Астанада Toyota және National Geographic Qazaqstan Жоңғар Алатауына

ұйымдастырған экспедицияға арналған фотокөрме өтеді

Toyota Kazakhstan және NatGeoQaz ұйымдастырған «Жоңғар Алатауына саяхат» экспедициясы 11-15 қыркүйек аралығында ұзақмерзімді ынтымақтастық аясында жоспарланған көптеген жобалардың біріне айналды. Экспедиция мүшелері – фотографтар мен тревел-блогерлер – дәл осындай шытырман оқиғаларға арнап жасалған қуатты Land Criuser 300және Land Cruiser Prado жол талғамайтын көліктермен жолға шықты.

Тәжірибелі тревел-блогерлер мен National Geographic фотографтарының ғаламат саяхаты 11 қыркүйек күні Алматыдан басталып, жолдағы алғаш табан тіреген жер «Алтын-Емел» ұлттық саябағы болды. Бұл экспедицияның күрделілігі мен салмақтылығын жете бағаламау мүмкін емес. Дегенмен, Toyota Land Criuser 300 және Toyota Land Cruiser Prado легі «Алтын-Емелдің» басты табиғи көрікті жерлерінің бірі Ақтаудың бірегей аппақ тауларына оңай жетті. Бір кездері ежелгі мұхиттың түбі болған бор түзілімдері –  бүгінде уақыт, су және жел жасаған нағыз табиғат кереметі.

Экспедиция кезінде тағы бір таңғаларлық жер Көксу өзені болды, оның аспалы көпірлері ерекше көркем Жоңғар Алатауының бөктерінде орналасқан. Мұнда экспедиция мүшелері өздерін ғана сынап қоймай, Toyota жол талғамайтын көліктерінің де сенімділігін тексеріп, олардың күрделі сынақтардан, соның ішінде өткелдер мен биік жартасты жағалардан ойдағыдай өте алатынына көз жеткізді. 
«Бұл экспедиция Toyota жол талғамайтын көліктерінің Қазақстан тауларын, далаларын, шөлдерін бағындыруға керемет қолайлы екенін тағы да дәлелдеді», - деп атап өтті экспедиция мүшелерінің бірі. - Қуатты тартымды қозғалтқыштар, сенімді толық жетек, жүргізуші мен жолаушылар алыс қашықтықтар мен аралықтарды жүріп өте алатын жайлы салондар. Команданың ауыз бірлігі мен көліктердің сенімділігі үйімізге алуан түрлі әсерлермен және естеліктермен оралуға көмектесті».
Toyota x National Geographic Qazaqstan ынтымақтастығы экспедицияға қатысушыларға «Алтын-Емел» ұлттық саябағы мен Жоңғар Алатауының ғажайып сұлулығын көріп қана қоймай, аты аңызға айналған Toyota жол талғамайтын көліктерін тексеруге мүмкіндік берді, сөйтіп көліктер жолсыздықта үстем құратынын тағы бір рет дәлелдеді. 
«Біз Toyota, National Geographic Qazaqstan жол талғамайтын көліктері және Қазақстанның бірегей табиғаты арасында тамаша симбиоз жасадық, ынтымақтастықты одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл серіктестік Қазақстанның сұлулығын қайта ашып, табиғатты және оның экожүйелерінің алуан түрлілігін сақтауды есіне алатын көптеген қазақстандықтар үшін пайдалы болады деп есептейміз», - деп атап өтті Toyota Kazakhstan президенті Джон Томсон. 
Toyota x National Geographic Qazaqstan экспедициясына қатысушылардың жұмыстарына арналған «Жоңғар Алатауына саяхат» фотокөрмесі 2023 жылдың 1-12 қараша аралығында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында (Астана) өтеді. Фотокөрменің ресми ашылуы 2023 жылдың 1 қарашасында өтеді. 
Toyota Kazakhstan және National Geographic Qazaqzan халықаралық ғылыми-көпшілік басылымы 2023 жылдың ақпан айында серіктестік орнатты. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – табиғатты және Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануарларды сақтау жөніндегі халықаралық қозғалысты қолдау, сондай-ақ Қазақстан халқына және бүкіл әлемге Қазақстанның ең әдемі жерлерін көрсету.  

Толығырақ алу

«Тойота Мотор Казахстан» компаниясы – Қазақстандағы және Қырғызстандағы ресми Toyota дистрибьюторы. Компания миссиясы – клиенттерді барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ клиенттермен сенімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтау және бренд философиясын ұстану.

National Geographic Qazaqzan журналы — Қазақстанда жарық көретін әлемге әйгілі National Geographic журналының қазақ тіліндегі басылымы. Журналдың алғашқы шығарылымы 2016 жылдың ақпан айында жарық көрді, ал қазақ тілі әлемнің 38-ден астам елінде таралатын National Geographic журналының әлемдік қоғамдастығында 80-ші тілге айналды. Журнал адамзат өркениетінің өзекті мәселелерінен бастап ежелгі тарихқа дейінгі, оның ішінде табиғат, география, археология, тарих, биология, астрономия, т.б. тақырыптардың кең ауқымын қамтитын ғылыми зерттеулерге арналған сапалы контент ұсынады.