«Тойота Көкшетау» ресми ашылу салтанатына Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, «Тойота Мотор Казахстан» компаниясының президенті Джон Томсон, «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту директоры Дархан Әлимұқанов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
«Тойота Көкшетау» – брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылатын «Тойота Мотор Казахстан» желісіндегі бесінші сервис орталық және «Астана Моторс» компаниясының құрамындағы үшінші Toyota орталығы.