Связаться

Toyota жасыл айы-2023: табиғатқа деген сүйіспеншілікпен, болашаққа деген қамқорлықпен

28 сәуір күні Алматы қаласының №203 жалпы білім беретін мектебінің аумағында жыл сайынғы «Toyota жасыл айы» әлемдік науқаны аясында дәстүрлі экологиялық сенбілік – «Toyota жасыл күні» өтті.

Іс-шараға жетпіс бес адам қатысты: Toyota Kazakhstan, Toyota Финанс, Toyota Сақтандыру қызметкерлері, брендтің Алматы қаласындағы дилерлік орталықтарының қызметкерлері және, әрине, мектеп оқушылары мен мұғалімдері.

Науқанның басты мақсаты қала мен өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, сонымен қатар мектеп оқушыларын қоршаған ортаны қорғауға және экоеріктілікке баулу болды.

Сенбілікке қатысушылар түрлі ағаштар мен бұталардың 100 түп көшетін отырғызды. Енді мектеп аумағын мәңгі жасыл боз аршалар, шыршалар, қарағайлар, аршалар, сәнағаштар, форзициялар, талдар, жұпар иісті бөртегүлдер, сондай-ақ жеміс ағаштары – алма, өрік, қара өрік безендіріп тұр.

Алматыдағы №203 мектепте әдеттегі білім берумен қатар қоршаған ортамен байланысты сыныптан тыс жұмыстарға да көп көңіл бөлінеді. Білім ошағында тіпті өз экоклубы бар, яғни Toyota компаниясы сыйға тартқан ағаштар сенімді әрі қамқор қолда болады.
Toyota Kazakhstan көп жылдан бері табиғатты қастерлеуді, оны келешек ұрпақ үшін сақтауды парыз санап, елдің бірегей табиғи аймақтарын сақтау міндетін брінші орынға қойып жүр. Басты назарда – өңіріміздің табиғи сұлулығын сақтаудың қарапайым, бірақ тиімді жолдары. Яғни, қоқыс тазалау, ағаш отырғызу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау, табиғатпен үндестікте өмір сүретін қоғам мәдениетін қалыптастыру.
Жүргізіліп жатқан науқандар БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бастамаларымен жақсы үйлеседі. Toyota Motor Corporation 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу идеясына тілектестігін білдірген алғашқы жаһандық компаниялардың бірі болды. 1973 жылдан бері корпорация азаматтық жауапкершілігі жоғары компания бола отырып, бүкіл әлемде тақырыптық науқандар өткізіп, экологиялық бағытта белсенді жұмыс істеп келеді.