Инновациялар және даму:
17 қазан күні Алматыда компанияның Қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар дистрибуциясы орталығының, сондай-ақ Toyota Академиясы атты қызметкерлерді оқытуға арналған бірегей орталықтың ресми ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына «Тойота Мотор Еуропа» президенті Йошихиро Накатамен қоса, Toyota компаниясының негізгі өкілдері қатысты.
Бүгінгі шараның құрметті қонақтарының арасында Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада мырза да болды. Toyota бренді үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды осындай нысандардың ашылуы – жапондық озық технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу арқылы Қазақстандағы әл-ауқатты арттыруға бағытталған, екі мәдениеттің, яғни Жапония мен Қазақстанның арасындағы сенім мен бірлескен жұмыстың нышаны.
Дистрибуция орталығы – жаңа деңгейдегі жылдамдық пен дәлдік
Адамдар мен қоршаған ортаға қамқор болу – тұрақты өсу стратегиясы
Toyota компаниясы әрқашан автокөлік бренді ғана емес, адамдар мен қоршаған ортаға қамқор болуды бірінші орынға қоятын ұйым ретінде көзге түсіп келеді. Toyota Дистрибуция орталығында жарықтандыру үшін күн панельдерін қолдану секілді экологиялық таза технологияларды белсене енгізуде. Бұл шаралар көміртек шығарындыларын азайтып қана қоймай, тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге көмектеседі.
Ұзақ мерзімді перспективалар: аймақтағы және одан тыс жерлердегі көшбасшылық
«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Джон Томсон: «Қазіргі таңда бірден екі жаңа нысанның ашылуы Қазақстанда және Қырғызстанда Toyota қызметін дамытуға деген ұмтылысымызды айқын көрсетеді. Қосалқы бөлшектерге арналған жаңа Дистрибуция орталығы өңірдегі қойма операцияларын жаңа деңгейге шығаруды жоспарлай отырып, Қазақстандағы және Еуропадағы Toyota жетекші мамандарының қолдауымен жобаланып, салынды.
Қазақстанда Дистрибуция орталығы мен Академияның ашылуы – инфрақұрылымға салынған жай ғана инвестиция емес, Toyota компаниясының жоғары қызмет деңгейін қамтамасыз етуге және саланы дамыту үшін жаңа шешімдерді енгізуге бағытталған стратегиялық қадамы.
Оған қоса, Дистрибуция орталығы көрші елдердегі серіктестер мен клиенттерге Toyota-да енгізілетін озық технологиялар мен процестермен танысуға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу ресурсына айналады.
Toyota Kazakhstan туралы
«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС – «Тойота Мотор Еуропаның» еншілес компаниясы. Компания 2008 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында құрылып, өз қызметін 2009 жылдың 1 қаңтарында бастады. Компания президенті – Джон Эндрю Томсон мырза. Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы бола отырып, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС автокөліктерді, түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды көтерме сату және жеткізу, оларға кепілдік беру қызметімен айналысады, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан аймағында бренд маркетингісіне жауап береді.