Байланысу

Toyota Kazakhstan Республиканың Ұлттық олимпиадалық комитетіне бес Toyota автокөлігін берді

Автокөліктерді беру Қазақстанда олимпиадалық қозғалысты насихаттау ұйымының ұзақ жылдық ынтымақтастығы шеңберінде жүзеге асырылды. 

Ақпан айынан бастап аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басқарған ҚР ҰОК өз автопаркін Toyota автокөліктерімен – 4 Camry автокөлігімен және 1 Hiace микроавтобусымен толықтырды. Автокөліктер еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің тиімді әрі жедел қызметіне пайдаланылатын болады. Бұл олимпиадалық құндылықтарды әрі қарай насихаттау үшін жемісті жұмыс істеуге, қазақстандық атлеттердің спорттық рухы мен жеңіс дәстүрлерін нығайтуға мүмкіндік береді.

Toyota мен олимпиадалық қозғалысты: тұрақты түрде дамып, ілгері жылжу, топтасып жұмыс істеу, асқақ мақсаттар қойып, оларға жетуге тырысу сияқты ортақ құндылықтар бұрыннан біріктіріп келе жатқаны құпия емес.

Дәл осындай мүдделер мен құндылықтардың ортақтығы айтулы серіктестікке ұласты – 2015 жылы Toyota Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) жаһандық серіктесіне айналды. Сол кезде келісімге қол қойылған. Оған сәйкес компания атына олимпиадалық және паралимпиадалық қозғалыстың мобильділігі бойынша бас серіктестің мәртебесі бекітілді. Toyota бас спорт ұйымымен осындай шартқа отырған алғашқы автокөлік өндірушісі атанды. Олимпиадалық қозғалысқа осыншама рекордтық ұзақ мерзім бойы қолдау көрсетіп келе жатқан және қолдауға өзі қызметін асыратын барлық елдегі жергілікті олимпиадалық комитеттерді қосқан бірінші компанияға айналды.

Меморандумға қол қойғаннан бастап екі қысқы Олимпиада өтті – 2018 жылы Пхенчханда және 2022 жылы Бейжіңде, сондай-ақ 2020 жылы Токиода және 2024 жылы Парижде өткен Жазғы ойындар, бұл кезде Toyota әлемдік спорттық қоғамдастықты әрбір рет тиімді инновациялық шешімдермен таң қалдырып отырды.

Осы жылдың жаз айында Париждегі Олимпиада қатысушылары, ұлттық командалардың ресми тұлғалары, ұйымдастырушылар, волонтерлер және көрермендер сутек қозғалтқышы бар Toyota Mirai автокөліктерімен жүретін болады, бұл қалаға келетін зиянды әсерлерді азайтады. Жазғы ойындар аяқталған соң барлық 500 автокөлік Франция астанасындағы сутек отынымен жүретін таксилер паркін толықтырады.

Әлемдік спорттық мерекеге қатысушылардың барлық санатына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қозғалыс еркіндігін әмбебап электрмобильді көлік құралдары – Accessible People Mover (APM) және мүгедектер арбасына арналған электркөтергіштер қамтамасыз ететін болады.

Қазақстанның Олимпиадалық отбасына Toyota 2017 жылдың қазан айында қосылды. Ол кезде компания мен Республикамыздың Ұлттық олимпиадалық комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оның аясында Toyota Қазақстан құрамасын Олимпиада ойындарында, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі басқа да спорттық жарыстарда қолдайтыны жөнінде шешім қабылдады.

ҚР ҰОК Бас хатшысы Жанар Утешева былай деп хабарлады: «Toyota компаниясының жұмыс істеу тәсілі біздікіне қатты ұқсайды, ол ұзақ мерзімдік келешек пен үздіксіз дамуға ерекше назар аударады. Менің ойымша, осы екі ұйымның арасындағы серіктестік екі тарап да бір құндылықты көздеген кезде барынша тиімді болады. Toyota брендіне «Жылдам, жоғары, күшті» ұраны жақын екеніне кәміл сенімдімін. Сондықтан да ұзақ уақыт бойы компания Халықаралық олимпиада комитетінің жаһандық серіктесі, сондай-ақ Қазақстанның ҰОК сенімді серіктесі болып келеді. ҰОК атынан «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясына ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз. Біз бірге олимпиадалық қозғалысты дамыту және оның құндылықтарын нығайту үшін көптеген істерді атқара аламыз деген үміттеміз».
Биылды қоса алғанда, ынтымақтастық құрған бүкіл кезең ішінде компания Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетіне 13 автокөлік ұсынған, олардың модельдері мынадай: Land Cruiser 200, Camry, Hiace.

Сонымен бірге Start Your Impossible жаһандық науқаны іске қосылды, оның мақсаты – Toyota қызметкерлерін, серіктестерін және клиенттерін әркім мүмкін емес нәрсеге қол жеткізе алатын әлдеқайда ашық әрі күшті қоғамды құруға шабыттандырып, бастарын қосу. Бұл науқанның басты тұлғалары Қазақстанның олимпиадалық спортшылары.

Оған қоса, «Тойота Мотор Қазақстан» Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетіне қолдау көрсетеді, екеуара ынтымақтастық туралы келісімге сәл кейінірек – 2018 жылы қол қойылды – және үш автокөлікті: Land Cruiser 200, Camry және Hiace беру арқылы бекітілді. 2022 жылы «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы ҚР ҰОК автопаркін тағы үш Land Cruiser Prado автокөлігімен толықтырды.

«Біз үшін бұл серіктестік қымбат, әрі біз Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық құрама командаларына қолдау көрсете алатынымызды мақтан етеміз. Бұл екі елдің әлеуметтік саласын дамытуға қосқан үлесіміз. Бізге олимпиадалық қозғалыстың құндылықтары ортақ, спортшылардың рухының күшін және олардың соңына дейін баратынын бағалаймыз. Сонымен бірге Геннадий Головкинді ҰОК президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз», – дейді компанияның бас менеджері Сергей Зяблов.