Toyota Kazakhstan және Қазақстан Арнайы Олимпиадасы ақыл-ой дамуында ерекшеліктері бар

спортшыларды қолдау үшін күш біріктіреді 2023 жылдың 5 маусымында Toyota Қазақстан мен Қазақстан Арнайы Олимпиадасы арасындағы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Қол қойылған меморандум қозғалыстың танымалдығын арттыруда, ақыл-ой мүгедектігі бар спортшылар үшін тең мүмкіндіктер беруде және спорт саласын дамытуда қолдау мен көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін ұйымдар арасындағы тығыз серіктестіктің басталғанын білдіреді.

Арнайы Олимпиада – 1968 жылы АҚШ-та спорт арқылы ақыл-ой мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсарту мақсатында құрылған халықаралық ұйым. Ұйым 190-нан астам елде 6 миллионнан астам спортшыға қолдау көрсетіп, оларға әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуға, физикалық және психикалық дағдыларын, сондай-ақ әлеуметтену қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Теңдік, инклюзивтілік және ниеттестік құндылықтарын ілгерілету үмітімен 1990 жылдың 23 шілдесінде Қазақстанда да Арнайы Олимпиада кеңсесінің негізі ресми түрде қаланды. Содан бері «Қазақстан Арнайы Олимпиадасы» ҚҚ Ұлттық Олимпиада Комитетінің мойындауына және Special Olympics Inc. аккредитациясына ие болды.

Соңғы 30 жыл ішінде қозғалыс Қазақстанда 20 мыңнан астам ақыл-ой дамуында ерекшеліктері бар балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді республикалық және халықаралық жарыстарға ойдағыдай қатыстырып, олар дәрежесі әртүрлі 683 медаль жеңіп алды. Қазақстандағы Арнайы Олимпиаданың басты мақсаты – спортшылардың толыққанды өмір сүруіне және өздерін-өзі дамытуына жағдай жасау, сондай-ақ менталдық аурулар төңірегіндегі стереотиптерді жеңу.

Қазақстан Арнайы Олимпиадасының Бас директоры Любовь Червонных өз сөзінде былай деп атап өтті: «Toyota Kazakhstan біздің миссиямызға қосып жатқан үлесіне шын жүректен тамсанамыз және шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Toyota Kazakhstan-мен күш біріктіру әрбір спортшының өзінің спорттық әлеуетін дамытуға тең мүмкіндігі бар шынымен инклюзивті қоғам құруға ұмтылысымыздың ажырамас бөлігі деп сенеміз. Осы құнды серіктестік жаңа көкжиектер ашады, әрі спортты дамытуда және спортшыларымызды қолдауда елеулі нәтижелерге бірге қол жеткізуге мүмкіндік береді».

Toyota Kazakhstan Арнайы Олимпиада қозғалысы мен құндылықтарын қолдау, ақыл-ой мүгедектігі бар спортшылардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысу және олардың қоғамдық және спорттық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін берілген мүмкіндікті ерекше мақтан тұтады.

Бұл серіктестік Toyota компаниясының Start Your Impossible жаһандық бастамасымен тығыз байланысты. Аталмыш науқанды Toyota 2017 жылы адамдарды спорт арқылы өз шекараларын кеңейтуге және жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыру мақсатымен бастады. Дәл сол кезде Toyota Kazakhstan Қазақстанның Ұлттық Олимпиада және Паралимпиада комитеттерімен меморандумға қол қойды. Түрлі әлеуметтік жобалар арқылы Toyota комитеттермен бірге әр адамның қиындықтарды жеңіп, керемет нәтижелерге жетуге керемет мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

«Біз Қазақстан Арнайы Олимпиадасы қозғалысына қуана қосыламыз және ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға ұмтыламыз. Біз спорттың адамдарды біріктіретін, оларды жаңа белестерді бағындыруға және әлеуетін іске асыруға шабыттандыратын ғажайып қабілеті бар екеніне сенімдіміз. Осы серіктестік аясында біз Қазақстанның барлық спортшыларына қуаныш, үміт және көбірек мүмкіндіктер сыйлаймыз деп үміттенеміз», - деді Toyota Kazakhstan президенті Джон Томсон.

Toyota Kazakhstan мен Қазақстан Арнайы Олимпиадасы осы серіктестікті ақыл-ой дамуында ерекшеліктері бар спортшылар спорттық қабілеттерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге басқаларға үлгі көрсетіп, шабыт беретін, жаңа биіктерден көрінуге талпындыратын мықты платформа жасау үшін барынша тиімді пайдалануды мақсат тұтады.

Аталмыш серіктестіктің бастамасы компания тарапынан ұшақпен саяхаттауға арналған жабдықты тапсыруымен және жайлы саяхаттауды қамтамасыз етуімен ерекшеленді. Оған қоса Toyota 2023 жылдың 17 маусымында Берлинде басталатын Арнайы Олимпиадада Ойындары барысында Қазақстан құрамасы туралы түпнұсқа контент жасау үшін спортшыларымызбен бірге жүретін болады. Әзірленетін контент көрермендерге Қазақстан спортшыларымен танысуға және олардың өмір-тарихынан мен жетістіктерінен шабыт алуға мүмкіндік береді.