2022 жылдың мамыр айында «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС қызметкерлері мен Toyota және Lexus брендтерінің алматылық дилерлері №178 мектеп-лицейінің аумағына 120 ағаш отырғызды. Лицейдің орта сынып оқушылары компания қызметкерлеріне өз мектептерін көгалдандыру бойынша күш-жігер сала қосылды.
Toyota қызметкерлері мен лицей оқушылары бірлесіп 120 жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызды, оның ішінде: туй, катальпа (сән ағаш), скумпия (жалқын) және акация (қараған) бар. Экологиялық клубтың мүшелері болып табылатын және қоршаған ортаны қорғау және жаһандық жылынуға қарсы күрес мәселелеріне белсенді қызығушылық танытатын оқушылардың өздері көшеттерге қамқорлық жасайды.