Қомақты 20 жыл уақыт ішінде Toyota және Lexus брендтерін жаһандық дамытуға арнаған Томсон мырза маңызды бөлімшелерді, соның ішінде Ұлыбритания, Бельгия, Жапония және Ресей елдеріндегі Toyota кеңсесінің маркетинг, бизнес-жоспарлау және брендті дамыту департаменттерін басқарып келген.
«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясына Джон Томсон мырза «Тойота Мотор Еуропа» компаниясының Lexus коммерциялық операциялар бөлімінің басшысы лауазымынан ауысып келді.
«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС «Тойота Мотор Еуропа» компаниясының еншілес компаниясы болып табылады. Компания 2008 жылы 20 мамырда Алматы қаласында құрылып, 2009 жылғы 1 қаңтарда өз қызметін бастады. Toyota мен Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы бола тұра, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының аумағында осы брендтердің маркетингі мен сатылымына жауапты.