске қосу: Шымкенттегі Toyota дилерлік орталығының жаңа концептінің ашылуы

2024 жылғы 16 мамырда Шымкент қаласында дизайнның, сапа мен қызмет көрсетудің жаңа стандарттарына сай келетін жаңа Toyota дилерлік орталығының ресми ашылуы өтті. 

Жаңа дилерлік орталықтың орналасқан мекенжайы: Бәйдібек би даңғылы, 132. «Шымкент Тойота орталығында» әрбір клиент Toyota автокөліктерінің сөзсіз жайлылығы мен мінсіз қызмет көрсетуден ләззат алуға мүмкіндік беретін қамқорлық пен ықыласқа бөленеді.

2013 жылы Шымкентте алғашқы Toyota дилерлік орталығы салынған сәттен бері қала халқы екі есе дерлік артты, сондықтан өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандырып, бренд клиенттерінің қажеттіліктерін болжап қою үшін республикалық маңызы бар стратегиялық тұрғыдан елеулі қала аумағында жаңа дилерлік орталық салу туралы шешім қабылданды. Жаңа «Шымкент Тойота орталығы» — Қазақстан Республикасы аумағындағы ең ірі дилерлік орталықтардың бірі.

2023 жылғы ақпан айында жаңа «Тойота Шымкент» дилерлік орталығы бірегей құрылыс технологияларын пайдалана отырып құрыла бастады, бұл барлық сапа және қауіпсіздік стандартына сай келетін орталықты қысқа мерзімде салуға мүмкіндік берді.

Жаңа стандарттар бойынша әрі жаңа орында дилерлік орталықтың ашылуы қала тұрғындары үшін өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға және клиенттерге брендтің абыройы мен беделіне сай келетін тамаша сапа мен тәжірибені қамтамасыз етуге арналған маңызды оқиға болды. 

Мүлдем жаңа «Тойота Шымкент» Toyota дизайнының жаңа концептіне сәйкес құрылған және брендтің барлық аса жоғары әлемдік стандартына сай келеді. Дилерлік орталықта әрбір клиент өзінің мінсіз автокөлігін таңдаған кезде брендтің бүкіл модельдік қатарының артықшылықтарын толықтай бағалай алуы үшін барлық жағдай жасалған. 

Дилерлік орталық қаланың жаңа, келешегі зор әрі белсенді дамып келе жатқан бөлігінде орналасқан, ол 1 гектар жерді алып тұр, бұл ретте дилерлік орталықтың жалпы ауданы 3000 шаршы метрден асады.

Шоурум брендтің одан да көп клиентке бағыттылыққа, өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасын ұсынуға бағытталған мүлдем жаңа концептілеріне сай жасалған. Оның ауданы 1000 шаршы метрден асады, онда клиенттің ыңғайлылығы үшін мыналар көзделген:

  • клиенттерге арналған демалыс аймағы;
  • балалар бұрышы;
  • кофе-бар;
  •  үш беру бөлмесі;
  • кең тұрақ және ыңғайлы кірме жолдар, бұл орталыққа келуді барынша жайлы етеді.  

«Шымкент Тойота орталығы» өз клиенттеріне жаңа автокөліктерді, мінілген сертификатталған автокөліктерді сатып алу бойынша жайлы әрі сапалы қызметтерді, сондай-ақ сақтандыру бағдарламаларының, қосымша жабдықтар мен күзет жүйелерін орнатудың кең спектрін, автокөліктерге кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді ұсынады. Сондай-ақ тиімді қаржыландыру бағдарламалары, Trade-In бағдарламасы және тұрақты клиенттерге арналған дисконттық бағдарламалар бар.

«Шымкент Тойота орталығындағы» 800 м²-ден астамы автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған сервистік аймаққа бөлінген. Орталықтың сервистік мүмкіндіктері таңғалдырады: көтергіштері бар 8 бекет, 3 автожуу бекеті, 2 тікелей қабылдау бекеті. 

Сервистік аймақ соңғы буынның озық жабдықтарымен ерекшеленеді, бұл көп автокөлікке жоғары тиімділік деңгейімен қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа үш деңгейлі қойма автокөлікке сапалы және уақытылы қызмет көрсету үшін қажет түпнұсқа қосалқы бөлшектердің кең таңдауын клиенттерге ұсынуға дайын.

Тікелей қабылдау аймағы жап-жаңа және Қазақстан аумағындағы жалғыз Hunter Quick Check Drive дөңгелектер геометриясы диагностикасының стендімен жабдықталған. Бұл жабдық дөңгелектер геометриясының автоматты, жанаспайтын диагностикасын жасауға және автокөлік шанағын барлық ракурстан автоматты түрде фотосуретке түсіруге мүмкіндік береді. Осылайша, автокөлікті қабылдау кезеңінде шанақтың барлық зақымын (сызылған, майысқан жерлерді) анықтау мүмкін болады.

Жаңа «Шымкент Тойота орталығының» ашылуы Toyota брендін қадірлеушілерге автокөлікті сатып алу кезінде толыққанды қызмет көрсету мен жайлы жағдайларды ғана емес, сондай-ақ бренд автокөліктерінің кең таңдауын ұсынады. Дилерлік орталықтың тұжырымдамасы брендің негізге алынатын «Клиент бірінші орында» принципіне толығымен сай келеді.

«Шымкент Тойота орталығы» Бәйдібек би даңғылы, 132 мекенжайы бойынша орналасқан және сіздерді демалыссыз, 09:00-ден 21:00-ге дейін қарсы алуға дайын.

Сайт:  toyota-shymkent.kz

Телефон: +7(7252) 555-333