Toyota Қырғызстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне
үш жол талғамайтын Land Cruiser Prado көлігін табыстады
2022 жылдың 15 тамызында «Тойота Мотор Қазақстан» Қырғызстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) автопаркін үш Land Cruiser Prado көлігімен толықтырды. Дәл осылайша үш Land Cruiser 200, Camry және Hiace көліктері 2018 жылы да табысталған еді. Аталмыш көліктер комитеттің Бішкектегі күнделікті қызметі мен іс-шараларын жүзеге асыру үшін пайдаланылады.