Дилерлік орталықтардағы Toyota-ның жаңа концепті: Сити Астанадағы жайлылық пен ыңғайлылық

Toyota Қазақстанда бренд клиенттеріне одан да жоғары сапалы қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың жаңа концептін енгізіп жатыр. Дилерлік орталықтардың толық жаңартылған іші мен сырты әдеттегі сату кеңістіктеріне қайта мән беріліп жасалған. Озық технологиялар, экологиялылық пен үздік қызмет көрсетуді ұштастырған Toyota клиенттік тәжірибені жаңа деңгейге шығарып отыр.

Жаңа тұжырымдама дилерлік орталыққа келген әр сәтті барынша ыңғайлы және ұмытылмастай етуге бағытталған. Toyota клиенттердің өзгеріп отыратын сұраныстарына икемделе отырып және брендтің үнемі жетілуіне ұмтылысын көрсететін заманауи, эстетикалық тартымды орта жасай отырып, олардың осы күнгі болжалдарына жауап беруге талпынады.

Жаңартылған дилерлік орталықтар егжей-тегжейлі ойластырылған. Мұнда экологиялық таза материалдар мен Toyota өнімі мен қызметтері туралы өзекті ақпарат беретін сенсорлы экрандар сияқты интерактивті технологиялар үйлесім тапқан. Осының барлығы әр клиентке ыңғайлы және оның қажеттілігіне сай жасалған.

Сонымен бірге қызмет көрсетудің барлық аспектілері әр клиентке жеке дара тәжірибе құруға бағытталған. Жаңартылған автокөлік беру аймағында Toyota автокөлігіңізді сатып алғаннан ұмытылмас естелік қалардай әсер алуға көңіл аударылған.

Жаңа концепттің басты ерекшеліктері:

  • Жеке дара қатынас: брендпен өзара әрекеттескендегі барлық кезеңде әр клиенттің жеке қолдау алуы ол үшін автокөлік таңдау мен сатып алуда барынша ыңғайлы.
  • Интерактивті технологиялар: ақпараттық тач-мониторлар клиенттердің автокөлік модельдері, қызмет пен арнайы ұсыныстар туралы өзекті мәліметті өз бетімен алуына мүмкіндік береді және бұл қажет ақпарат іздеуді едәуір жеңілдетеді.
  • Автокөлікті берудің жаңа процесі: арнайы жобаланған автокөлік беру аймағы жаңа автокөлік алуды шын мәнінде әсерлі оқиға етеді. Бұл аймақтың дизайны соңғы үрдістерге сай жасалған және клиенттерге бренд атмосферасын сезуге мүмкіндік береді.
  • Экологиялылық пен тұрақты даму: жаңа шоурумның дизайнында ағаш пен мүк сияқты табиғи материалдар қолданылған, ал бұл үйлесімді атмосфера жасап қана қоймай, брендтің қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты даму идеяларын одан әрі қарай жылжытудағы бейілділігіне назар аудартады.

«Тойота Сити Астана» дилерлік орталығы іске қосылған 2023 жылдан бері аталған концептті жүзеге асырған Қазақстандағы төртінші және астанадағы жаңартылған алғашқы кеңістік болды. Бұл оқиға әр келушіге бірегей де жеке дара тәжірибе ұсына отырып, өңір клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа дәуіріне бастау салды. Кәсіби команда жоғары сервис деңгейін қамтамасыз ете отырып, барлық сұрақ бойынша толық көмек көрсетуге дайын.

Шоурум Toyota-ның клиенттік тәжірибені жақсартудың ғаламдық стратегиясына сай толық қайта жөндеуден өтті. Клиент өзін үйдегідей сезінетіндей ыңғайлы және жайлы жағдай жасау үшін кеңістіктің әр элементі мұқият ойластырылған.

Мекенжайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 76

Байланыс ақпараты: +7 (778) 046-82-57

Toyota өз-өзін жетілдіруді және өз клиенттеріне ең жоғары қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етуді жалғастырмақ. Компания елдің барлық тұрғынына ең жоғары сапалы сервисті ұсыну мақсатында брендтің Қазақстандағы барлық дилерлік орталықтарын биыл және 2025 жылы тез арада жаңартуды алдына мақсат етіп қойған. Дилерлік орталықтардың жаңа концепті автокөлік саласында жайлылық, ыңғайлылық пен жеке дара қызмет көрсету аясында жаңа эталон орната отырып, осы қағиданың кезекті дәлелі болды.