Жапонияда өндірілген беделді әрі дәулетті Camry седаны Қазақстанға жетті -
Бұл сандар бизнес-седанның лайықты абыройын растайды, соның арқасында автокөлік Қазақстанда брендтің бестселлеріне айналды. Клиенттердің үміттері мен қажеттіліктерінің мінсіз үйлесімі, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы жоғары қалдық құнын сақтай алу қабілеті жоғары сапа, жайлылық пен қауіпсіздікті бағалаушылардың арасында елеусіз қалмады.
Осы бизнес-седанның иелері Toyota-ның негізгі ДНҚ-сы болған, автокөліктің әр бөлшегінде іске асырылған дәстүрлі сапа, сенімділік пен төзімділік сияқты қасиеттерін бағалайды.
Осының арқасында модельдің қалдық құны тұрақты түрде жоғары болуын растайды. 2022 жылғы деректер бойынша қайталама нарықта Toyota Camry құны тұрақты күйде қалып, бастапқы құнынан кем түспейді.
Қуат пен динамиканың жаңа деңгейі: оңтайландырылған қозғалтқыш пен озық аспа
Жапонияда өндірілген Camry көлемі 2,5 литрлі атмосфералық бензин қозғалтқышпен жабдықталады, оның қуаты 206 а.к. дейін артты, ал айналдыру моменті 243 Нм дейін 12 Нм-ге ұлғайған. 100 км/с дейін үдеу уақыты 8,7 секундты құрайды, ал отын шығыны – аралас циклде небәрі 6,8 литр. Мотор гидротрансформатордың бұғаттау ауқымы кеңейтілген сегіз сатылы автоматты трансмиссиямен үйлеседі, соның арқасында жылдамдық алу қарқыны артып, берілістерді ауыстырып қосу бірқалыпты болады.
Инновациялық дизайн мен функционалдық: озық технология мен айқын келбет
Camry экстерьері дизайн мен функционалдықтың тамаша тепе-теңдігі, ол жүргізуші мен жолаушыларға жайлы жүріспен қатар, көптеген эстетикалық рақатты да сыйлайды. Алдыңғы бампердің, радиатордың трапеция тәрізді торларының көрнекі бөлшектері және автокөліктің жаны мен артындағы таныс сәндік элементтері Camry келбетін бизнес-класты седандар арасында бөлектеп тұрады.
Жаңа деңгейдегі қауіпсіздік: Toyota Safety Sense озық жүйелері
Camry өз класындағы Toyota Safety Sense атты белсенді қауіпсіздік жүйелерінің ең функционалды пакетін алды. Соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS) автокөліктерді, велосипедшілерді және жаяу жүргіншілерді тану мүмкіндігін қосады, сондай-ақ бұрылуға көмектесу және апаттық жағдайда рульді басқаруға көмектесу жүйесі (ESA) бағыт тұрақтылығын сақтай отырып, айналып өту манверін жасауға көмектеседі.
Жапонияда шығарылған Camry бағасы 17 300 000 теңгеден басталады. Су жаңа автокөлікті тиімді Trade-In бағдарламасы немесе Toyota ресми дилерлік желіде қолжетімді Toyota Finance ұсынатын әртүрлі қаржы ұсыныстары арқылы сатып алуға болады.
Ресми дилерлік орталықтағы тест-драйвқа жазылып, бизнес-седанның жаңартылған қозғалтқышының адуынын сезініп,қуатын бағалаңыз.
Жаңартылған Camry туралы қосымша ақпарат www.toyotakz.com сайтында қолжетімді.
Компания туралы ақпарат
«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС «Тойота Мотор Еуропа» компаниясының еншілес компаниясы болып табылады, ол 2008 жылғы 20 мамырда Алматы қаласында құрылып, өз қызметін 2009 жылғы 1 қаңтарда бастады. Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы болып табылатын ол осы брендтердің Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы аумақтарындағы маркетингі мен оларды сату үшін жауапты.