1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Ichiban 2022
Байланысу

«Тойота Центр Актау» Ichiban беделді халықаралық сыйлықақысын жеңіп алды

Жапон тілінен аударғанда Ichiban сөзі «бірінші» немесе «бірінші нөмірлі» дегенді білдіреді - марапаттың аты-ақ өзінің мәнін білдіріп тұр. Жыл сайын «Тойота Мотор Еуропа» клиенттерге айрықша сападағы жақсы қызмет көрсеткені үшін үздік дилерлік орталықтарды марапаттайды. Жеңімпаздардың қатарына кіру оңай емес – көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейі жеткіліксіз, дилерлер клиенттердің үміттерін ақтап, қызмет көрсетудің теңдессіз тәжірибесін ұсынуы қажет.

2022 жылы Ichiban марапатына компанияның 32 елдегі еуропалық бөлімшесі жетекшілік ететін 2500 Toyota-ның 47 дилерлік орталығы ие болды. «Тойота Центр Актау» үшін бұл халықаралық ауқымдағы бірінші марапат.

Салтанатты рәсім G7 саммиттері өтетін неміс Альпілеріндегі Schloss Elmau эксклюзивті қамал-курортында өтті. «Бірінші кезекте Клиент» -деген Toyota философиясының жоғары сапасы, кәсібилігі және адалдығы үшін марапаттауға және дилерлерге алғыс айтуға «Тойота Мотор Еуропа» Президенті Мэтт Харрисон мен компанияның вице-президенті Дидье Гамбарт келді.

«Сіздер үздіктердің үздігісіздер. Сіздер клиенттердің артқан үміттерін артығымен орындап,  оларға ұмытылмас әсер қалдыра отырып, өз бизнестеріңізді өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімдеп, еліте білдіңіздер. Баршаңызды құттықтаймын», - деді «Тойота Мотор Еуропа» президенті Мэтт Харрисон марапаттау рәсімінде.

Бұған дейін Ichiban сыйлығын «Тойота Центр Костанай» бес рет жеңіп алған, сондай-ақ Ichiban сыйлығын «Тойота Сити Астана», «Тойота Центр Жетісу» және «Тойота Центр Алматы» дилерлік орталықтары да жеңіп алған болатын.