Қауіпсіздікке қарай: Toyota бастауыш сынып оқушыларына арналған ЖЖЕ бойынша ашық сабақтар өткізді
Бала – бұл жол қозғалысының ең қорғансыз қатысушысы. Көшеде үйден шыға салысымен бірден күрделі қиындықтар мен қауіп-қатерлер күтіп тұратын кішкентай жаяу жүргіншілерді қозғалысқа дұрыс дайындау – тек ата-аналар мен мектептің ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоғамның міндеті, деп есептейді Toyota компаниясында. Және де балаларды жолдағы дұрыс жүріс-тұрысқа үйретуді ерте жастан бастау маңызды екенін атап көрсетеді.
Нақты осы мақсаттар мен міндеттер міне бірнеше жыл бойы іске асырылып жатқан және Toyota брендінің жаһандық көзқарасының маңызды бөлігі болып табылатын Toyota Kids’ Road Safety бағдарламасының негізінде жатыр.
«Бұл бір реттік науқан емес. Біз ұқсас жобаларды балалардың қауіпсіздігі басымдық маңызға ие болатын әлеуметтік корпоративті жауапкершілік жөніндегі біздің саясатымыздың аясында үнемі іске қосып отырамыз, деп түсінік береді «Тойота Мотор Казахстан» президенті Джон Томсон.