«Арман көлік 2022» балалар суреті байқауының жеңімпаздары жарияланды

Бар жылдамдықпен

«Арман көлік-2022»: Toyota балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыл сайынғы жалпықазақстандық сурет байқауының жеңімпаздарын анықтады.

Алақай, «Тойота Мотор Казахстан» компаниясының осымен үшінші ауқымды «Арман көлік» балалар суреті байқауы аяқталды! Дәлірек айтсақ, Toyota компаниясы дүние жүзінде 2004 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Dream Car Art» халықаралық байқауының ұлттық кезеңі мәресіне жетті.

Енді ұлттық шығармашылық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз елінің өкілдері ретінде байқаудың дәстүрлі түрде Жапонияда өтетін әлемдік кезеңіне қатысады. Оның қорытындысы 2023 жылдың жаз-күзі айналасында шығарылады. 

Қиял самғауы: қатысу шарттары қандай болды

Өңірлік байқауға Қазақстан мен Қырғызстанның үш түрлі жас санатындағы балалары мен жасөспірімдері қатысуға шақырылды:

✔ кіші топ – 7 жасқа дейін;

✔ орта топ – 8 жастан 11 жасқа дейін

✔ үлкен топ – 12 жастан 15 жасқа дейін қоса.
 

Түрлі-түсті қарындаштармен, бояулармен, фломастерлермен, борлармен, коллаж және жапсырмаға арналған құралдар-саймандармен қаруланған жас дарын иелері қандай да бір супер күшке, ерекше, бірақ пайдалы, әйтеуір адам өмірін жеңілдететін функцияға ие болашақтың көлігін бейнелеуі керек болды.

Балалардың жұмыстары, ал олардың саны 500-ден асты, 2022 жылдың 20 желтоқсаны мен 2023 жылдың 15 ақпаны аралығында қабылданды. Суреттер артынша суретшілер мен бейнелеу өнері мұғалімдерінен құралған қатал, бірақ әділ қазылар алқасына тікелей жол тартты. Биыл суреттердің байқау мақсат-міндеттеріне сәйкестігін, идеясының бірегейлігін, орындалу сапасы Аяулым Нұрбекова, Ирина Крупеня және Александра Калачева бағалады.

Көліктер ұшуды үйреніп жатыр: балалар арман көлікті қандай етіп көреді

Табиғатқа деген сүйіспеншілік, ғылыми фантастиканы білу және қиялдың еш шектеу самғауы – мұның бәрі жас суретшілердің суреттерінде көрініс тапты. Балалардың ойынша, болашақтың көліктері жарқын, сырттай ерекше, жүзетін әрі ұшатын, қоршаған ортаға қамқор және жасанды интеллектімен мақтана алатын болуы тиіс.

Жұмыстардың кейбірі әлі балалық болып көрінгенімен, сол жас дарын иелерінің болашақ өнертапқыштар мен көлік пайдаланушылары болатынын естен шығармаған жөн. Демек, олардың пікірі мен пайымына байыппен қарау керек. Барлық ұлы жаңалықтар ұяң идеядан туатынына кәміл сенетін Toyota командасы дәл осылай істейді.

Оларды ел білуі керек: байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері

7 жастан төмен санат

Мұнда бірінші орын 7 жасар шымкенттік жас суретші Аружан Садыққа бұйырды. Аружан өз жұмысын «Қоқыс жинайтын машина» деп атады. Жер бетіндегі бүкіл қоршаған ортаны қорғаушы белсенділердің жаңа тұжырымдағы көлікке ұзын-сонар кезекке тұрып жатқанын қазір-ақ елестетіп отырмыз.

Байқаудың ең жас қатысушылары арасында екінші орынға «ToyMonster» атты жұмысымен Демид Хомицевич жайғасты. «Бұл көлік қанаттарын ашады, мейлінше жоғары жылдамдыққа ие және суырмалы дөңгелектері бар», - деп түсіндірді өзінің суретін алматылық бес жасар дарын иесі.

Үздік үштікті алматылық Әмір Мұхтар түйіндеді. Демид сияқты Әмір да небәрі 5 жаста, шағын автобус бейнеленген өзінің ерекше суретін байқау атауына сай «Арман көлік» деп атапты.

8-11 жас санаты

Бұл санатта барлық жүлделі орындар шымкенттік жас суретшілерге бұйырды. Қыздар өте қызықты тұжырымдамалар ұсыныпты.

Бірінші орынды 10 жасар Розалина Хайруллаева иеленді. Розалина өз жұмысын «Менің арманым» деп атапты. Қатысушы жүре алатын ғана емес, сонымен қатар ұша алатын көлікті бейнелепті. Мұндай көлік «зірге ғалымдар да, инженерлер де шеше алмай жатқан кептеліс мәселесінің шешімі болып та қалар?

Екінші орын алған 9 жасар Еркеназ Диллаба өзінің патриоттық жұмысын: «Менің болашақтағы машинам» деп түсіндірді. Жолдарының жағдайы қазіргідей күйдегі қалаларымызға мұндай көлік әбден керек екеніне сенімдіміз!

Қазылар алқасы үшінші орынды 11 жасар Даная Денгелбаеваға берді. «Кішкентай көлік су астында жүреді. Ол теңіздегі тіршілік иелерін зерттейді», - деп түсіндірді жас қатысушы. Нағыз сүңгуір қайық пен ғылыми орталық синтезі!

12-15 жас санаты

Бірінші орынды жеңіп алған Степногорск қаласының 13 жасар тұрғыны Полина Подпорина ерекше көлік дизайнын және соған сай «Экологиялық тасбақа» атауын ұсынды. Мұндай көліктің қандай жылдамдыққа жете алатынын нақты білмейміз, бірақ оны жүргізу нағыз рахатқа бөлейтін шығар деп ойлаймыз.

Бұл санатта «Күміс» қазылар алқасының шешімімен Орал қаласының 13 жасар тұрғыны Данияр Тұрлыбаевтың қанжығасында кетті. Жас өнертапқыш суретші графикалық техникадағы фантастикалық жұмысын «Toyota жат әлемге ауысу порталында» деп атапты. Ұлттық байқаудың жүлдегерлерінен – тікелей әлемдік байқаудың жеңімпаздары қатарына. Данияр, мұндай идеялардың болашағы зор!

Ал байқауымыздың ең «ересектер» санатындағы үздік үштікті шымкенттік Малика Досметова түйіндеп тұр. Малика 15 жаста, өз жұмысын қарындашпен орындап, оны «Болашақ машинасы» деп атаған екен. Қатысушымыз болашақ көліктің шанағы жалпы бұрынғыдай қалады, тек жан-жағында қанаттары, ал төбесінде керемет жүзбеқанаты болуы керек деп санайды.

Марапаттар иегерлерін қалай табады: Алматыдағы марапаттау рәсімі

«Тойота Мотор Казахстан» жеңімпаздарды құттықтап, жас қатысушыларға қолдау көрсеткен ата-аналары мен мұғалімдеріне алғысын білдіреді.

Сондай-ақ қазылар алқасының мүшелеріне және бей-жай қарамағандардың бәріне ризашылығын білдіреді: дәл сол жандардың көмегімен «Тойота Мотор Казахстан» бүкіл Қазақстан мен Қырғызстанда және одан тыс көптеген шығармашылық дарыны бар балаларды тауып, бүкіл әлеммен батыл идеяларымен бөлісуге көмектесті.

Ресми марапаттау компанияның Алматыдағы кеңсесінде өтті: байқау лауреаттары атанған балалар ата-аналарымен бірге бағалы сыйлықтарын алып, ойын-сауық бағдарламасына қатысу үшін оңтүстік астанаға шақырылды.

Ал осы жолы жеңіске жете алмаған барлық балаларды Toyota командасы өздеріне сеніп, дарынын шыңдап, келесі жылы байқауға қатысуға шақырады!