СУ ЖАҢА TOYOTA LAND CRUISER 250: ЗАМАНАУИ КЕЙІПТЕГІ АҢЫЗ

Land Cruiser 250 (Prado) — бұл 70 жылдан астам уақыт ішінде өзінің беріктігі мен сенімділігі үшін және жер шарының кез келген бұрышындағы ең қатал жағдайларға төзімділігі үшін мінсіз беделге ие болған модельдің жаңа буыны. Сондықтан модельді әзірлеген кезде модельдің негізгі сапалық қасиеттеріне – сенімділігі мен төзімділігіне баса назар аударып, оның түп-тарихына оралу туралы саналы шешім негізгі фактор болды.

«Бұл жай құрмет көрсету емес, — дейді бас дизайнер Йошито Ватанабе (Yoshito Watanabe). — Бұл Land Cruiser моделінің болмысын ашатын көпшілікке танымал элементтерді заманауи дизайнда жеткізу».

Күш қондырғылары: сезімталдық, басқару және тиімділік

Қазақстанда жаңа Land Cruiser 250 (Prado) бірнеше нұсқалы күш қондырғыларымен ұсынылатын болады. Олардың бірі: қуаты 279 а.к. құрайтын, жаңа 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптасып жұмыс істейтін жап-жаңа 2,4 литрлік турбо қозғалтқыш. Ол әлдеқайда қуатты әрі динамикалық қозғалысты қамтамасыз етеді, оған қоса тыныш жұмыс істейтінімен және жетілдірілген экологиялық көрсеткіштерімен ерекшеленеді және салмағы 2,5 т дейін тіркемені сүйрей алады.

Сондай-ақ базалық нұсқа – қуаты 163 а.к. болатын, салмағы  1,5 т дейін тіркемені сүйрей алатын 2,7 литрлік бензин қозғалтқышы бар нұсқа да қолжетімді болады.

Жаңа Tnga-f Рамалы Платформасы – Жолсыз Жердегі Жаңа Мүмкіндіктер

Land Cruiser 250 рамалы құрылымын сақтап қалды, бірақ жаңа TNGA-F рамалы платформасының арқасында оның, сондай-ақ жаңа Land Cruiser 300 мүмкіндіктері елеулі жоғарылады. Платформаның арқасында автокөліктің қаңқасы айтарлықтай берік әрі қатаң болды: жаңа модельдің бүйір есіктерінің және табалдырықтың төменгі жиектерінің айналасы 84 жерден қысқа қадаммен қосымша дәнекерленді. Сонымен қатар алғаш рет өндірісте жайма металдан жасалған бөлшектерді қосқан жердегі қатаңдықты арттыру үшін құрылымдық желім (жалпы алғанда 11,9 м) пайдаланылады. Раманың стратегиялық маңызды орындарында жоғары беріктік үшін тығыз жайма болат пен беріктігі жоғары материалдар қолданылады. Тұтас алғанда раманың бұралуға қатаңдығы 50%-ға өсті, ал рама мен шанақ бойынша ұқсас жалпы көрсеткіш 30%-ға өсті. 
TNGA-F жаңа архитектурасы көлік жүрісі мен басқарылу жайлылығының айтарлықтай артуын қамтамасыз етеді – жолмен де, жолсыз жерде де жүргізуші кроссовер айдап келе жатқандай сезінеді: руль жеңіл әрі сезімтал болады. Рульді басқаруды толық электрлік күшейткіш (EPS) кез келген жылдамдық кезінде рульдің жайлы, тікелей және жеңіл басқарылатынына кепілдік береді.
Land Cruiser 250 моделінің алдыңғы осіне жаңа тәуелсіз екі иінтіректі аспа орнатылды, жолға айтарлықтай сенімді жанасу және жолсыз жерден өту үшін оның жүрісі ұлғайтылған. Артқы осінде кесілмейтін көпірі бар төрт иінтіректі аспа орнатылған, бұл салмақты азайтқан және сенімділікті арттырған жағдайда әлдеқайда жұмсақ және бірқалыпты жұмыс істеу үшін мұқият қайта өңделді. Сонымен қатар жаңа Land Cruiser Prado белсенді алдыңғы тұрақтандырғышы (SDM) бар алғашқы Toyota моделі болды, бұл оған жол талғамайтын мүмкіндіктер тұрғысынан да, кәдімгі жолмен жүрген кездегі толық жайлылық тұрғынан да артықшылықтар береді.

Экстрерьер мен интерьердің жаңа дизайны – аңыз желісін сақтаған және мүлдем жаңа функционал

Жаңа Land Cruiser дизайнында толыққанды жол талғамайтын көліктің мінезі бірден сезіледі. Классикалық сұлбасы ұзынша келген капоты, тік орнатылған алдыңғы терезесі, қысқа алдыңғы шығып тұратын бөлігі және трапедия пішінді өзіндік дөңгелек доғасы бар бұрынғы Land Cruiser (әсіресе 40-шы және 70-ші сериялы) модельдердің көпшілікке танымал келбетін қайталайды. Сырт келбетінің қарапайымдылығы уақытты еңсерген сапасы туралы сыр шертеді; шанақтың қалыбында айқын үшкір қырлар мен жылтыр иілген беттер үйлесіп, қайсар мінез бен темірдей қуатты сезіндіретін қарапайым, заманауи келбет тудырады.  Автокөліктің габариттік ұзындығы — 4925 мм, ені — 1980 мм, биіктігі — 1935 мм, дөңгелек базасы — 2850 мм.

Сондай-ақ жол талғамайтын көліктің арнайы сериясы - First Edition алғаш рет ұсынылатын болады. Қайталанбас ұсыныстарды бағалайтындар үшін Қазақстанда сатып алуға бар болғаны 80 автокөлік қолжетімді болады. Осы сериялы әр автокөлікте саны шектеулі серияның эксклюзивтілігін: 80 ішінен 1 екенін көрсететін бірегей белгісі болады.

Жинақтамаға байланысты жаңа Land Cruiser көлігіне жаңа дизайндағы 18- немесе 20-дюймді дөңгелек дискілері орнатылады. Шанақтың көптеген реңк палитрасының ішінде Smoky Blue және Sand сияқты сирек кездесетін нұсқалар да болады, олар тек Land Cruiser 250 First Edition арнайы сериясында қолжетімді болатын реңкі айқын ашық сұр төбемен үйлесім табады.

Интерьер дизайны қауіпсіздік пен кез келген жолмен жүруге арналған функционалдылыққа бағытталған. Цифрлық аспаптар тақтасы (жинақтамаға байланысты диагоналі 7 немесе 12,3 дюйм) кез келген жарықта оңай оқылатын айқын графикамен ерекшеленеді. Мультимедиялық жүйені басқару диагоналі 9 немесе 12,3 дюймдік жоғары ажыратымдылықтағы сенсорлық дисплей арқылы жүзеге асырылады. Руль қатты кері серпіген жағдайда саусақ зақымдалмауы үшін рульдің тараулары арасында кең бос орын қалдырылған жаңа дизайн берілді. Сонымен қатар люк немесе орындықтардың екі қатарын қамтитын үлкен стационарлық панорамалық төбе сияқты опциялар қолжетімді.
Жаңа Prado бес орынды және жеті орынды салон түрінде қолжетімді. Электрмен бапталатын алдыңғы орындықтарға жолсыз жерде жүрген кезде сенімді қолдау көрсететін, сондай-ақ жылыту және желдету функциялары бар жаңа дизайн берілді. Екінші қатарда арқасы жиналатын, 60:40 пропорциялы бөлінбеген орындықтар бар. Жеті орындық салонда үшінші қатарда қолмен немесе электржетекпен жинап қоюға болатын екі қосымша орындық болады. Жүксалғыш көтерілетін есікпен және бөлек ашылатын артқы тереземен жабдықталды, бұл жүксалғышқа қатынауды жеңілдетеді.

Қауіпсіздіктің және қиын жолсыз жерлермен жүрген кездегі көмектің жаңа жүйелері

Автокөліктің жаңа буыны – тарихтағы алғашқы Land Cruiser рульді басқаруды толық электрлік күшейткішпен (EPS) жабдықталады. Ол тегіс емес жерде көлік жүргізген кезде туындайтын кері серпінді азайтады және кез келген жылдамдық кезінде рульдің айтарлықтай бірқалыпты және жеңіл басқарылатынына кепілдік береді. EPS жүйесінің арқасында жаңа Land Cruiser көлігін Toyota Safety Sense 3.0 қауіпсіздік жүйесі және жүргізушіге көмек кешенінің құрамына кіретін Lane Tracing Assist жол жүретін жолақты бақылау жүйесімен толықтыру мүмкіндігі пайда болды. 

Сондай-ақ жаңа Land Cruiser 250 көлігіне жаңартылған электронды басқарылатын тежегіш жүйесі мен еңіске түскен кездегі көмек жүйесі орнатылған және соңғысын H4 және L4 диапазондарында сағатына 4-30 км дейін жылдамдықта жол талғамайтын круиз-бақылау аналогы ретінде пайдалануға болады.

Land Cruiser модельдерінің айрықша ерекшелігі – Crawl Control жүйесі, бұл жолсыз және еңісті жерлерде төмен жылдамдықпен жүрген кезде қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл жүйе қозғалтқыштың айналу сәті мен тежеу күшін автоматты түрде реттейді, дөңгелектердің сырғып кетуіне және құлыпталуына жол бермейді. Crawl Control көмегімен жүргізуші жылдамдық пен тұрақтылықты бақылауды озық интеллектуалды жүйеге сеніп тапсыра отырып, көлікті басқаруға толығымен назар аудара алады.

Жолсыз жермен жүргенде көмек көрсететін Multi-Terrain Select жүйесі рульдік басқаруды, тарту және тежеу күшін әртүрлі жолсыз жермен жүру жағдайларына сәйкес бейімдейді. Төмен диапазонда «Балшық», «Құм», «Тастар» және Auto режимдері, ал жоғары диапазонда «Балшық», «Құм», «Қара жер», «Қалың қар» және Auto режимдері қолжетімді.

Panoramic View Monitor панорамалық шолу жүйесі жүргізушіге автокөліктің айналасын 360 градуста көруге мүмкіндік береді, ал Multi-Terrain Monitor айналдыра шолу жүйесі автокөліктің астындағы жерді де көрсетеді, бұл күрделі жол жағдайларында дәл маневр жасау үшін өте маңызды. 

Жүргізуші көзге көрінбейтін аймақтарды бақылау үшін төрт камерадан алынатын суреттерді оңай ауыстырып көре алады. Сонымен қатар құрама суретті алу үшін бірнеше камералардағы суреттерді араластыруға болады, бұл көліктің айналасындағы жағдай туралы барынша хабардар болуға және көлік жүргізу қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Toyota Safety Sense 3.0 жүйелерінің ең жаңа буыны жабдықтауға кіреді, онда жолдағы қауіпті жағдайларды көбірек тануға қабілетті жетілдірілген жабдықтар: соғылудың алдын алу жүйесі, қозғалысты шұғыл тоқтату жүйесі, апаттық жағдайда рульді басқаратын көмекші, сондай-ақ төмен жылдамдықпен жүріп келе жатқанда акселератор басқышын күтпеген жерден басқан кезде іске қосылатын үдеткішті бұғаттау функциясы бар.

Жап-жаңа Land Cruiser 250 бағасы 31 490 000 теңгеден басталады. Аңызға айналған жол талғамайтын жаңа көлік буынының сатылымы 2024 жылы 7 маусымда басталады.

Су жаңа Land Cruiser 250 туралы толығырақ toyotakz.com сайтынан біліңіз.